Account

Posts of Балқия Балтабай

newest first

#6528Video
Views1,900−58%vs avg
Forwards—
Reactions55
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
16 h1,420
28 h1,900
  1. After 24 hours1,900
  2. Total to date1,900
#6527Text

Жауабы: 1) OT🔥 Оттан қорқу көбіне қызуқанды, сезімге берілгіш, шалт қимылдайтын адамдарға тән Сіздің болмысыңыз: Сіз - бойында оты бар, жігерлі, қайратты жансыз. Кейде көңіл күйіңіз күрт өзгеріп, ашуыңызға ерік беріп қоясыз. Сезімді ақылға жеңдіру оңайға соқпайтын сәттеріңіз бар. Алайда бойыңызда көшбасшылық қасиет басым. Қиындыққа тап болғанда сасқалақтап қалмай, тез. шешім қабылдап, жауапкершілікті өз мойныңызға ала білесіз. 2) СУ💧 Судан қорқу көбіне жан дүниесі терең, сезімі нәзік адамдарға тән. Сіздің болмысыңыз: Сіз - ішкі әлемі бай, түйсігі мықты, сезімтал жансыз. Адамның көңіл күйін айтқызбай аңғарасыз. Алайда кейде өз сезіміңіздің тұтқынына айналудан, жағдайды бақылаудан шығарып алудан қорқасыз. Өмірде тұрақтылық пен тыныштықты қалайсыз. Бірақ өзгенің пікірі мен көңіл күйіне шамадан тыс мән беріп, солардың ықпалында қалып қоятын кездеріңіз бар. 3) БИІКТІК ⤴️ Биіктіктен қорқу көбіне бәрін өз бақылауында ұстағысы келетін, тәртіп пен нақтылықты бағалайтын адамдарға тән. Сіздің болмысыңыз: Сіз - талабы биік, мақсаты айқын жансыз. Алдыңызға үлкен міндет қойып, соған жетуге ұмтыласыз. Алайда белгісіздік сізді алаңдатады. Аяқ астынан болатын өзгерістер мен тірегіңізден айырылып қалудан қорқасыз. Сондықтан әр қадамыңызды алдын ала жоспарлағанды ұнатасыз. Ал жағдай өз бақылауыңыздан шықса, ішкі тыныштығыңыз бұзылады 4) ТАР КЕҢІСТІК (КЛАУСТРОФОБИЯ)🚪 Тар кеңістіктен қорқу адамның жеке еркіндігі мен тәуелсіздігін ерекше бағалайтынын білдіруі мүмкін. Сіздің болмысыңыз: Сіз үшін еркіндіктен қымбат ештеңе жоқ. Өз өміріңіздің тізгінін өз қолыңызда ұстағыңыз келеді. Біреудің шектеуі, таңған талабы, орынсыз ережесі жаныңызға батады. Қысымға көну, өзгенің дегенімен жүру сізге ауыр. Сізге кең тыныс, еркін таңдау және өз шешіміңізд өзіңіз қабылдайтын мүмкіндік қажет 5) ҚАРАҢҒЫЛЫҚ🌑 Қараңғылықтан қорқу көбіне қиялы ұшқыр, ойы терең, өзіне жиі үңілетін адамдарға тән. Сіздің болмысыңыз: Сіз - көп ойланатын, әр нәрсенің астарына үңілетін жансыз. Өмірдің мәнін іздеп, өз әрекетіңізді жиі таразыға саласыз. Ішкі әлеміңізді танып-білуге ұмтыласыз. Алайда кейде ойыңыз өзіңізге жау болып кетеді. Әлі болмаған оқиғадан қауіп күтіп, жоқ жерден үрей тудырасыз. Қиялыңыз бай болғанымен, кейде сол қиялыңыздың өзі жаныңызға тыныштық бермейді Оқып шықтыңыз ба?

Open in Telegram
Views2,770−38%vs avg
Forwards—
Reactions95
Comments—
#6525Text

Жауабы: 👇🏻👇🏻👇🏻 ЛИДЕР (ортаңғы саусақ өзгелерінен анық биік) Егер ортаңғы саусағыңыз өзге саусақтардан анық ұзын болса - бойыңызда көш бастайтын табиғи қасиет бар. Өзгелер кейін шегінген жерде жауапкершілікті мойныңызға алудан қашпайсыз. Біреуге бағынып, үнсіз орындаушы болып жүру сізге тарлық етеді. Сізге жол көрсету, шешім қабылдау, адамдарды соңынан ерту жақын. Жұрт сіздің артыңыздан қысымнан емес, жаныңызда бағыт айқын, көңіл орнықты болғандықтан ереді. Қиын сәтте абдырап қалмай, «енді не істейміз?» деген сұраққа жауап таба білесіз. АНАЛИТИК (сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың ұзындығы шамалас, аты жоқ саусақ қысқалау) Егер сұқ саусағыңыз ортаңғы саусаққа жуық болса - сіз ақылға, есепке, бақылауға сүйенетін жансыз. Әуелі жағдайды таразылап, әр қадамын есептеп алып барып әрекет етесіз Сізді асықтыру да, оңай алдау да қиын. Біреу бейберекет көрген дүниеден сіз заңдылық табасыз. Ұсақ бөлшектердің өзін елеусіз қалдырмайсыз. Сондықтан адамдар сізге көңіл- күймен емес, салмақты шешім керек кезде келеді ОРТАНЫҢ ГҮЛІ (саусақтардың ұзындығы бір-біріне жақын, жоғары жағы шамамен бір сызықта) Егер саусақтарыңыздың ұзындығы бір-біріне жақын болса - сіз адамдарды бір ортаға ұйыстыра білетін жансыз. Түрлі мінездегі адаммен тіл табысу, ренжіскендерді жарастыру, отырған жеріңізге жылылық беру сізге табиғи келеді Басқалар ұзақ іздейтін ортақ тілді сіз тез табасыз. Адамның көңіл күйін сезіп, қай жерде әзіл, қай жерде жылы сөз, қай жерде үнсіздік керек екенін аңғарасыз Сіз бар жерде адамдар еркін тыныстайды. Ал сіз жоқ ортада бір нәрсе жетіспей тұрғандай сезілуі мүмкін СТРАТЕГ (аты жоқ саусақ өзгелерінен анық ұзын) Егер аты жоқ саусағыңыз өзгелерінен ұзынырақ болса - сіздің бойыңызда тәуекелді есептей білетін стратегтің мінезі бар Сіз тек бүгінгі қадамды емес, одан кейінгі бірнеше жүрісті қатар ойлайсыз. Біреу қауіп көрген жерден мүмкіндік, біреу тұйық көрген жерден жаңа жол табуыңыз мүмкін. Тәуекелден мүлде қашпайсыз, бірақ бос тәуекелге де бармайсыз - ұтатын тұсты сезе білесіз Сізге бәсеке, жаңа жоба, үлкен мақсат, күрделі келіссөз секілді ой мен батылдық қатар қажет болатын дүниелер жақын. Қалыптасқан жолмен ғана жүруден гөрі, өз жолыңызды салуға бейімсіз Сіздің күшіңіз - бірнеше қадам алға ойлау, жағдайға тез бейімделу және мүмкіндікті өзгелерден бұрын байқау. Сондықтан сізді жай ғана «стратег» емес, алдын ала жүріс жасайтын стратег деуге болады Қалай екен? Жаза кетіңіз👇🏻

Open in Telegram
Views3,920−12%vs avg
Forwards—
Reactions51
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
55 h3,730
67 h3,920
  1. Total to date3,920
#6522Text

Талдауы: 1) 💰100 млн теңге алу Бұл таңдауды жасаған адам үшін қазір ең маңыздысы - қауіпсіздік, еркіндік және мүмкіндіктер Психологиялық астары: Қаржылық тұрақтылыққа ұмтылады Өмірін жеңілдеткісі келеді Мақсатқа жетуге құлшынысы жоғары Ішкі сенім: «Ақша болса, көп мәселем шешілер еді» 2) ⏰ Өткен өміріңіздегі бір қатені түзету Бұл таңдауды жасаған адам көбіне өткенмен эмоционалды байланысын үзбеген Психологиялық астары: Өкініш сезімі болуы мүмкін Өзін жиі кінәлайды «Сол кезде басқаша әрекет еткенімде…» деген ой мазалайды Болашақтан бұрын өткенді жөндеуге бейім 3) 🧑‍❤️‍🧑 Өзіңіз жақсы көретін адаммен мәңгі бақытты өмір сүру Бұл таңдау қарым-қатынас пен эмоционалдық жақындықты бірінші орынға қоятын адамдарға тән Психологиялық астары: Махаббатты ең үлкен құндылық деп санайды Жалғыздықтан қорқуы мүмкін Жақын адамдармен байланыс арқылы өзін толық сезінеді Материалдық дүниеден гөрі сезімге мән береді 4)✨ 20 жасқа жасару Бұл таңдау көбіне жіберілген мүмкіндіктерді қайта пайдаланғысы келетін адамдарда кездеседі Психологиялық астары: Өмірде жаңа бастауға, бастамауларға құштар Жастық энергиясын сағынады Қазіргі өміріне толық қанағаттанбауы мүмкін Өз потенциалын толық аша алмадым деп ойлайды 5) Кез келген қорқынышыңыздан арылу Бұл таңдау ішкі еркіндікке ұмтылатын, өзін жақсы тануға дайын адамдарға тән Психологиялық астары: Қорқыныштарының өсуіне кедергі екенін түсінеді Батыл өмір сүргісі келеді Өзін дамытуға дайын Сыртқы жетістіктен бұрын ішкі өзгерісті маңызды көреді Өзіңізге сәйкес келді ме? 👇🏻

Open in Telegram
Views8,760+96%vs avg
Forwards—
Reactions342
Comments—
#6520Text

3. Тік өскен, бұтақтары кесілген, тамыры көрінбейтін ағаш Бойы ұзын. Діңі жіңішке. Санаулы ғана бұтағы бар. Жер бетінде бірде-бір тамыры көрінбейді. Пішініне қараңызшы. Бұл ағаш өз еркімен өспеген. Бұтағын кесіп отырған. Төменгі бұтақтары жоқ. Не кесілген, не әуелден өсуіне жол берілмеген. Үшінші ағашты таңдаған адам алға басу үшін өз болмысының кей тұстарынан бас тартуды ерте үйренген. Бойындағы бейберекеттікті тежеген. Артық санағанын алып тастаған. Жұртқа оғаш көрінер қылықтарын жасырған. Сөйтіп, сөзі анық, ісі жинақы, айтарын айналдырмай жеткізетін адамға айналған. Сіз шешімге беріксіз. Қажет жерде батылдық танытасыз. Бірақ тамырыңыз толық бекімей жатып, өзіңізді шектеуге мәжбүр болғансыз. Ішкі тірегіңіздің кей тұсы содан осал қалған. Сондықтан кейде болмашы ескертудің өзі жаныңызға қатты батады. Өзгеге ұсақ көрінген сөз сізді ұзақ толғандыруы мүмкін. Жұрт қабылдасын деп қалыптастырған осы жинақы, ұнамды бейнеңізді Юнг «персона» деп атар еді. Ол сізге көмектеседі. Ортаға сіңісуге, ісіңізді жүргізуге жарайды. Бірақ оны сақтап жүрудің де салмағы бар. Өзін ұзақ уақыт бойы шектеген адам бір күні өзінің әуелгі болмысын ұмытып қалуы мүмкін Өзіңізден сұраңыз: «Жұртқа сыйымды болу үшін өзімнің қай қасиетімнен бас тарттым? Соның қайсысын әлі күнге дейін жоқтап жүрмін?» 4. Бұрала өсіп, гүлдеген ағаш Тастың үстіне тамыр жайған. Діңі бұрала біткен, әр жерінде қуыс бар. Өзгелердің ішінде ойлы- қырлы жерге өскені де - осы. Гүлдеп тұрғаны да - осы. Оның көркі үйреншікті өлшемге сыймайды. Ол жарыққа жетудің өз жолын тапқанымен сұлу. Ешкімнің жолын қайталамаған. Өз ыңғайымен өсіп, өз қалпында гүлдеген. Төртінші ағашты таңдаған адамның жасампаздығы сыртқы көрінісінен емес, ішкі болмысынан басталады. Сіз әр істің өзіңізге лайық жолын табасыз. Мағынасыз ереже жаныңызға жақпайды. Өз бетіңізбен ойлап, өз еркіңізбен әрекет етесіз. Кейбіреулер осы дербестігіңізді жұрттан бой тарту деп түсінуі мүмкін. Бір нәрсеге зер салыңыз: ағаш тастың үстінде тұр. Өскен жері жайлы емес. Тамыр жаю да оңай болмаған. Бірақ табан тіреген негізі берік. Сіз пе тез сынып кететін осал жан емессіз. Өз қалг сақтағысы келетін еркін адамсыз. Юнгтің пайымынша, шиыршық - адамның өз даралығын тауып, тұтас тұлғаға айналу жолын бейнелейтін пішіндердің бірі. Адам өзіне қарай үнемі түзу жүрмейді. Кейде бұрынғы тұсына қайта оралады. Бірақ бұрынғы күйінде емес, бір саты биіктеп келеді. Сіз өмірді жеңілірек қабылдайсыз. Өйткені жұрттың сізден күткенінің бәрін орындау міндет емес екенін ұққансыз. Сізге артылған талаптың көбі өз өміріңізге мүлде қажет болмауы мүмкін. Өзіңізден сұраңыз: «Бір кезде кемшілігім деп жүрген қай қасиетім менің өз болмысымды жоғалтпай сақтап қалуыма көмектесті?» 5. Тамырлары түгел көрініп тұрған, жеміс берген ағаш Бұтақтары апельсиннің салмағынан иілген. Топырақтың қимасынан тарам-тарам тамыры көрінеді. Тамырының ауқымы ағаштың өзінен де үлкен. Бұл - өзгеге нәр беріп тұрған ағаш. Бесінші ағашты таңдаған адамға жұрт өзінен-өзі арқа сүйейді. Қиналғанда іздейді. Тығырыққа тірелгенде есіне алады. Жанынан медет табатынын біледі. Сіз ақылыңызды айтасыз. Уақытыңызды бөлесіз. Үйіңізден орын бересіз. Біреудің жоғалған үмітін жалғап, өмірден мән табуына көмектесесіз. Сіз жүрген жерде шашыраған дүние жиналып, ретсіз іс ретке келе бастайды. Бірақ суретте көрініп, өмірде көзге түсе бермейтін бір нәрсе бар. Ол - тамыр. Соншама жемісті көтеріп тұрған алып негіз. Сіздің көп адамға тірек бола алатыныңыз да содан. Кезінде ешкім көрмеген тереңдікте өз іргеңізді бекіткенсіз. Оның қалай қалыптасқанын сырт көз біле бермейді. Юнг адамның тұтас «Мені» бойға қосылған тағы бір қасиет емес, айналасындағы дүниені ретке келтіретін өзек ретінде көрінетінін айтқан. Мына ағаш та сондай. Суреттің қақ ортасында тұрған жоқ. Бірақ айналасындағы көріністің бәрі соған қарай үйлескен. Әйтсе де осы қасиеттің ауыртпалығы бар. Үнемі нәр беретін жанды жұрт сол нәрі үшін іздеуге үйренеді. Бәрі жеміс алуға келеді. Ал сол жемісті өсіріп тұрған тамырдың жайын сұрайтындар аз. Өзіңізден сұраңыз: «Менен ештеңе қажет етпей, жай ғана халімді білгісі келген кім бар?»

Open in Telegram
Views13,600+204%vs avg
Forwards—
Reactions254
Comments—
#6519Text

Жауабы: 1. Тамыры берік, бірақ жемісі жоқ ағаш Бұтағы жайылған. Діңі мығым. Тарам-тарам тамыры жер бетіне шығып жатыр. Бірақ бір түйір жемісі жоқ. Сіздің өмірде сүйенер негізіңіз бар. Оны біреу қалап берді ме, әлде өз қолыңызбен құрдыңыз ба - әйтеуір, іргеңіз берік. Жан-жаққа тараған тамыр соны аңғартады. Сізге сенуге болады. Біреу қиналса, қол ұшын бересіз. Шешілмеген істің жөнін табасыз. Өзгеге тірек бола білесіз. Әйтсе де көңіліңізде бір алаң бар. Ағаштың басы жайқалып тұр, бірақ үңіле қарасаңыз - бос. Өзіңіз де солай: еңбектенесіз, күш саласыз, білгеніңізді істейсіз. Бірақ күткен нәтиже әлі жоқ сияқты. Бұл - еңбегіңіз еш кетті деген сөз емес. Ағаш та жыл он екі ай жеміс бермейді. Юнг адамның жан дүниесінің өз мерзімі болатынын айтқан. Өсудің көзге көрінбейтін шағы бар. Жер астында тамыр бекіп жатады, ал санаңыз оны тоқырау деп ұғады. Бәлкім, сіз де қазір сыртқа емес, тереңге өсіп жатқан шығарсыз. Бірақ мойындауға ауырлау тағы бір себеп болуы мүмкін. Кейде ағаш айналасындағы топырақты ұстап тұрамын деп, жеміс салуға қуат таппайды. Сіз де отбасыңыздың, ортаңыздың, шаңырағыңыздың бар салмағын көтеріп жүріп, өзіңізге келгенде күш-қуатсыз қалуыңыз мүмкін. Өзіңізден сұраңыз: «Еңбегімнің жемісі әлі пісіп жетілмеді ме, әлде піспей жатып өзгеге үлестіріп жүрмін бе?» 2. Суға қарай иілген тал Өзенге еңкейіп, бұтақтарын төмен салбыратқан тал. Тамыры дымқыл топырақта жатыр. Су көтерілсе де, тартылса да, астындағы жердің қалпы өзгеріп тұрады. Сіз дүниені жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Бұл - жай айтыла салған сөз емес. Бір жағдайдың байыбына барып үлгермей жатып, жүрегіңіз оның салмағын сезіп қояды. Абайсыз айтылған бір ауыз сөз күні бойы көңіліңізден кетпеуі мүмкін. Ал шын ықыласпен көрсетілген мейірім жаныңызды жадыратып жібереді. Байқасаңыз, осы ағаштардың ішінде суға жақындықты қажет етіп тұрғаны - тал. Юнгтің түсіндіруінде су - бейсаналықтың, ана мейірімінің тұрақты нышандарының бірі. Қандай болсаңыз да қабылдайтын, бауырына басатын. қамқорлығын ешбір шартқа байламайтын жылылық. Екінші ағашты таңдаған жан көбіне осындай жылылықты аңсайды. Ақыл айтатын адам табылады. Жол көрсететіндер де аз емес. Бірақ кейде сізге керегі - біреудің құшағында сәл тыныстап, қамқорлығын сезіну ғана. Мұндай адам сол мейірімді кезінде жеткілікті көрмеген болуы мүмкін. Немесе көрген, бірақ кейін жоғалтқан. Содан бері оны басқа адамдардан, жақын қарым-қатынастан, барған жерінен іздеп келеді. Тал желге иіледі, сондықтан сынбайды. Оның нәзіктігінде төзім бар. Сіздің сезімталдығыңыз да - бойыңыздағы күштің бір қыры. Бірақ талдың түбіндегі топырақ үнемі құбылып тұрады. Сол сияқты, сізге де көңіліңіз орныға бергенде қайта шайқалып, өзіңізді қайтадан жинауға тура келетіндей көрінеді. Өзіңізден сұраңыз: «Мен серік, дос, жұмыс іздеп жүрмін бе? Әлде маған бұрын ешкім көрсетпеген қамқорлықты көрсететін жанды іздеп жүрмін бе?»

Open in Telegram
Views10,600+137%vs avg
Forwards—
Reactions82
Comments—
#6506Link preview
Views11,200+150%vs avg
Forwards—
Reactions16
Comments—