🏗 Ақтөбеде әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді Жаңа кешеннің жалпы ауданы 31 мың шаршыдан асады. Жобада бірнеше функционалдық аймақ қарастырылған: • халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған 5 мың орындық негізгі арена; • олимпиадалық стандартқа сай 50 метрлік жүзу бассейні; • спорттық және көркем гимнастикаға арналған арнайы жаттығу залдары; • баскетбол, волейбол, футзалға арналған залдар; • йога және пилатеспен айналысуға арналған сауықтыру залдары. Үкімет мәліметінше, кешен 2028 жылы ақпанда пайдалануға беріледі деп жоспарланған. @baq_kz
Open in Telegram
BAQ.kz
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз: Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/ Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 25, 2026 | 124 |
| Nov 26, 2026 | 107 |
Most viewed this month
- 01Views140Forwards—Reactions—Comments—
- 02Views137Forwards—Reactions—Comments—
- 03Views134Forwards—Reactions—Comments—
- 04Views132Forwards—Reactions—Comments—
Latest posts
🔗 Дәмханада танысудан бас тартқан қызға стақан лақтырған еркек қамауға алынды Оқиға Шымкенттегі дәмханалардың бірінде болған. Қыздар түскі ас ішіп отырғанда, көрші үстелдегі бір еркек таныспақ болады. Бойжеткен бас тартқанда, ол дөрекі сөйлеп, стақан лақтырып жібереді. Салдарынан қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Бойжеткеннің тісі сынып, ерні жыртылған. Шымкент полициясы ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. @baq_kz
Open in TelegramАлматыда жеке үйден өрт шығып, 5 адам қаза тапты Оқиға қалай болған? Видеошолудан көріңіз👆 @baq_kz
Open in Telegram💸 2027 жылы қандай банкнота жарамсыз болады? Қазақстанда 2027 жылы 500, 1 000 және 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноталар айналымнан кезең-кезеңімен шығарылады. Ескі купюраларды қай күнге дейін пайдалануға және қайда айырбастауға болады? @baq_kz
Open in Telegram⚡️Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде өрт шықты Оқиға Нұра ауданындағы Ұлы дала көшесіндегі нысанда болған. Желіде қара түтінге оранған ғимараттың видеосы тарады. ТЖД мәліметінше, өрт бірінші қабатты болған. Құрылыс материалдары жанған көрінеді. Қазір 150 шаршы метр аумақта өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. @baq_kz
Open in TelegramЕкібастұз кәсіпкерлері OnlineDuken платформасының шағын дүкендерге қандай мүмкіндік беретінін айтты Екібастұзда шағын бизнес өкілдері қағаз жүзіндегі есеп жүргізуден цифрлық жүйеге белсенді түрде көшіп жатыр. Мәселен, үй маңындағы дүкендер мен дәріханаларға арналған OnlineDuken платформасын бүгінде 400-ден астам сауда нүктесі пайдаланады. 📍Толығырақ мына материалда @baq_kz
Open in Telegram✍️Тоқаев Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді. Бұл комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылған. @baq_kz
Open in TelegramАлматыда түнгі өрттен бес адам қаза тапты Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, бес адам қаза тапты. Олардың бірі — кәмелетке толмаған. ТЖД мәліметінше, 112 қызметіне хабарлама түнгі сағат 03:44-те түскен. Өрт сөндірушілер төрт минуттан кейін жеткенімен, ол кезде үйді жалын шарпып үлгерген. Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Оны сөндіруге ТЖД-ның 35-ке жуық қызметкері мен тоғыз техника жұмылдырылған. Оқиға орнынан бес адамның денесі табылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 📹 Threads / whoiszhanell @baq_kz
Open in Telegram⚡️Қазақстанда биылғы қыс қандай болады? Сарапшылар болжамы Қараша айында Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан келетін циклондар сериясы әсер етіп жатыр. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы қалыптасқан. Алайда синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын түсетінін болжайды. Сонымен қатар мамандар 2026-2027 жылдардағы қыс мезгіліне қатысты консультативтік маусымдық болжамын жариялады. Бұл туралы Қазгидромет мамандарының BAQ.KZ редакциясына берген жауабында айтылған ⬅️ @baq_kz
Open in Telegram⚡️Ауа райы болжамы Бүгін, 26 қарашада Астана, Шымкент қалаларында және еліміздің 17 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер жауын-шашын, боран, көктайғақ пен тұман болатынын, кей өңірлерде жел екпіні секундына 30 метрден асуы мүмкін екенін ескертті. Толығырақ ⬅️ @baq_kz
Open in TelegramConnections
Similar channels
Arbat.Media@arbatmediakzNews and media3.04K
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі@qr_su_resurstari_ministrligiNews and media2.85K
Сегодня.KZ@nur_kz_7News and media2.8K
🇰🇿ТГБ_KZ🇰🇿@tbk_kzNews and media3.2K
Усть-Каменогорск | Live@uka_liveNews and media2.77K
Альжан Исмагулов@alzhanismagulovNews and media2.67K
ПРО БЕЗОПАСНОСТЬ | ЖЕТI АРЛАН@zhetiarlanNews and media3.38K
Usbanov ARNASY@usbanovNews and media3.48K