Ассалаумалейкум қалайсыздар? 1-аптаға жуық ауырып жатырмын, яғни ауруханадамын. Денсаулығым жақсарып жатса арнама көңіл бөлемін, қазір ештеңеге зауқым жоқ. Ауырмаңыздар❤ дұға да болыңыздар✨
Open in TelegramPosts of Иманды жан 🤍
Саған бүгін гүл сыйлайын алқызыл, Тағдырымда жолықтырған жалғызым. Саған теңеп әуре болып қайтемін, Жан көрмеген жұмақтағы хор қызын. Ана сүті ауызынан кеппеген Сәбимен де ұқсастығың көптеген. Қандай теңеу таба алармын ендігі, Оны айтуға менің тілім жетпеген. Сен мен үшін мәңгі бітпес ғазалсың, Қызығы ешбір тарқамайтын базарсың. Күліп жүрсең аспаны ашық өмірсің, Жылап жүрсең мезгілі жоқ ажалсың. ©️Хамит Есаман
Open in Telegram“…Алла қалауымызды бермейді емес, біз оған дайын емеспіз…!” ©️Құрманғазы Тұрмаханұлы
Open in TelegramБәрі өзіне лайық адам іздейді, бірақ ешкім өзі сондай адам болуға тырыспайды. Эйнштейн
Open in TelegramКейде біраз уақытқа бәрінен алыстау керек. Өзіңе көңіл бөліп, бұрынғы қалпыңнан арылу үшін. Жаңа кезең - жаңа өмір. Эйнштейн
Open in TelegramКүн тәртібінде таң намазы болмаған адамның күнінде хайр жоқ. Ал, мүлдем намазы болмаған адамның өмірінде хайр жоқ!
Open in TelegramПайғамбарымыз (ﷺ) да мазасыз күйге түскен сәттерінде асыл жарының жанына барып тыныштық табатын.
Open in TelegramӨмірдің заңы қарапайым: Жаны жаралы адамдар өзгелердің де жанын жаралайды. Сұлу адамдар өзгелерге жылы сөз айтады. Спортшылар өзгелерді жігерлендіреді. Бай адамдар өзгелерге қолдау көрсетеді. Ал, "қолынан ештеңе келмейтіндер" өзгелерді сынап, мазасын алады. ©️Эйнштейн
Open in Telegram“Зинақор адам - кедейлікке душар болмайынша, дүниеден өтпейді”. ©️ Ибн Мунаббих (رحمه الله)
Open in TelegramСемейден келген кезде ұлы Абайда, Алдымен анасына сәлем берген! Әйелдерден пайғамбар шықпағанымен, Пайғамбарлар туылған әйелдерден...
Open in Telegram"Мен сені сол кезде де сүйдім, қазір де сүйемін, ақіретке дейін де сенен басқа ешкімді қаламаймын" - дей алсаң міне, сол нағыз махаббат.
Open in TelegramКей қыздар махаббаттың басты шарты сұлулық деп түсінеді. Неғұрлым жігіттерге сұлу боп көрінсем, соғұрлым махаббатта жолым болады деп есептейді. Сондықтан бетін бояп, қасын түзеп, кірпігін "ұзартып", ернін қызартып, әлек болады. Көп қыздардың ішін сұлуламай, тек сыртын сұлулауға тырысуы өкінішті... Қызға ажары үшін ғана емес, адамгершілігі үшін ғашық болмай ма? Ғашық адам сүйгенінің бойынан өзге де асыл қасиеттер іздейді... ...Ойға емес, опаға, бойға емес бояуға қызыққан жігіттен не қадір шығар дейсің... ©️Әзілхан Нұршайықов 📚"Махаббат, қызық мол жылдар"
Open in TelegramОйлағанындай күйеу кез келе берсе, әйел заты түгел бақытты болар еді. Жақсы адамға жақсы адам жолыға да бермейді. Тағдыр билейді, сәттілік біледі дейтініміз, бәлкім, содан. Қыз бала өз ұнатқан адамының қандай екенін, қаншама жанын сап зерттесе де, ешқашан алақанындағыдай анық-қанық біле алмайды. Қыз қанша қу болғанмен, жігіт те сырын оп-оңай алдырмайды. Қыз көңілін қарату үшін қай жігіт қулық жасамайды, қайтіп бар талантын жұмсамайды?! Бірақ еркектің бойындағы адалдық пен жақсылықты әйел өз бойындағы адалдық пен жақсылықтың мөлшеріне байланысты таниды. Ол мөлшерді анықтай алатын жалғыз таразы – жүрек. Таразың жаңылса, тағдырыңды қара түнек қаптайды да кетеді. Сондықтан сол таразымыз түзу тартуы үшін оқимыз, үйренеміз, талпынамыз. Таразымыздың түзулігі жолында бүкіл тіршілігіміз құрбан. ©️Бексұлтан Нұржекеев 📚Ерлі-зайыптылар
Open in TelegramМахаббатсыз неке – неке емес, тек махаббат қана некені қадір-қасиетке бөлейді, сүйіп қосылған неке ғана нағыз неке болатынын түсінбейді бұлар. ©️Лев Толстой 📚Крейцер сонатасы
Open in Telegram