(Уа, Мұхаммед!) Алла (күнәға белшесінен батқан) залымдардың не істеп, не қойып жүргенінен бейхабар деп ойлама. Ол бар болғаны, олардың ісін көздерді шарасынан шығаратын ғаламат күнге қалдыруда. 📖 (Ибраһим сүресі: 42) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramPosts of Mihrab.kz
Уа, Раббым! Мені һәм ұрпағымның арасынан (қаныпезер еместерді) намазды кемеліне жеткізіп, үзбей оқитын құлдарың ете көр! Уа, Раббымыз! Дұға-тілегімді қабыл ете көр! 📖 (Ибраһим сүресі: 40) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in Telegram(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер (Раббыларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер. Үнемі жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыясыңдар, Аллаға кәміл сенесіңдер. 📖 (Әлу ʿИмран сүресі: 110) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramПайғамбарымыз ﷺ айтқан: Ислам бес негізге құралған: Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед - Оның елшісі екеніне куәлік қылу, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан айында ораза ұстау. 📖 (Сахих әл-Бұхари; сахих Мүслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramПайғамбарымыз ﷺ айтқан: Менің үмбетімнен бір топ болады. Олар әрдайым ақиқатпен жүреді. Оларды жәрдемсіз қалдырса да, олар өз ұстанымдарынан қайтпайды. 📖 (Сахих Мүслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramПайғамбарымыз ﷺ айтқан: Кім жақсылыққа нұсқаса, оған сол жақсылықты жасаған адамның сауабындай сауап беріледі. 📖 (Сахих Мүслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramАлла Елшісі ﷺ былай дейді: Анаңа қызмет ет. Расында, Жұмақ оның табанының астында. 📖 (Хаким әл-Мустадрак, Муснад Ахмад) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramАлла Елшісі ﷺ былай деп айтқан: Мұсылман - мұсылманның бауыры: оған зиян келтірмейді, оны қиындықта қалдырмайды. 📖 (Бұхари мен Мүслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramАлла Елшісі ﷺ былай деп айтқан: Мүміндер өзара татулық пен махаббат, сүйіспеншілік пен түсіністікте құдды бір дене секілді. Егер дененің бір бөлігі ауырса, қалған бөлігі ұйқысыздық пен қызу көтеріліп мазасы кетеді. 📖 (Бұхари мен Мүслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramАлла Елшісі ﷺ былай деп айтқан: Мүмін - мүміннің айнасы. Мүмін - мүміннің бауыры. 📖 (сунан Әбу Дауд) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramИбраһим ибн Әдһәм бір науқастың жағдайын сұрап барады. Қал-жағдайының қалай екендігін сұраған кезде әлгі науқас аяқтарына қарап, еңкілдеп жылай бастайды. Не үшін жылап жатқандығын сұрағанда, төсекке таңылып ешқандай ізгі амал жасай алмағандығына кейіп: «Мына екі аяқ Алла жолында шаң болмай жатыр» - деген екен. 📚Ләфтәт әл-Кәбид
Open in TelegramШумайт ибн Ажлан: «Мүмін өзіне былай дегені жөн: «Өмір мына үш күннен ғана тұрады: кешегі күн; ол өтіп кетті, ертеңгі күн; бар болғаны бос арман, себебі ертеңгі күнге жете алмауың мүмкін. Егер ертеңгі күнді көре алсаңыз, ертеңгі күн онсыз да өз рызығымен келеді. Бірақ ертеңнің алдында «бүгін» деген (жүйеленіп, жоспарлануы тиіс) бір күн және бір түн бар. Көп адам ертеңін көре алмай осы екеуінің ішінде ажал құшты. Ендеше мұқият бол. Бәлкім сенің де тағдырың сол. Сондықтан өмір сүріп жатқан күн жайында ойлансаң, көп нәрсені түсіну үшін сол да жеткілікті» 📚Китаб әз-Зуһд
Open in TelegramАлла Елшісі ﷺ былай дейді: Сендердің ешбірің өзіне қалаған нәрсесін бауырына да қаламайынша толық иман еткен боп саналмайсыңдар. 📖 (имам әл-Бұхари; имам Муслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in Telegram«Алла Елшісі ﷺ былай дейді: Кімде-кім Рамазан айының оразасын ұстап, артынша алты күні Шәууәл айының оразасын ұстаса, оған бір жыл ораза ұстағанның сауабы беріледі. 📖 (имам Муслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramТүйгенім… “Көңілі құлазығандарды, өкінішке қарай, қағазбен жұбататын заман болды-ау, дүние-ай…” Алланың құзырындағы абыройымыз үстем болсын! 🖊️ұстаз Жанболат Сапашов @Mihrab_Kz
Open in Telegram«Алла Елшісі ﷺ Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз ﷺ: «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «Жаһилия дәуiрiнде ол күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк», – дедi. Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы Құрбан және Ораза айт күндерiмен алмастырды», – дедi 📖 (имам Нәсәи) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramТүйгенім… Адам баласы ақылын дұрыс қолданбаса, иман - жорамалға, дін - сезімге, ал ақиқат - жай пікірге айналады. 🖊️ұстаз Жанболат Сапашов @Mihrab_Kz
Open in TelegramАйша анамыз былай дейді: «Рамазан айының соңғы он күндігі кіргенде Алла елшісі ﷺ белін бекем буып, түндерін құлшылықпен өткізетін және жанұясын да оятатын» 📖 (Бұхари; Муслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz
Open in TelegramТүйгенім... "Ренішті кейде шын сөз емес, сыйлық қана жұмсартады екен." Алла үнемі сыйласып жүруді жазсын! 🖊️ұстаз Жанболат Сапашов @Mihrab_Kz
Open in Telegram