Тарихта мәңгі қалатын күн! 😍 🔙 Осыдан тура жеті жыл бұрын, 2019 жылдың 28 қарашасында Еуропа лигасы аясында «Астана Аренада» ағылшындық алып клуб – «Манчестер Юнайтедті» қабылдадық. Бұл кездесу бүкіл ел үшін нағыз футбол мерекесіне айналды. Қарсыласпен тартысты өткен ойында 2:1 есебімен жеңіске жеттік.
Open in TelegramPosts of «Астана» ФК | FC Astana
🇰🇿 «Астаналықтар» ұлттық құрама сапында! Қазақстан құрамасы алдағы Ұлттар лигасы аясындағы ойындарға дайындықты жалғастыруда. Айта кетейік, «Астана» ойыншысы Рамазан Каримов жарақатына байланысты ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатыса алмады.
Open in TelegramForwarded from Qsport Qazaqstan
🇰🇿 «Маусым бойы қандай қиын жағдайда болғанымызды ескерсек, бәріміз бірге мүмкін емес дерлік нәтижеге қол жеткіздік. Орасан зор жұмыс атқарылды және бұл жетістікке әркім өз үлесін қосты». Григорий Бабаян «Астана» үшін қиын өткен маусымды қорытындылады. 🎤 Елордалық клубтың бас бапкері Qfootball.kz порталына көлемді сұхбат беріп, 2026 жылғы маусымдағы қиындықтар, команданың қола жүлдеге жету жолы және клубтың қазіргі жағдайы туралы ашық айтты. Сұхбаттың толық нұсқасын Qfootball.kz сайтынан оқыңыздар! ⚡ 🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
Open in Telegram🇰🇿 «Астананың» төрт ойыншысы Қазақстан ұлттық құрамаларына шақырту алды! Қазақстанның U-21, U-19 және U-17 құрамаларының алдағы халықаралық ойындарына қатысатын футболшылар тізіміне «Астананың» төрт тәрбиеленушісі енді: 🔹 U-21: Арсен Ахметов, Мақсат Абраев 🔹 U-19: Әлихан Жексенбек 🔹 U-17: Ануар Төленді Қазақстан U-21 құрамасы Шымкент қаласында Беларуське қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді. Ал U-19 құрамасы Шотландияда өтетін Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің екінші раундында бақ сынайды. Қазақстандық футболшылар Шотландия, Бельгия және Косово құрамаларымен кездеседі. Өз кезегінде, Қазақстан U-17 құрамасы Грузияның Кутаиси қаласында өтетін Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің бірінші раундына қатысады. Жерлестеріміз Австрия және Грузия құрамаларымен күш сынасады. Жігіттерге ұлттық құрама сапында сәттілік тілейміз! Ел намысын абыроймен қорғаңдар! 💪🏻
Open in TelegramҚиындыққа бірге төтеп беріп, маусымды абыроймен аяқтадық. Бізге сенім артқан барша жанға алғысымыз шексіз! Қиындықтар бізді сындырмайды, керісінше шыңдай түседі. Келесі маусымда жүздескенше! ❤️
Open in TelegramОт всей души поздравляю всю большую семью футбольного клуба «Астана» с бронзовыми медалями чемпионата Казахстана! Есть чемпионства, которые запоминаются результатом. А есть медали, которые навсегда остаются в памяти благодаря тому, какой ценой они были завоёваны. И для нас эта бронза ценнее чемпионства! Этот сезон стал настоящим испытанием для всего клуба, но, несмотря на все трудности, команда сохранила характер, единство и волю к победе. Искренне благодарю футболистов, тренеров, сотрудников клуба, наших преданных болельщиков и каждого, кто поддерживал «Астану», верил в неё и оставался рядом в самые непростые моменты. Эта бронза - больше, чем просто третье место. Это символ стойкости, преданности и несгибаемого характера. Медаль, которая по своей ценности для нас на вес золота! Впереди у «Астаны» ещё много больших побед! Алға, Астана! Саян Хамитжанов
Open in Telegram