КАЗАХСТАНСКАЯ СТОМАТОЛОГИЯ ПРИВЛЕКАЕТ ИНОСТРАНЦЕВ: КАЧЕСТВО МИРОВОГО УРОВНЯ ПО ДОСТУПНЫМ ЦЕНАМ Казахстан становится привлекательным направлением медицинского туризма. Иностранные пациенты всё чаще приезжают в нашу страну, чтобы получить качественные стоматологические услуги, в том числе установить зубные импланты, стоимость которых за рубежом может достигать нескольких тысяч долларов или евро. При этом развитие медицинского туризма открывает новые экономические возможности для отечественной медицины и специалистов. Об этом сообщил первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев, отвечая на вопросы журналистов на брифинге в рамках заседания Курултая. По его словам, одно из главных преимуществ Казахстана — сочетание качества медицинских услуг и их доступной стоимости. По данным Ассоциации стоматологов Казахстана, интерес иностранных граждан к отечественной стоматологии продолжает расти. «В некоторых странах установка одного импланта обходится в несколько тысяч долларов или евро. В Казахстане аналогичные услуги стоят значительно дешевле, при этом по качеству стоматологической помощи мы не уступаем зарубежным специалистам», - отметил Тимур Султангазиев. Развитие медицинского туризма позволит расширить возможности отечественных клиник, увеличить загрузку специалистов и создать дополнительные источники дохода для врачей и среднего медицинского персонала. Это также будет способствовать развитию частной медицины и укреплению экономики страны. При этом принципиально важно, чтобы развитие медицинского туризма не ограничивало доступ казахстанцев к медицинской помощи. В этой связи на законодательном уровне планируется закрепить понятие «медицинский туризм» и урегулировать порядок обслуживания и сопровождения иностранных граждан, приезжающих в Казахстан на лечение. Новые подходы позволят расширить возможности медицинских организаций, привлечь дополнительные инвестиции и укрепить позиции Казахстана на международном рынке медицинских услуг. Развитие медицинского туризма - это не только возможность привлечь иностранных пациентов, но и дополнительный импульс для отечественной медицины, создания рабочих возможностей для специалистов и развития экономики страны. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramPosts of ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ТАРТУДА: ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАМЕН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ САПА Қазақстан медициналық туризмнің тартымды бағыттарының біріне айналып келеді. Шетелдік пациенттер сапалы стоматологиялық қызмет алу, соның ішінде тіс импланттарын орнату үшін елімізге жиі келуде. Шетелде мұндай қызметтердің құны бірнеше мың доллар немесе еуроға дейін жетуі мүмкін. Медициналық туризмнің дамуы отандық медицина мен мамандар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев Құрылтай отырысы шеңберінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанның басты артықшылықтарының бірі – медициналық қызмет сапасы мен оның қолжетімді бағасының үйлесуі. Қазақстан стоматологтары қауымдастығының мәліметінше, шетел азаматтарының отандық стоматологияға деген қызығушылығы артып келеді. «Кейбір елдерде бір имплант орнату бірнеше мың доллар немесе еуро тұрады. Қазақстанда дәл осындай қызметтер әлдеқайда арзан, сонымен қатар стоматологиялық көмектің сапасы жағынан шетелдік мамандардан кем түспейміз», – деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев. Медициналық туризмді дамыту отандық клиникалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, мамандардың жұмыс жүктемесін арттыруға, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері үшін қосымша табыс көздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл жеке медицинаның дамуына және ел экономикасының нығаюына ықпал етеді. Сонымен бірге медициналық туризмді дамыту қазақстандықтардың медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігін шектемеуі аса маңызды. Осыған байланысты заңнамалық деңгейде «медициналық туризм» ұғымын бекітіп, Қазақстанға емделу мақсатында келетін шетел азаматтарына қызмет көрсету және оларды медициналық сүйемелдеу тәртібін реттеу жоспарланып отыр. Жаңа тәсілдер медициналық ұйымдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, қосымша инвестициялар тартуға және Қазақстанның халықаралық медициналық қызметтер нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Медициналық туризмді дамыту – шетелдік пациенттерді тарту ғана емес, отандық медицинаның дамуына серпін беру, мамандар үшін жаңа жұмыс мүмкіндіктерін қалыптастыру және ел экономикасын өркендетудің де маңызды тетігі. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramЭпидемиологическая ситуация по ОРВИ и гриппу в Казахстане остаётся стабильной Система здравоохранения Казахстана готова к сезонному росту заболеваемости ОРВИ и гриппом. Эпидемиологическая ситуация в школах не требует введения ограничительных мер. Об этом сообщила главный государственный санитарный врач Республики Казахстана Сархат Бейсенова на брифинге в Службе центральных коммуникаций. С начала сентября в стране зарегистрировано порядка 1,5 миллиона случаев ОРВИ. За последнюю неделю — свыше 133 тысяч случаев, что в 2,7 раза меньше, чем за аналогичный период прошлого года. Более двух миллионов казахстанцев привились от гриппа Для профилактики гриппа в текущем сезоне закуплено 2,2 миллиона доз вакцины, состав которой учитывает рекомендации Всемирной организации здравоохранения. На сегодняшний день вакцинировано более двух миллионов казахстанцев. Прививочная кампания продолжается до 1 декабря. Особое внимание уделяется защите наиболее уязвимых категорий населения — детей, беременных женщин, пожилых людей и граждан с хроническими заболеваниями. На сегодняшний день в школах страны не зарегистрировано классов, в которых уровень заболеваемости ОРВИ превышает 20% от численности учащихся. Оснований для перехода на дистанционное обучение или введения бескабинетной системы нет. В школах и детских садах проводится ежедневный мониторинг посещаемости и утренний фильтр. Сархат Бейсенова призвала родителей при появлении у детей симптомов заболевания оставлять их дома, чтобы снизить риск осложнений и предотвратить распространение инфекции в детских коллективах. Больницы готовы к сезонному росту заболеваемости Во всех регионах страны разработаны планы дополнительного развёртывания инфекционных коек. При достижении 85% загрузки коечного фонда предусмотрено оперативное увеличение количества мест для госпитализации пациентов. Ежедневный мониторинг позволяет своевременно оценивать нагрузку на медицинские организации и обеспечивать необходимый резерв коек. Ситуация по коронавирусу остаётся стабильной. С начала года в Казахстане зарегистрирован 381 случай коронавирусной инфекции, что в 2,6 раза меньше, чем за аналогичный период прошлого года. Летальных случаев не зарегистрировано. Продолжается лабораторный мониторинг циркулирующих вариантов коронавируса. Для снижения риска распространения сезонных инфекций специалисты рекомендуют регулярно проветривать помещения, соблюдать гигиену рук, воздерживаться от посещения общественных мест при наличии симптомов заболевания и своевременно обращаться за медицинской помощью. Министерство здравоохранения продолжает контролировать эпидемиологическую ситуацию во всех регионах страны. Приоритетными задачами остаются профилактика сезонных инфекций, защита здоровья населения и обеспечение доступности медицинской помощи на протяжении всего эпидемического сезона. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 2 h | 178 |
| 3 h | 236 |
| 7 h | 309 |
- After 1 hour178
- After 6 hours309
- Total to date309
Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау боынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі ЖРВИ мен тұмау ауруларының маусымдық өсуіне дайын. Мектептердегі эпидемиологиялық жағдай шектеу шараларын енгізуді қажет етпейді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Қыркүйек айының басынан бері елде ЖРВИ-дің шамамен 1,5 миллион жағдайы тіркелді. Соңғы аптада 133 мыңнан астам жағдай анықталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе аз. Екі миллионнан астам қазақстандық тұмауға қарсы екпе алды Тұмаудың алдын алу мақсатында биылғы эпидемиологиялық маусымға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары ескерілген 2,2 миллион доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі таңда екі миллионнан астам қазақстандық вакцина алған. Вакцинациялау науқаны 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Халықтың ең осал топтарын – балаларды, жүкті әйелдерді, егде жастағы адамдарды және созылмалы аурулары бар азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта еліміздің мектептерінде оқушылар санының 20%-дан астамы ЖРВИ-мен ауыратын сыныптар тіркелмеген. Оқытуды қашықтан оқыту форматына ауыстыруға немесе кабинетсіз оқыту жүйесін енгізуге негіз жоқ. Мектептер мен балабақшаларда балалардың сабаққа қатысуына күнделікті мониторинг жүргізіліп, таңертеңгі сүзгі ұйымдастырылған. Сархат Бейсенова ата-аналарды балаларында ауру белгілері байқалған жағдайда оларды үйде қалдыруға шақырды. Бұл асқыну қаупін азайтып, инфекцияның балалар ұжымдарында таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Ауруханалар сырқаттанушылықтың маусымдық өсуіне дайын Еліміздің барлық өңірінде инфекциялық төсек-орын қорын қосымша ашу жоспарлары әзірленген. Төсек қорының жүктемесі 85%-ға жеткен жағдайда пациенттерді емдеуге жатқызуға арналған орындар саны жедел арттырылады. Күнделікті мониторинг медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені уақтылы бағалауға және қажетті төсек резервін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Коронавирус бойынша жағдай тұрақты Жыл басынан бері Қазақстанда коронавирус инфекциясының 381 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе аз. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. Коронавирустың айналымдағы нұсқаларына зертханалық мониторинг жүргізу жалғасуда. Маусымдық инфекциялардың таралу қаупін азайту үшін мамандар үй-жайларды үнемі желдетуге, қол гигиенасын сақтауға, ауру белгілері болған жағдайда қоғамдық орындарға бармауға және медициналық көмекке уақтылы жүгінуге кеңес береді. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық өңіріндегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауды жалғастыруда. Маусымдық инфекциялардың алдын алу, халықтың денсаулығын қорғау және эпидемиологиялық маусым бойы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету басым міндеттер болып қала береді. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 2 h | 160 |
| 3 h | 217 |
| 7 h | 280 |
- After 1 hour160
- After 6 hours280
- Total to date280
МИНЗДРАВ ПРЕДЛАГАЕТ УСИЛИТЬ КОНТРОЛЬ КАЧЕСТВА И БЕЗОПАСНОСТИ МЕДИЦИНСКИХ ИЗДЕЛИЙ В КАЗАХСТАНЕ В Казахстане планируют усовершенствовать систему контроля качества и безопасности медицинских изделий - от обычных бинтов и шприцев до сложного медицинского оборудования. Для лекарственных препаратов и медицинских изделий предлагается установить отдельные правила экспертизы с учётом особенностей их производства и применения. Соответствующие поправки предусмотрены законопроектом по вопросам здравоохранения, представленным сегодня на рассмотрение депутатов Курултая. Сегодня лекарственные препараты и медицинские изделия проходят экспертизу по единым правилам, несмотря на то, что относятся к разным категориям медицинской продукции. Предлагаемые изменения позволят учитывать особенности каждого вида продукции при оценке её качества, эффективности и безопасности. «Когда речь идёт о медицинских изделиях, главным критерием должна оставаться безопасность пациента. Независимо от того, где произведено изделие, оно должно соответствовать установленным требованиям качества и безопасности. Наша задача - совершенствовать контроль на всех этапах обращения такой продукции», - отметил первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев. Предлагаемые изменения учитывают международную практику и требования Евразийского экономического союза. Новые нормы направлены на повышение безопасности медицинской помощи для населения и создание прозрачных условий для производителей и поставщиков медицинских изделий. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 88 |
| 2 h | 206 |
| 7 h | 366 |
- After 1 hour88
- After 6 hours366
- Total to date366
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНАДЫ Қазақстанда медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл қарапайым бинттер мен шприцтерден бастап, күрделі медициналық жабдықтарға дейінгі өнімдерді қамтиды. Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың өндірісі мен қолданылу ерекшеліктерін ескере отырып, сараптама жүргізудің жеке тәртібін енгізу ұсынылады. Тиісті түзетулер денсаулық сақтау мәселелері бойынша бүгін Құрылтай депутаттарының қарауына ұсынылған заң жобасында көзделген. Қазіргі уақытта дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар медициналық өнімдердің әртүрлі санатына жататынына қарамастан, бірыңғай қағидалар бойынша сараптамадан өтеді. Ұсынылып отырған өзгерістер әрбір өнім түрінің ерекшеліктерін ескере отырып, оның сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік береді. «Медициналық бұйымдарға қатысты басты өлшем пациенттің қауіпсіздігі болуы тиіс. Өнімнің қай жерде өндірілгеніне қарамастан, ол белгіленген сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі қажет. Біздің міндетіміз – мұндай өнімдердің айналымының барлық кезеңінде бақылау жүйесін жетілдіру», – деп атап өтті Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев. Ұсынылып отырған өзгерістер халықаралық тәжірибе мен Еуразиялық экономикалық одақ талаптарын ескереді. Жаңа нормалар халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ медициналық бұйымдарды өндірушілер мен жеткізушілер үшін ашық әрі айқын жағдай қалыптастыруға бағытталған. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 77 |
| 2 h | 176 |
| 7 h | 306 |
- After 1 hour77
- After 6 hours306
- Total to date306
МИНЗДРАВ НАМЕРЕН УСКОРИТЬ ВНЕДРЕНИЕ ПЕРЕДОВЫХ МЕТОДОВ ЛЕЧЕНИЯ КАЗАХСТАНСКИХ УЧЕНЫХ В Казахстане планируют создать единый реестр медицинских исследований, чтобы разработки отечественных учёных быстрее находили применение в больницах и поликлиниках. Это позволит расширить возможности диагностики и лечения заболеваний с использованием современных медицинских технологий. Соответствующие поправки предусмотрены законопроектом по вопросам здравоохранения, представленным на рассмотрение депутатов Курултая. «Главная ценность медицинской науки состоит не в количестве проведённых исследований, а их реальной пользе для пациентов. Важно, чтобы эффективные разработки наших учёных находили практическое применение в больницах, помогали врачам точнее ставить диагнозы и повышали качество лечения», – подчеркнул первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев. В едином реестре будут собираться сведения о научных проектах казахстанских учёных и результатах их исследований. Это позволит Министерству здравоохранения определять наиболее перспективные разработки и содействовать их внедрению в медицинскую практику. Также законопроект предусматривает укрепление взаимодействия между учёными и практикующими врачами, сокращение административных барьеров при проведении исследований и создание условий для привлечения инвестиций в медицинскую науку. Особое внимание будет уделяться внедрению методов диагностики и лечения, эффективность и безопасность которых подтверждены научными исследованиями. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 68 |
| 2 h | 121 |
| 7 h | 187 |
- After 1 hour68
- After 6 hours187
- Total to date187
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОЗЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДІ ЖЕДЕЛДЕТУГЕ НИЕТТІ Қазақстанда отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін ауруханалар мен емханаларда тәжірибеге жылдам енгізу мақсатында медициналық зерттеулердің бірыңғай тізілімін құру жоспарлануда. Бұл заманауи медициналық технологияларды қолдану арқылы ауруларды диагностикалау және емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Тиісті түзетулер Құрылтай депутаттарының қарауына ұсынылған денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасында көзделген. «Медицина ғылымының басты құндылығы жүргізілген зерттеулердің санында емес, олардың пациенттер үшін нақты пайдасында. Ғалымдарымыздың тиімді әзірлемелері ауруханаларда тәжірибеде қолданылып, дәрігерлерге диагнозды дәлірек қоюға және емдеу сапасын арттыруға көмектесуі маңызды», – деп атап өтті Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев. Бірыңғай тізілімде қазақстандық ғалымдардың ғылыми жобалары мен зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер жинақталады. Бұл Денсаулық сақтау министрлігіне перспективалық әзірлемелерді анықтап, оларды медициналық практикаға енгізуге қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар заң жобасында ғалымдар мен практик дәрігерлердің арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, зерттеулер жүргізу кезіндегі әкімшілік кедергілерді азайту және медицина ғылымына инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау көзделген. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген диагностика және емдеу әдістерін тәжірибеге енгізуге ерекше назар аударылады. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 67 |
| 2 h | 123 |
| 7 h | 183 |
- After 1 hour67
- After 6 hours183
- Total to date183
В КАЗАХСТАНЕ ВПЕРВЫЕ ОПРЕДЕЛЯТ ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ УЧАСТНИКОВ МЕДИЦИНСКОГО ТУРИЗМА В Казахстане планируют создать условия для привлечения иностранных пациентов в отечественные клиники. Развитие медицинского туризма позволит привлечь дополнительные инвестиции в здравоохранение, повысить качество медицинских услуг и укрепить конкурентоспособность казахстанских клиник. При этом доступность медицинской помощи для граждан страны останется приоритетом. Соответствующие поправки предусмотрены законопроектом по вопросам здравоохранения, представленным на рассмотрение депутатов Курултая. Законопроектом впервые предлагается закрепить понятия «медицинский туризм» и «медицинский турист». Участниками этого направления смогут стать клиники, санатории, научные центры, туристические и страховые компании. Медицинские организации смогут создавать специальные службы сопровождения иностранных пациентов, а местные исполнительные органы будут наделены полномочиями по созданию условий для развития медицинского туризма. Также предлагается закрепить ответственность за организацию медицинских поездок, чтобы пациенты получали предусмотренные договором услуги. «Сегодня в Казахстане есть медицинские центры, специалисты и технологии, позволяющие оказывать высокотехнологичную помощь на современном уровне. Наша задача - развивать этот потенциал, укреплять доверие к отечественной медицине и создавать дополнительные возможности для её роста. При этом доступность медицинской помощи для казахстанцев остаётся безусловным приоритетом», - отметил первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев. Ожидается, что привлечение иностранных пациентов станет дополнительным стимулом для модернизации клиник, внедрения современных технологий, повышения квалификации врачей и качества медицинских услуг для населения Казахстана. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 122 |
| 2 h | 158 |
| 8 h | 208 |
- After 1 hour122
- After 6 hours208
- Total to date208
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ АЛҒАШ РЕТ АЙҚЫНДАЛАДЫ Қазақстанда шетелдік пациенттерді отандық клиникаларға тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жоспарлануда. Медициналық туризмді дамыту денсаулық сақтау саласына қосымша инвестиция тартуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және қазақстандық клиникалардың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ел азаматтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі басымдық болып қала береді. Тиісті түзетулер Құрылтай депутаттарының қарауына ұсынылған денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасында көзделген. Заң жобасында алғаш рет «медициналық туризм» және «медициналық турист» ұғымдарын заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылады. Бұл бағытқа клиникалар, санаторийлер, ғылыми орталықтар, туристік және сақтандыру компаниялары қатыса алады. Медициналық ұйымдар шетелдік пациенттерге қызмет көрсету және оларды сүйемелдеу жөніндегі арнайы бөлімшелер құра алады. Ал жергілікті атқарушы органдарға медициналық туризмді дамытуға жағдай жасау өкілеттігі беріледі. Сонымен қатар медициналық сапарларды ұйымдастыруға жауапкершілікті бекіту ұсынылып отыр. Бұл пациенттердің келісімшартта көзделген қызметтерді толық алуын қамтамасыз етуге бағытталған. «Бүгінде Қазақстанда заманауи деңгейде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін медициналық орталықтар, білікті мамандар мен технологиялар бар. Біздің міндетіміз – осы әлеуетті дамыту, отандық медицинаға деген сенімді нығайту және оның өсуіне қосымша мүмкіндіктер жасау. Бұл ретте қазақстандықтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігі сөзсіз басымдық болып қала береді», – деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев. Шетелдік пациенттерді тарту клиникаларды жаңғыртуға, заманауи технологияларды енгізуге, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға және Қазақстан халқы үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға қосымша серпін береді деп күтілуде. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 113 |
| 2 h | 155 |
| 6 h | 197 |
- After 1 hour113
- After 6 hours197
- Total to date197
В КАЗАХСТАНЕ РАСШИРЯЮТСЯ ВОЗМОЖНОСТИ ЛЕЧЕНИЯ ДЛЯ ПАЦИЕНТОВ С ТЯЖЁЛЫМИ ЗАБОЛЕВАНИЯМИ КРОВИ В Казахстане предлагают расширить возможности трансплантации кроветворных стволовых клеток для пациентов с тяжёлыми заболеваниями крови, в том числе лейкозом. В исключительных случаях донорами смогут стать несовершеннолетние братья и сёстры пациентов, если они подходят по медицинским показаниям. Соответствующая поправка предусмотрена законопроектом по вопросам здравоохранения, представленным на рассмотрение депутатов Курултая. Трансплантация кроветворных стволовых клеток является одним из современных методов лечения тяжёлых заболеваний крови. При этом наиболее подходящими донорами нередко оказываются родные братья и сёстры пациента, которые ещё не достигли совершеннолетия. Предлагаемые изменения позволят расширить возможности лечения таких пациентов при строгом соблюдении медицинских требований и гарантий защиты здоровья несовершеннолетнего донора. Обязательным условием станет письменное нотариально удостоверенное согласие обоих законных представителей ребёнка, а при наличии только одного законного представителя - его согласие. При этом согласие может быть отозвано до начала медицинского вмешательства. «Трансплантация - одно из наиболее сложных и ответственных направлений современной медицины. Наша задача - создавать условия для безопасного применения современных методов лечения», - отметил первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев. Важно подчеркнуть, что предлагаемая норма касается исключительно донорства кроветворных стволовых клеток и не распространяется на донорство органов несовершеннолетних. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 97 |
| 2 h | 136 |
| 6 h | 174 |
- After 1 hour97
- After 6 hours174
- Total to date174
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАН АУРУЛАРЫНА ШАЛДЫҚҚАН ПАЦИЕНТТЕРДІ ЕМДЕУ МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙТІЛЕДІ Қазақстанда лейкозды қоса алғанда, қанның ауыр ауруларына шалдыққан пациенттер үшін қан түзуші дің жасушаларын трансплантаттау мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылып отыр. Ерекше жағдайларда медициналық көрсетілімдерге сәйкес келетін пациенттердің кәмелетке толмаған бауырлары мен әпке-сіңлілері донор бола алады. Тиісті түзету Құрылтай депутаттарының қарауына ұсынылған денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасында көзделген. Қан түзуші дің жасушаларын трансплантаттау – қанның ауыр ауруларын емдеудің заманауи әдістерінің бірі. Бұл ретте пациентке ең қолайлы донорлар көбіне кәмелетке толмаған туған бауырлары мен әпке-сіңлілері болуы мүмкін. Ұсынылып отырған өзгерістер медициналық талаптарды қатаң сақтай отырып, кәмелетке толмаған донордың денсаулығын қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету арқылы осындай пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Міндетті шарт ретінде баланың екі заңды өкілінің жазбаша, нотариалды куәландырылған келісімі талап етіледі. Егер баланың бір ғана заңды өкілі болса, оның келісімі жеткілікті. Сонымен қатар медициналық араласу басталғанға дейін келісімді қайтарып алуға болады. «Трансплантаттау – қазіргі медицинаның ең күрделі әрі жауапты бағыттарының бірі. Біздің міндетіміз – заманауи емдеу әдістерін қауіпсіз қолдануға қажетті жағдайлар жасау», – деп атап өтті Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев. Ұсынылып отырған норма тек қан түзуші дің жасушаларын донорлыққа қатысты және кәмелетке толмаған балалардың ағза донорлығына қолданылмайтынын айта кеткен жөн. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 108 |
| 2 h | 149 |
| 6 h | 192 |
- After 1 hour108
- After 6 hours192
- Total to date192
В КАЗАХСТАНЕ БУДУТ УСТАНОВЛЕНЫ ЕДИНЫЕ ПРАВИЛА К ПРИМЕНЕНИЮ ИИ В МЕДИЦИНЕ В Казахстане планируют сократить бумажные процедуры при посещении больниц и поликлиник, а также установить единые требования к применению искусственного интеллекта в медицине. Об этом сообщил первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев, представляя депутатам Курултая законопроект по вопросам здравоохранения в первом чтении. Законопроектом предлагается закрепить право граждан на получение информации о своём здоровье через электронные сервисы, а также возможность оформления информированного согласия на медицинское вмешательство в цифровом виде. Предлагается ввести правила по регулированию применения искусственного интеллекта в медицине с учётом требований безопасности пациентов. При этом искусственный интеллект будет помогать врачам в работе, а решение о постановке диагноза и назначении лечения по-прежнему останется за медицинским специалистом. Законопроектом предлагается закрепить ответственность медицинских работников за достоверность сведений, вносимых в цифровые системы, усилить защиту персональных медицинских данных и усовершенствовать механизмы предупреждения нарушений. Предлагаемые изменения направлены на повышение доступности цифровых медицинских услуг, сокращение бумажной нагрузки, защиту прав пациентов и создание более удобных условий получения медицинской помощи для казахстанцев. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 158 |
| 6 h | 237 |
- After 1 hour158
- After 6 hours237
- Total to date237
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУҒА ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫҢҒАЙ ТАЛАПТАР БЕКІТІЛЕДІ Қазақстанда ауруханалар мен емханаларға бару кезінде қағазбастылықты азайтып, медицинада жасанды интеллектіні қолдануға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарына денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда таныстыру барысында мәлімдеді. Заң жобасында азаматтардың электрондық сервистер арқылы өз денсаулығы туралы ақпарат алу құқығын бекіту, сондай-ақ медициналық араласуға ақпараттандырылған келісімді цифрлық форматта рәсімдеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып, медицинада жасанды интеллектіні қолдануды реттейтін қағидалар енгізу көзделген. Бұл ретте жасанды интеллект дәрігерлердің жұмысына көмекші құрал ретінде пайдаланылып, диагноз қою және ем тағайындау туралы шешім қабылдау құқығы медицина маманының өзінде қалады. Заң жобасында медицина қызметкерлерінің цифрлық жүйелерге енгізілетін мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілігін бекіту, медициналық дербес деректерді қорғауды күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіру ұсынылады. Ұсынылып отырған өзгерістер цифрлық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, қағазбастылықты азайтуға, пациенттердің құқықтарын қорғауға және қазақстандықтар үшін медициналық көмек алу жағдайларын неғұрлым қолайлы етуге бағытталған. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 171 |
| 6 h | 265 |
- After 1 hour171
- After 6 hours265
- Total to date265
Казахстанские дети смогут получать сложное сосудистое лечение без выезда за рубеж В Казахстане внедряют новую высокотехнологичную методику лечения детей со сложными сосудистыми мальформациями. Ранее для получения отдельных видов такой медицинской помощи маленьких пациентов направляли в зарубежные клиники. Теперь лечение станет доступным непосредственно в Казахстане. Сосудистые мальформации — это врождённые аномалии развития сосудов, которые в сложных случаях требуют применения высокотехнологичных методов лечения. Ежегодно в стране стационарное лечение по данному профилю получают более 1,2 тысячи детей. За последние пять лет 90 детей были направлены на лечение за рубеж. Новая технология внедряется на базе Научного центра педиатрии и детской хирургии в Алматы. На первоначальном этапе здесь планируется ежегодно оказывать высокотехнологичную медицинскую помощь порядка 50 детям. 24 и 25 ноября на базе Центра проходят мастер-классы с участием немецкого профессора Вольгемута. Казахстанские специалисты совместно с зарубежным экспертом осваивают новую методику и получают практические навыки для её дальнейшего самостоятельного применения в отечественной практике. В течение двух дней в рамках мастер-классов выполнены оперативные вмешательства восьми детям со сложными сосудистыми мальформациями. Важно отметить, что Казахстан станет второй страной, внедряющей данную технологию. Это открывает новые перспективы не только для развития отечественной высокотехнологичной медицинской помощи, но и для укрепления потенциала страны в сфере медицинского туризма. В дальнейшем Казахстан сможет предоставлять специализированную медицинскую помощь не только своим маленьким пациентам, но и детям из других стран, нуждающимся в лечении сложных сосудистых мальформаций. Необходимое медицинское оборудование приобретено при поддержке благотворительных фондов AYALA *и «Смелость быть первым».* Министерство здравоохранения выражает благодарность фондам за вклад в развитие детского здравоохранения и поддержку проектов, направленных на сохранение здоровья детей. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 134 |
| 3 h | 237 |
| 4 h | 275 |
- After 1 hour134
- After 6 hours275
- Total to date275
Қазақстандық балалар күрделі тамырлық патологияларды шетелге шықпай-ақ емдей алады Қазақстанда күрделі тамырлық мальформациялары бар балаларды емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдісі енгізілуде. Бұған дейін медициналық көмектің жекелеген түрлерін алу үшін кішкентай пациенттер шетелдік клиникаларға жіберілетін. Енді мұндай ем еліміздің өзінде қолжетімді болады. Тамырлық мальформациялар – қан тамырларының туа біткен даму аномалиялары. Күрделі жағдайларда оларды емдеу үшін жоғары технологиялық медициналық әдістерді қолдану қажет. Елімізде жыл сайын осы бағыт бойынша 1,2 мыңнан астам бала стационарлық ем алады. Соңғы бес жылдың ішінде 90 бала ем алу үшін шетелге жіберілген. Жаңа технология Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында енгізілуде. Бастапқы кезеңде мұнда жыл сайын шамамен 50 балаға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету жоспарланып отыр. 24–25 қараша күндері Орталықтың базасында неміс профессоры Вольгемуттың қатысуымен мастер-кластар өтуде. Қазақстандық мамандар шетелдік сарапшымен бірлесіп жаңа әдісті меңгеріп, оны отандық практикада өз бетінше қолдану үшін практикалық дағдыларды игеруде. Екі күндік мастер-класс аясында күрделі тамырлық мальформациялары бар сегіз балаға операция жасалды. Қазақстан бұл технологияны енгізетін әлемдегі екінші ел болатынын айта кеткен жөн. Бұл отандық жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуға ғана емес, еліміздің медициналық туризм саласындағы әлеуетін нығайтуға да жаңа мүмкіндіктер ашады. Алдағы уақытта Қазақстан күрделі тамырлық мальформацияларды емдеуге мұқтаж өз балаларына ғана емес, басқа елдерден келген кішкентай пациенттерге де мамандандырылған медициналық көмек көрсете алады. Қажетті медициналық жабдықтар AYALA және *«Бірінші болуға батылдық»* қайырымдылық қорларының қолдауымен сатып алынды. Денсаулық сақтау министрлігі балалар денсаулығын сақтау саласын дамытуға және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жобаларды қолдауға қосқан үлесі үшін қорларға алғыс білдіреді. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 120 |
| 4 h | 232 |
- After 1 hour120
- After 6 hours232
- Total to date232
Как преодолеть устойчивость рака к химиотерапии: казахстанские учёные ищут новые решения Казахстанские учёные исследуют, почему раковые клетки перестают реагировать на химиотерапию и как можно повысить эффективность лечения. Специалисты Национального научного онкологического центра (ННОЦ) совместно с Назарбаев Университетом изучают перспективный подход, который в будущем может открыть новые возможности для лечения пациентов с раком мочевого пузыря. В исследование включены около 60 пациентов. Для изучения особенностей заболевания казахстанские специалисты применяют современные лабораторные технологии, позволяющие создавать трёхмерные клеточные модели на основе образцов опухолевой ткани и мочи пациентов. Такие технологии позволяют учёным изучать поведение раковых клеток, оценивать их реакцию на лекарственные препараты и искать способы преодоления устойчивости опухоли к лечению. В центре внимания исследователей — группа белков TAM-рецепторов, которые могут играть важную роль в формировании защитных механизмов опухолевых клеток. Предварительные результаты показывают, что уровень отдельных белков может быть связан с агрессивностью заболевания и устойчивостью опухоли к химиотерапии. В лабораторных условиях специалисты уже изучают возможность блокирования этих белков для потенциального повышения эффективности стандартного лечения. «Пока говорить о внедрении нового метода лечения рано. Исследование находится на доклиническом этапе. Это значит, что мы работаем с биологическими образцами и лабораторными моделями, а эффективность такого подхода у пациентов ещё предстоит проверить», — отмечает онкоуролог ННОЦ Жанкуат Кубеев. Ещё одним перспективным направлением исследования является изучение возможности оценки биологических особенностей опухоли с помощью анализа мочи без необходимости забора опухолевой ткани. Совместная работа казахстанских врачей и учёных способствует развитию отечественной медицинской науки, освоению современных исследовательских технологий и укреплению научного потенциала страны. Интеграция науки и клинической практики является одним из важных направлений развития казахстанского здравоохранения. Такие исследования создают научную основу для разработки новых методов диагностики и лечения онкологических заболеваний, развития персонализированной медицины и повышения качества медицинской помощи населению. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramОбырдың химиотерапияға төзімділігін қалай жеңуге болады: қазақстандық ғалымдар жаңа шешімдер іздеуде Қазақстандық ғалымдар обыр жасушаларының химиотерапияға неліктен жауап беруін тоқтататынын және емдеудің тиімділігін қалай арттыруға болатынын зерттеп жатыр. Ұлттық ғылыми онкология орталығының (ҰҒОО) мамандары Назарбаев Университетімен бірлесіп болашақта қуық обыры бар пациенттерді емдеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын перспективалық тәсілді зерттеп жатыр. Зерттеуге шамамен 60 пациент кіреді. Аурудың ерекшеліктерін зерттеу үшін қазақстандық мамандар пациенттердің ісік тіндері мен несеп үлгілерінің негізінде үш өлшемді жасушалық модельдер жасауға мүмкіндік беретін заманауи зертханалық технологияларды қолданады. Мұндай технологиялар ғалымдарға обыр жасушаларының мінез-құлқын зерттеуге, олардың дәрі-дәрмектерге реакциясын бағалауға және ісіктің емдеуге көнбеушілігін жеңу жолдарын іздеуге мүмкіндік береді. Зерттеушілердің назары ісік жасушаларының қорғаныс механизмдерін қалыптастыруда маңызды рөл атқара алатын TAM рецепторларының ақуыздар тобына бағытталған. Алдын ала нәтижелер жеке ақуыздардың деңгейі аурудың агрессивтілігімен және ісіктің химиотерапияға көнбеушілігімен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді. Зертханалық жағдайда мамандар стандартты емдеудің тиімділігін арттыру үшін осы ақуыздарды блоктау мүмкіндігін зерттеп жатыр. «Әзірге емдеудің жаңа әдісін енгізу туралы айтуға әлі ерте. Зерттеу клиникаға дейінгі кезеңде. Бұл дегеніміз, біз биологиялық үлгілермен және зертханалық модельдермен жұмыс істеп жатырмыз, ал пациенттерде бұл тәсілдің тиімділігі әлі тексерілмейді», — деп атап өтті ҰБОО-ның онкоурологы Жанқуат Кубеев. Зерттеудің тағы бір перспективалық бағыты-ісік тінін алуды қажет етпестен несеп талдауы арқылы ісіктің биологиялық ерекшеліктерін бағалау мүмкіндігін зерттеу болып табылады. Қазақстандық дәрігерлер мен ғалымдардың бірлескен жұмысы отандық медицина ғылымының дамуына, заманауи зерттеу технологияларын игеруге және елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Ғылым мен клиникалық практиканың интеграциясы қазақстандық денсаулық сақтауды дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мұндай зерттеулер онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге, дербестендірілген медицинаны дамытуға және халыққа медициналық көмектің сапасын арттыруға ғылыми негіз жасайды. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramННЦФ ВНЕДРЯЕТ СОВРЕМЕННЫЕ МЕТОДЫ ОПРЕДЕЛЕНИЯ ЛЕКАРСТВЕННОЙ ЧУВСТВИТЕЛЬНОСТИ ВОЗБУДИТЕЛЯ ТУБЕРКУЛЕЗА Национальный научный центр фтизиопульмонологии Республики Казахстан (ННЦФ РК) в сотрудничестве с супранациональными референс-лабораториями ВОЗ осваивает современные методы лабораторной диагностики туберкулёза и внедряет их в регионах страны. На первом этапе с 2000 по 2024 гг Национальная референс-лаборатория ННЦФ РК сотрудничала с Супранациональной референс-лабораторией ВОЗ по туберкулёзу в Гаутинге (Германия). С 2025 года сотрудничество продолжилось с Национальным и Супранациональным референс-центром ВОЗ по микобактериям Исследовательского центра Борстель - Лейбниц-центра лёгких (Германия). Партнёрство позволило обеспечить методическое сопровождение региональных лабораторий, организовать внешнюю оценку качества исследований и внедрить современные методы определения лекарственной чувствительности возбудителя туберкулёза. Одним из практических результатов стало внедрение тестирования лекарственной чувствительности микобактерий туберкулёза к бедаквилину, линезолиду и клофазимину - препаратам, применяемым при лечении лекарственно-устойчивого туберкулёза. После отработки и оценки методики в Национальной референс-лаборатории её поэтапно внедрили в региональных лабораториях. Результаты тестирования помогают врачам подбирать эффективную схему лечения с учётом выявленной устойчивости возбудителя. Это особенно важно при выборе коротких полностью пероральных схем лечения. В Национальной референс-лаборатории также внедрено полногеномное секвенирование. Метод позволяет изучать генетические особенности возбудителя туберкулёза и выявлять мутации, связанные с лекарственной устойчивостью. В Казахстане действует сеть быстрой молекулярной диагностики туберкулёза на платформе GeneXpert. С её помощью выявляют возбудителя туберкулёза и определяют его устойчивость к рифампицину. В медицинских организациях страны установлено 149 аппаратов GeneXpert. Из них 12 работают в городских поликлиниках, 1 - в городской больнице, 31 - в районных поликлиниках, 59 - в районных больницах и 46 - в центрах фтизиопульмонологии. Оборудование ежегодно проходит калибровку, а качество исследований регулярно контролируется. Такое размещение оборудования обеспечивает доступ к молекулярной диагностике в организациях первичной медико-санитарной помощи, районных больницах и специализированных противотуберкулёзных учреждениях. Все 19 региональных лабораторий центров фтизиопульмонологии прошли национальную аккредитацию. Вместе с Национальной референс-лабораторией ННЦФ РК они участвуют в программе внешней оценки качества исследований, которую проводит супранациональная референс-лаборатория Исследовательского центра Борстель. Всего программой охвачено 20 лабораторий Казахстана. Работа ННЦФ РК позволяет применять единые подходы к определению лекарственной чувствительности в регионах страны и повышать достоверность лабораторных результатов. Врачи получают данные, необходимые для своевременного выбора лечения пациентов с лекарственно-устойчивым туберкулёзом. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ҰФҒО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) супраұлттық референс-зертханаларымен бірлесіп, туберкулезді зертханалық диагностикалаудың заманауи әдістерін меңгеріп, еліміздің өңірлеріне енгізуде. Алғашқы кезеңде, 2000–2024 жылдары, ҚР ҰФҒО Ұлттық референс-зертханасы ДДСҰ-ның Гаутинг қаласындағы (Германия) туберкулез жөніндегі супраұлттық референс-зертханасымен ынтымақтастық орнатты. 2025 жылдан бастап бұл жұмыс Германиядағы Борстель зерттеу орталығы – Лейбниц өкпе зерттеу орталығының микобактериялар жөніндегі ұлттық және ДДСҰ супраұлттық референс-орталығымен жалғасты. Осы әріптестік өңірлік зертханаларға әдістемелік қолдау көрсетуге, зерттеулердің сапасын сыртқы бағалауды ұйымдастыруға және туберкулез қоздырғышының дәрілік сезімталдығын анықтаудың заманауи әдістерін енгізуге мүмкіндік берді. Осы жұмыстың нақты нәтижелерінің бірі – туберкулез микобактерияларының бедаквилинге, линезолидке және клофазиминге сезімталдығын анықтау әдісінің енгізілуі. Бұл препараттар дәріге төзімді туберкулезді емдеуде қолданылады. Әдістеме Ұлттық референс-зертханада пысықталып, бағаланғаннан кейін өңірлік зертханаларға кезең-кезеңімен енгізілді. Зерттеу нәтижелері дәрігерлерге қоздырғыштың анықталған дәрілік төзімділігін ескере отырып, тиімді емдеу схемасын таңдауға көмектеседі. Бұл, әсіресе, дәрілерді тек ауыз арқылы қабылдауға негізделген қысқа мерзімді емдеу схемаларын таңдауда маңызды. Ұлттық референс-зертханада толық геномды секвенирлеу әдісі де енгізілді. Бұл әдіс туберкулез қоздырғышының генетикалық ерекшеліктерін зерттеуге және дәріге төзімділікпен байланысты мутацияларды анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда GeneXpert платформасына негізделген туберкулезді жедел молекулалық диагностикалау желісі жұмыс істейді. Оның көмегімен туберкулез қоздырғышы және оның рифампицинге төзімділігі анықталады. Еліміздің медициналық ұйымдарында 149 GeneXpert аппараты орнатылған. Оның 12-сі қалалық емханаларда, 1-еуі қалалық ауруханада, 31-і аудандық емханаларда, 59-ы аудандық ауруханаларда, 46-сы фтизиопульмонология орталықтарында қолданылады. Жабдық жыл сайын калибрлеуден өтеді, ал зерттеулердің сапасы тұрақты түрде бақыланады. Аппараттардың осылайша орналастырылуы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, аудандық ауруханаларда және туберкулезге қарсы мамандандырылған мекемелерде молекулалық диагностикадан өтуге мүмкіндік береді. Фтизиопульмонология орталықтарының барлық 19 өңірлік зертханасы ұлттық аккредиттеуден өтті. Олар ҚР ҰФҒО Ұлттық референс-зертханасымен бірге Борстель зерттеу орталығының супраұлттық референс-зертханасы жүргізетін зерттеулердің сапасын сыртқы бағалау бағдарламасына қатысады. Бағдарлама Қазақстанның барлығы 20 зертханасын қамтиды. ҚР ҰФҒО атқарып жатқан жұмыс еліміздің өңірлерінде дәрілік сезімталдықты анықтаудың бірыңғай тәсілдерін қолдануға және зертханалық нәтижелердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Дәрігерлер дәріге төзімді туберкулезі бар науқастарға емді уақтылы таңдау үшін қажетті деректерді алады. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ ПО ОРВИ И ГРИППУ В КАЗАХСТАНЕ СООТВЕТСТВУЕТ СЕЗОННОМУ УРОВНЮ 😷 В Казахстане отмечается снижение заболеваемости острыми респираторными вирусными инфекциями. За последнюю неделю число случаев ОРВИ сократилось на 6,8%, а с начала эпидемического сезона заболеваемость остается на 28,3% ниже показателей аналогичного периода прошлого года. По данным Министерства здравоохранения РК, за последнюю неделю в стране зарегистрировано 133 052 случая ОРВИ. Всего с начала эпидемического сезона — 1 453 967 случаев. Эпидемиологическая ситуация в республике соответствует сезонному уровню, характерному для осеннего периода. Специалисты продолжают еженедельный мониторинг заболеваемости и распространения респираторных вирусов. 📌 С 1 сентября лабораторно подтверждено 297 случаев гриппа, из них 295 — вируса A(H1N1) и два случая гриппа типа B. Среди других респираторных вирусов преимущественно выявляются риновирусы, бокавирусы и аденовирусы. 💉 В Казахстане против гриппа уже привито более 2 млн человек. Вакцинацию прошли 2 065 649 человек, что составляет 93,9% от запланированного охвата. Вакцина имеется во всех регионах страны. Для оказания медицинской помощи пациентам с инфекционными заболеваниями в республике подготовлено 13 335 инфекционных коек. На сегодняшний день их занятость составляет 63%, в том числе детских — 69,4%. Министерство здравоохранения продолжает контролировать эпидемиологическую ситуацию и готовность медицинских организаций к сезонному росту обращений. 🧑🏻⚕️👩🏻⚕️ Врачи рекомендуют соблюдать простые меры профилактики: регулярно мыть руки, проветривать помещения, избегать тесных контактов с заболевшими, а при появлении симптомов ОРВИ оставаться дома и при необходимости обращаться за медицинской помощью. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramҚАЗАҚСТАНДА ЖРВИ МЕН ТҰМАУ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ МАУСЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ СӘЙКЕС КЕЛЕДІ 😷 Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Соңғы аптада ЖРВИ жағдайларының саны 6,8%-ға азайған. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері сырқаттанушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ға төмен. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша соңғы аптада елімізде ЖРВИ-дің 133 052 жағдайы тіркелген. Эпидемиялық маусым басталғалы бері жалпы 1 453 967 жағдай анықталған. Республикадағы эпидемиологиялық жағдай күзгі кезеңге тән маусымдық деңгейге сәйкес келеді. Мамандар респираторлық вирустардың таралуы мен сырқаттанушылық деңгейіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда. 📌 1 қыркүйектен бастап зертханалық жолмен тұмаудың 297 жағдайы расталды. Оның 295-і – A(H1N1) вирусы, ал 2 жағдай – B типті тұмау. Басқа респираторлық вирустар арасында риновирустар, бокавирустар және аденовирустар басым анықталуда. 💉 Қазақстанда тұмауға қарсы 2 миллионнан астам адам вакцинациялаудан өтті. 2 065 649 адам вакцина алған, бұл жоспарланған қамтудың 93,9%-ын құрайды. Вакцина еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Республикада инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін 13 335 инфекциялық төсек-орын дайындалған. Қазіргі уақытта олардың 63%-ы, оның ішінде балаларға арналған төсек-орындардың 69,4%-ы қамтылған. Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды және медициналық ұйымдардың маусымдық жүгінудің өсуіне дайындығын бақылауды жалғастыруда. 🧑🏻⚕️👩🏻⚕️ Дәрігерлер қарапайым профилактикалық шараларды сақтауға кеңес береді: қолды үнемі жуу, үй-жайларды желдету, науқас адамдармен тығыз байланыстан аулақ болу. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, қажет болған кезде медициналық көмекке жүгіну ұсынылады. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramВ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУСТИЛИ НОВЕЙШЕЕ ЛУЧЕВОЕ ОБОРУДОВАНИЕ ДЛЯ ЛЕЧЕНИЯ ОНКОЛОГИИ В Павлодарском областном онкологическом диспансере состоялась церемония ввода в эксплуатацию современного линейного ускорителя TrueBeam производства компании VARIAN (США), оснащённого компьютерным томографом-симулятором. Линейный ускоритель TrueBeam позволит проводить современную высокоточную лучевую терапию с применением передовых технологий и искусственного интеллекта, обеспечивая индивидуальный подход к планированию и проведению лечения пациентов с онкологическими заболеваниями. Наличие КТ-симулятора обеспечивает возможность точного позиционирования пациента и планирования курса лучевой терапии с учётом индивидуальных анатомических особенностей. Ежегодно на новом оборудовании планируется проводить лечение до 1 000–1 200 пациентов, что позволит существенно расширить возможности специализированной онкологической помощи жителям региона. Сегодня практически во всех регионах страны установлены современные линейные ускорители, в городах Караганда и Семей стоят по два мощных аппарата, в Астане в Научном онкоцентре 4 машины, в городском онкоцентре еще два аппарата. За последние два года показатель охвата онкопациентов лучевой терапией приблизился к 60%, что почти на уровне развитых европейских стран. В мероприятии приняли участие аким Павлодарской области Асаин Байханов, Председатель Правления ОФ «Қазақстан халқына» Лаззат Чинкисбаева, Председатель Правления АО «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии» Ербол Бекмухамбетов, руководитель Управления здравоохранения Павлодарской области Ермек Кучуков, директор Павлодарского областного онкологического диспансера Мурат Сулейменов, а также представители медицинского сообщества. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ СӘУЛЕЛІК ҚОНДЫРҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде компьютерлік томограф-симулятормен жабдықталған, АҚШ-тың VARIAN компаниясы шығарған заманауи TrueBeam сызықтық үдеткішін пайдалануға беру рәсімі өтті. TrueBeam сызықтық үдеткіші озық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, онкологиялық аурулары бар пациенттерге жоғары дәлдіктегі сәулелік терапия жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте емдеу жоспарын әзірлеу және ем жүргізу барысында әр пациентке жеке тәсіл қамтамасыз етіледі. КТ-симулятордың болуы пациентті дәл орналастыруға және оның анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сәулелік терапия курсын жоспарлауға мүмкіндік береді. Жаңа қондырғыда жыл сайын 1 000–1 200 пациентті емдеу жоспарланып отыр. Бұл өңір тұрғындарына көрсетілетін мамандандырылған онкологиялық көмектің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Бүгінде еліміздің барлық дерлік өңірінде заманауи сызықтық үдеткіштер орнатылған. Қарағанды мен Семей қалаларында екі қуатты аппараттан, Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығында төрт аппарат, ал қалалық онкологиялық орталықта тағы екі аппарат жұмыс істейді. Соңғы екі жылдың ішінде онкологиялық пациенттерді сәулелік терапиямен қамту көрсеткіші 60%-ға жуықтады. Бұл дамыған Еуропа елдерінің деңгейіне жақындаған көрсеткіш. Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Лаззат Чинкисбаева, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Кучуков, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің директоры Мұрат Сүлейменов, сондай-ақ медицина қауымдастығының өкілдері қатысты. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in Telegram20 ноября – Международный день педиатра Сегодня в стране проживает около 7 миллионов детей, а это почти треть населения. 🤱 Забота о здоровье детей - не просто отраслевой приоритет, а фундамент государственной политики. По поручению Главы государства реализуются масштабные инициативы по развитию педиатрии, расширению специализированной помощи детям и формированию доступной инфраструктуры для сопровождения ребёнка с раннего возраста. 👶 В Казахстане медицинскую помощь детям оказывают свыше 5 тысяч врачей, в детских стационарах трудятся более 2 тысяч педиатров. 📚 Благодаря восстановлению отдельной программы подготовки по педиатрии, выпуск интернов вырос в три раза: с 52 человек в 2023 году до 169 в 2025 году. Для ликвидации кадрового дефицита открыты 14 новых направлений детской резидентуры – детская кардиология, аллергология и иммунология, гастроэнтерология, неврология, урология и андрология и другие. ⚡️ Объём финансирования медпомощи детям вырос вдвое и составляют 23% общего бюджета здравоохранения. Особое внимание уделяется раннему выявлению заболеваний, доступности высокотехнологичного лечения и наблюдению за развитием ребёнка с первых дней жизни. 🩺 Ежегодно более 2 тыс детей в Казахстане получают кардиохирургическое лечение, 400 – слуховые импланты, около 700 недоношенных детей проходят коррекцию ретинопатии, свыше 40 детей со сложными нейрохирургическими патологиями получили лечение на аппарате «Гамма-нож». За последние два года значительно расширен доступ детей к высокотехнологичной медицинской помощи внутри страны, поэтому направления на лечение за рубеж по отдельным профилям сокращены в 3–5 раз. * Ранняя выявляемость врождённых пороков развития выросла на 10%, и как результат на 15% снизилась младенческая смертность от ВПР; * С целью раннего выявления и снижения рисков медицинского и социального характера выстроена система патронажных наблюдений, состоящая из 2 дородовых патронажных посещений к беременной и 10-ти посещений к детям до 5 лет. * Для обеспечения мониторинга и своевременной коррекции на уровне ПМСП созданы 445 центров развития и раннего вмешательства, подготовлены 540 специалистов, работают мультидисциплинарные команды для комплексной оценки развития ребенка. * Пятилетняя общая выживаемость детей со злокачественными новообразованиями в стране превысила 70%. 🏥 В рамках реализации Послания Главы государства для расширения медицинской помощи детям и повышения доступности специализированной, высокотехнологичной медицинской помощи запланировано строительство 7 многопрофильных детских больниц общей мощностью 1 550 коек в городах Атырау, Актобе, Алматы, Шымкент, Каскелен, Семей, Актау, Центр детской неотложной помощи на 200 коек и Детский хирургический центр на 350 коек в Астане. 🧑🏻⚕️👩🏻⚕️За этими результатами стоит ежедневный труд медицинских команд. Педиатры сопровождают ребёнка на протяжении многих лет, замечают первые признаки болезни, помогают семье пройти через лечение и радуются вместе с родителями, когда ребёнок выздоровливает. 🤍 Уважаемые детские врачи, Министерство здравоохранения поздравляет вас с профессиональным праздником! Спасибо за внимание к каждому ребёнку, за чуткость к родителям и за то, что изо дня в день оказываете помощь семьям в заботе о здоровье детей. Желаем вам крепкого здоровья, благополучия и профессиональных высот. 🫶 С Днём педиатра! ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in Telegram20 қараша – Халықаралық педиатр күні Бүгінде елімізде 7 миллионға жуық бала тұрады, бұл - халықтың үштен біріне жуығы. 🤱 Балалардың денсаулығын сақтау – салалық басымдық қана емес, мемлекеттік саясаттың іргелі бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен педиатрияны дамыту, балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмекті кеңейту және баланың өмірінің алғашқы кезеңінен бастап медициналық қолдау алуына қолжетімді инфрақұрылым қалыптастыру бағытында ауқымды бастамалар жүзеге асуда. 👶 Қазақстанда балаларға медициналық көмекті 5 мыңнан астам дәрігер көрсетеді, ал балалар стационарларында 2 мыңнан астам педиатр еңбек етеді. 📚 Педиатрия бойынша жеке даярлау бағдарламасының қайта қалпына келтірілуі нәтижесінде интерндердің саны үш есе артты: 2023 жылы 52 маман болса, 2025 жылы 169-ға жетті. Кадр тапшылығын жою мақсатында балалар резидентурасының 14 жаңа бағыты ашылды. Олардың қатарында балалар кардиологиясы, аллергология және иммунология, гастроэнтерология, неврология, урология және андрология және басқа да мамандықтар бар. ⚡️ Балаларға медициналық көмек көрсетуге бөлінетін қаржы көлемі екі есе артып, денсаулық сақтау саласының жалпы бюджетінің 23%-ын құрады. Ауруларды ерте анықтауға, жоғары технологиялық емнің қолжетімділігіне және баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап оның дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. 🩺 Қазақстанда жыл сайын 2 мыңнан астам бала кардиохирургиялық ем алады, 400 балаға есту импланттары орнатылады, 700-ге жуық шала туған нәрестеге ретинопатияны түзету емі жүргізіледі. Сондай-ақ күрделі нейрохирургиялық патологиялары бар 40-тан астам бала «Гамма-нож» аппараты арқылы емделді. Соңғы екі жылда елімізде балаларға жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай кеңейді. Соның нәтижесінде жекелеген медициналық бағыттар бойынша шетелде емделуге жолдама беру 3–5 есе қысқарды. * Туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтау көрсеткіші 10%-ға артты. Нәтижесінде туа біткен даму кемістігіне байланысты нәресте өлімі 15%-ға төмендеді; * Медициналық және әлеуметтік сипаттағы қауіптерді ерте анықтау әрі азайту мақсатында патронаждық бақылау жүйесі қалыптастырылды. Ол жүкті әйелге босанғанға дейінгі 2 патронаждық баруды және 5 жасқа дейінгі балаларға 10 патронаждық баруды қамтиды; * Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде баланың дамуын бақылау және қажетті түзету шараларын уақтылы жүргізу үшін 445 даму және ерте араласу орталығы құрылды. 540 маман даярланды, баланың дамуын кешенді бағалау үшін мультидисциплинарлық командалар жұмыс істейді; * Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан балалардың бес жылдық жалпы өмір сүру көрсеткіші 70%-дан асты. 🏥 Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында балаларға медициналық көмекті кеңейту және мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында жалпы қуаттылығы 1 550 төсек-орын болатын 7 көпбейінді балалар ауруханасын, сондай-ақ Астанада 200 төсек-орындық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы мен 350 төсек-орындық Балалар хирургиясы орталығын салу жоспарланған. 🧑🏻⚕️👩🏻⚕️ Бұл жетістіктердің артында медицина мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр. Педиатрлар баланың денсаулығын жылдар бойы бақылап, аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде байқайды, емделу барысында отбасына қолдау көрсетеді және бала сауығып кеткенде ата-анасымен бірге қуанады. 🤍 Құрметті балалар дәрігерлері! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды! Әр балаға деген қамқорлықтарыңыз, ата-аналарға көрсететін жанашырлықтарыңыз және балалардың денсаулығын сақтауға күн сайын қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке және кәсіби табыстар тілейміз! 🫶 Педиатр күні құтты болсын! ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramВ КАЗАХСТАНЕ РАЗРАБАТЫВАЮТ СОБСТВЕННЫЕ ИМПЛАНТЫ ДЛЯ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ В ТРАВМАТОЛОГИИ Отечественные ученые ведут разработки инновационных медицинских имплантатов для хирургического лечения заболеваний и повреждений опорно-двигательного аппарата. 🧑🏻⚕️👩🏻⚕️ Проект реализуется совместно специалистами Национального научного центра травматологии и ортопедии имени академика Н.Д. Батпенова и Восточно-Казахстанского технического университета имени Д. Серикбаева. Инициатива объединяет клинический опыт врачей с современными инженерными решениями, технологиями компьютерного моделирования, материаловедения и 3D-печати. ⚡️ В рамках работы уже создан ряд новых конструкций: трабекулярный межтеловой кейдж для лечения патологий позвоночника, специализированные пластины для остеосинтеза при перипротезных переломах бедра и тяжелых формах диспластического коксартроза, а также фиксаторы для лечения переломов ключицы и надлодыжечной остеотомии. Особое внимание уделяется биомеханическим характеристикам изделий, обеспечивающим стабильную фиксацию и быстрое восстановление костных структур. 🔬 Проект охватывает полный цикл исследований – от проектирования и создания экспериментальных образцов до испытаний, доклинического и клинического этапов. На базе экспериментального отдела центра проверяется безопасность материалов и их бактерицидные свойства. Разработка отечественных изделий направлена на развитие высокотехнологичного медицинского производства в стране. 🤖 Параллельно в Центре активно внедряются передовые цифровые технологии. На сегодняшний день в практику запущены две роботизированные хирургические системы для эндопротезирования крупных суставов, обеспечивающие высокую точность трехмерного планирования с учетом индивидуальной анатомии пациента. 📋 Важным шагом стало официальное одобрение в 2026 году оценки технологий здравоохранения по робот-ассистированному эндопротезированию, что формирует надежную доказательную базу для дальнейшего расширения таких операций в казахстанских клиниках. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramҚАЗАҚСТАНДА ТРАВМАТОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ОТАНДЫҚ ИМПЛАНТТАР ӘЗІРЛЕНУДЕ Қазақстандық ғалымдар тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарын хирургиялық жолмен емдеуге арналған жаңа медициналық импланттарды әзірлеуде. 🧑🏻⚕️👩🏻⚕️ Жоба Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мамандары бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бұл бастама дәрігерлердің тәжірибесін заманауи инженерлік шешімдермен, компьютерлік модельдеу, материалтану және 3D-басып шығару технологияларымен ұштастырады. ⚡️ Жоба шеңберінде қазірдің өзінде бірнеше жаңа медициналық құрылғы жасалды. Олардың қатарында омыртқа ауруларын емдеуге арналған трабекулярлы омыртқааралық кейдж, жамбас сүйегінің күрделі сынықтары мен ауыр дисплазиялық коксартроз кезінде қолданылатын арнайы пластиналар, сондай-ақ бұғана сүйегінің сынуын емдеуге және тобық үсті остеотомиясын жасауға арналған бекіткіштер бар. Импланттардың сүйекке берік бекітілуіне және сүйек тінінің тез қалпына келуіне мүмкіндік беретін биомеханикалық қасиеттеріне ерекше назар аударылады. 🔬 Жоба зерттеудің барлық кезеңін қамтиды. Яғни құрылғыларды жобалау мен алғашқы үлгілерін жасаудан бастап, сынақтан өткізуге, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерге дейінгі жұмыстар жүргізіледі. Орталықтың эксперименттік бөлімінде материалдардың қауіпсіздігі мен бактерияға қарсы қасиеттері де тексеріледі. Отандық импланттарды әзірлеу елімізде жоғары технологиялық медициналық өндірісті дамытуға бағытталған. 🤖 Сонымен қатар орталықта заманауи цифрлық технологиялар да кеңінен енгізілуде. Қазіргі уақытта ірі буындарды эндопротездеу кезінде қолданылатын екі роботтандырылған хирургиялық жүйе іске қосылған. Бұл жүйелер әр пациенттің жеке анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, операцияны үш өлшемді форматта дәл жоспарлауға мүмкіндік береді. 📋 2026 жылы робот көмегімен эндопротездеу технологиясына қатысты денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың ресми мақұлдануы да маңызды қадам болды. Бұл қазақстандық клиникаларда осындай операцияларды кеңінен енгізу үшін ғылыми дәлелдерге негізделген сенімді база қалыптастыруға мүмкіндік береді. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in TelegramГлава МАГАТЭ Рафаэль Гросси отметил роль ННОЦ в развитии онкологической помощи ⚡️ Генеральный директор Международного агентства по атомной энергии (МАГАТЭ) Рафаэль Гросси 17 ноября опубликовал сообщение о встрече с Ермеком Кошербаевым, Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Австрия, Постоянным представителем Республики Казахстан при международных организациях в городе Вене, который в этот день вручил верительные грамоты. 🌍 Говоря о сотрудничестве с Казахстаном в сфере мирного использования атомной энергии, Рафаэль Гросси также отметил перспективы взаимодействия в области онкологической помощи и отдельно упомянул Национальный научный онкологический центр (ННОЦ). В частности, речь идёт о продолжающейся работе по присвоению ННОЦ статуса IAEA Anchor Centre в рамках инициативы МАГАТЭ Rays of Hope. 🤝 Инициатива Rays of Hope направлена на расширение доступа к современной лучевой терапии, развитие инфраструктуры онкологической помощи и укрепление кадрового потенциала в странах-участницах. Для Казахстана сотрудничество с МАГАТЭ открывает дополнительные возможности для внедрения передовых технологий диагностики и лечения онкологических заболеваний, подготовки специалистов и расширения международного профессионального взаимодействия. Национальный научный онкологический центр последовательно развивает высокотехнологичные направления онкологической помощи. Одним из ключевых достижений стало открытие первого и единственного в Центральной Азии Центра протонной терапии, расширившего возможности высокоточного лечения онкологических заболеваний. Упоминание ННОЦ в публичном сообщении генерального директора МАГАТЭ подчёркивает значимость Центра в международной повестке сотрудничества и перспективы дальнейшего развития онкологической службы Казахстана. ⚜️ Instagram ⚡️Facebook
Open in Telegram