Account

Posts of BILIM LIVE

newest first

#282Link preview
Views4790%vs avg
Forwards—
Reactions5
Comments—
#281Photo

ГРАНТ 🎓 ТАЛАПТЫ ОҚУШЫҒА ТАМАША МҮМКІНДІК Haileybury Almaty мектебі A-Level бағдарламасымен оқуға гранттар конкурсының басталғанын қуана хабарлайды. Бұл гранттар академиялық жетістіктерге ұмтылатын және әлемнің жетекші университеттеріне түскісі келентін 15-16* жас аралығындағы дарынды және талапкер оқушыларға арналған. Бүкіл әлемге танылған A-Level бағдарламасы пәндерді тереңдетіп оқуға және үздік оқу орындарына түсуге дайындалуға бірегей мүмкіндіктер береді. Гранттар халықаралық A-Level бағдарламасы бойынша екі жыл бойы мектепте оқу ақысын толық немесе ішінара өтейді. Конкурсқа оқу үлгерімі жоғары, ағылшын тілін жетік білетін және көшбасшылыққа ұмтылысын көрсете алатын оқушылар қатыса алады. 🌍 Haileybury қауымдастығына еніп, әлемдік деңгейдегі білім алады. Болашақ табысқа жету жолында үнемі қолдау көрсетіледі. Қазірден бастап конкурсқа тіркеле беріңіз! Балалар бақ сынап, әлемнің үздік университеттеріне жол ашады. *Оқушының туған күні 01.09.2010 және 31.08.2011 аралығында болуы керек.

Open in Telegram
Views907+89%vs avg
Forwards—
Reactions3
Comments—
#279Photo

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

Президент: «Көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, заңға бағынатын адал азаматтар ең алдымен мектептегі мұғалімнен тәлім алады» ✔️Сонымен қатар Мемлекет басшысы еңбекқор, білімге құштар, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды. – Біз балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеруге, оларды шынайы өмірде де, виртуалды кеңістікте де қорғауға міндеттіміз. Ең бастысы – өскелең ұрпаққа аса қажетті дүниемен, атап айтқанда, жарқын келешекпен, нақты мүмкіндіктермен қамтамасыз етіп, оларға есейгенде мақсат-мұратына жетуге ынталандыратындай жағдай жасау. Еңбексіз ешқандай табыс та, жетістік те болмайды. Бұл – өмірдің қағидасы, заңы. Еңбек дегеніміз – бүкіл өмірді билеп тұрған патша, бұл – өмірдің арқауы. Өмір, бұл – ғажапқа толы сиқырлы әлем емес. Өмір жолын тек жан-жақты дайындалған, біліммен қаруланған адам ғана еңсере алады. Осы қарапайым түсінікті балаларға түсіндіріп айту маңызды. Стратегиялық мақсатымыз – биік шыңдарға көз тігетін, бәсекеден тайсалмайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстанның өсіп-өркендеуі әрқайсымыздың қаншалықты үлес қосатынымызға байланысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Президент сөзін түйіндей келе, қазір халқымыздың дүниетанымы өзгеріп, қоғамымызда жаңа этика қалыптасып келе жатқанына назар аударды. – Тазалық, еңбекқорлық, адалдық, өзара сыйластық қасиеттері ұлттық дағдымызға айналып жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық сипат алып, еліміздің келбетіне және ең бастысы, азаматтарымыздың болмысына оң әсер ете бастады. Табиғатты аялау, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекетіміздің конституциялық міндеті саналады. Осындай елдік маңызы зор іске сіздер, жалпы ұстаздар қауымы мол үлес қосып жатсыздар. Себебі көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, заңға бағынатын адал азаматтар ең алдымен мектептегі мұғалімнен тәлім алады. Сондықтан мен еліміздегі барша ұстазға шынайы ризашылығымды білдіремін. Ұстаздық еткен әр адамның ерен еңбегі зор құрметке лайық деп санаймын,– деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi

Open in Telegram
Views700+46%vs avg
Forwards—
Reactions4
Comments—
#272Photo

МҰҒАЛІМ & МЕКТЕП Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сабақ берген мектебіне барып па едіңіз? Қатонқарағай. Бір емес, екі бірдей музейі бар шағын ғана Шыңғыстай ауылы. ХІХ басында меценат Әбдікерім Ережепұлы салдырған бұл тарихи мектепте танымал ел азаматтары оқып шыққан. Мұнда мұғалім, қайраткер, Алаш зиялысы Сұлтанмахмұт 1910 жылдары сабақ берген. 120 жылдан астам тарихы бар мектеп, қазір қазақ білімінің тарихын айғақтайтын аудандық мұражай. Мұғалім Торайғыровтың Әбдікерім ақсақалға жазғаны: Жаңғырып Алтай тауы саласынан Алланың несібеңді ал панасынан. Маңдай тер, жанды қинап жігер етіп, … Тұрмысты алып соқшы жағасынан. Ұқпайды бұл сөзімді басқа кісі Махмұттың Әбдікәрім ағасынан. Шәкірт ойы Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам? Тұрмыс, тағдыр - бірі де Бұл мақсаттан бұра алмас; Қаһарман, Рүстем, Әлі де Бұрам деп жолда тұра алмас. Сыланған жардың күлісі, Алдандырмас бірісі. Мереке құтты болсын, Әріптестер! Сұлтанмахмұттан асып түскен ұстаз болыңыз✊🏻

Open in Telegram
Views596+24%vs avg
Forwards—
Reactions9
Comments—
#271Photo

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

⚡️Мемлекет басшысы:   «Өскелең ұрпаққа айрықша назар аудару керек. Бұл да – Халық Кеңесінің міндеті.   Оқушылар мен студенттер сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылдану, жаңа білім игеру, кітап оқу секілді көкжиегін кеңейтетін жасампаз істерге ден қоюға тиіс.   Ол үшін кітапхана, музей, мектеп, достық үйлері, саябақтар сияқты қолда бар инфрақұрылымды барынша жұмылдыру керек. Сонымен қатар басқа да қоғамдық нысандарды көбейткен жөн.    Мұны тек үлкен қалаларда ғана қолға алмай, шағын шаһарлар мен аудан орталықтарына, ауылдарға баса назар аудару маңызды. Қоғамдық ортаның сапасы адамның тұрғылықты жеріне байланысты болмауға тиіс.   Үкіметке әкімдіктермен және тиісті мемлекеттік органдармен бірігіп, осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырамын.   Қазақстан Халық Кеңесі мемлекет пен жекеменшік серіктестігі тетігін нақты істе қолдану мәселесіне назар аударуы керек.   Мәдениет пен креативті индустрия саласындағы жобаларды ұзақ уақыт бойы қаржыландыруға мүмкіндік беру үшін эндаумент қорлар туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажет.   Басқаша айтқанда, біз азаматтарымыздың қоғам өміріне жан-жақты атсалысуына барынша жағдай жасауға тиіспіз.   Өйткені үлкен өзгерістер кішкене қадамдардан басталады. Ұлт пен адами капиталдың жаңа сапасы дәл осылай қалыптасады».   t.me/aqorda_resmi

Open in Telegram
Views822+72%vs avg
Forwards—
Reactions5
Comments—
#270Photo

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:   «Дегенмен осы тұста бір мәселеге тоқтала кеткен жөн.   Тарихты дұрыс тани білу – ең қажетті дағды. Өткенге өкпе арту – болашаққа балта шабумен тең әрекет.   Айналасына кінә тағып, үнемі жұбаныш іздеп жүретін адамның да, ұлттың да келешегі бұлыңғыр болады. Мұндай кертартпа әдеттерден аулақ болу керек.   Күнделікті өмірде де мұңға батпай, еңсені тік ұстап жүрген жөн.   Өскелең ұрпақты жасық, кінәмшіл, уайымшыл мінезден сақтау қажет. Олар ұлтының тарихын мақтан етіп, еліміздің болашағына сеніммен қарауы керек.   Қазақтың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген жақсы сөзі бар.   Ұрпақ тәрбиесі – ел болашағының кепілі.   Сондықтан біз қазір «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл жұмысқа атүсті қарамай, сапалы атқару керек.   Қазақ қилы замандардан қайыспай өткен, өр рухын жықпаған, қайсар, жігерлі ұлт болған.   Біз ата дәстүрімізді, асыл дінімізді, ана тілімізді, бірегей болмысымызды сақтай отырып, жаңашылдыққа, жасампаздыққа ұмтылуымыз қажет.   Тұтас елімізге көлеңкесін түсіретін жат ағымдарға, қараңғылықтан басқа берері жоқ ескілік ұстанымдарына қатаң тосқауыл қоюымыз керек.   Ұлт болып ұйысып, қоғамда жаңа этика қалыптастыруымыз қажет.   Бұл аса маңызды істі орындауға сіздер – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері де елеулі үлес қосасыздар деп сенемін».   t.me/aqorda_resmi

Open in Telegram
Views812+70%vs avg
Forwards—
Reactions2
Comments—
#266Video
Views1,160+142%vs avg
Forwards—
Reactions15
Comments—
#265Video
Views1,110+132%vs avg
Forwards—
Reactions33
Comments—
#264Text

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың психологиялық саулығын сақтау туралы пікір білдірді   «Әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг балалар дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді.   Өскелең ұрпақтың психологиялық саулығы мен эмоциялық тұрақтылығы, адамгершілік тәрбиесі ұлттық қауіпсіздікке және елдің орнықты дамуына ықпал ететін маңызды факторға айналды.   Қазіргі жағдай 2018 жылы қабылдаған «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Заңды қайта қарауды және елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді.   Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын әзірледі (биыл маусым айында Парламент қарауына ұсынылды). Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынамын.   Көптеген озық елдер осы іспеттес шаралар қабылдады. Бізге де балалардың психологиялық жай-күйіне төнген қауіптің салдарымен күресуді доғарып, алдын алатын кез келді деп ойлаймын. Әйтпесе бұл қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.   Үкімет балаларды қорғау мақсатында мазмұнды (контентті) сүзгіден өткізу шараларын қабылдағаны жөн. Белгілі бір, мейлінше объективті себептерге байланысты жауапкершілікті ата-аналарға ғана артып қоя алмаймыз.   Сондықтан балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін жаппай таратуды тапсырамын. Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз ете алады».   t.me/aqorda_resmi

Open in Telegram
Views945+97%vs avg
Forwards—
Reactions11
Comments—
#263Text

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

⚡️Мемлекет басшысы: «Мектептер сапалы біліммен қатар тағылымды тәрбиенің ошағы болуы керек»   «Бала тәрбиесі мәселесіне баса мән беру қажет.   Қоғамда заң мен тәртіпке, тазалыққа, мәдениеттілікке негізделген жаңа этика қалыптастыру ісі дәл осы маңызды миссияны жүзеге асырудан басталады.   Қазір елімізде 7 миллионға жуық бала бар. Жастармен қоса есептегенде олардың үлесі халық санының жартысына жуықтайды.   Еліміздің келешегі жарқын болсын десек, ең алдымен, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Жастардың бойына отаншылдық, білімпаздық, еңбекқорлық құндылықтарын сіңіруіміз қажет.   Әйтпесе, салынған мектептерден, білім саласындағы инновациялық шешімдерден еш нәтиже болмасы анық. Бұл тұрғыдан алғанда, оқу-ағарту саласы айрықша рөл атқаратыны баршаға мәлім.   Мектептер сапалы біліммен қатар тағылымды тәрбиенің ошағы болуы керек. Балалар мектепке зор ынтамен баруы қажет. Олар мектепті білім алатын, құрдастарымен араласатын және өміріндегі ең тамаша жылдарды – балалық пен жастық шақтың шынайы ғажап кезеңдерін өткізетін өз үйіндей қабылдауға тиіс. Қалай болғанда да, жағдай дәл солай болуы қажет».   t.me/aqorda_resmi

Open in Telegram
Views687+43%vs avg
Forwards—
Reactions8
Comments—
#262Text

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:   «Ұлы Абай «Адам баласының ең жаманы – талапсыз» деп бекер айтпаған. Өзіне сенімсіз, жасық, әр нәрсеге мұңая беретін, үнемі күйзелісте жүретін кертартпа адамның болашағы бұлыңғыр.   Тағы да айтып кетейін. Қазақ – кез келген сын-қатерді еңсеруге дайын жұрт, келешегіне сеніммен қарап, алға қарай батыл қадам басатын нағыз жеңімпаз ұлт. Өткенге өкпе артып, тарихтағы сәтсіздіктер үшін басқа халықтар мен мемлекеттерді айыптау – болмысымызға мүлдем жат дүние.   Біз өскелең ұрпақты осындай кеселден, теріс түсініктен сақтауымыз керек. Бұл тұрғыдан алғанда, оқу-ағарту саласына зор жауапкершілік жүктеледі.   Сондықтан ұстаздарымыз ең алдымен, ойы таза, ниеті түзу, жақсылыққа, жарқын болашаққа деген сенімі зор жігерлі азаматтарды тәрбиелеуге тиіс.   Отаншыл, білімпаз, жаңашыл, талапты, еңбекқор адамдар елдің көшін алға бастайды. Риза болатыным: мен осы қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойынан анық көремін.   Жастарымыз әрдайым жақсылыққа ұмтылады, еліміздің келешегіне зор сеніммен қарайды».   t.me/aqorda_resmi

Open in Telegram
Views634+32%vs avg
Forwards—
Reactions7
Comments—