AI ChatbetaAccount

Posts of Ali Saǵatuly

newest first

#2003Text

Мұсылман демократ па, әлде христиан республикашыл ма? Нью-Йорк мэрі мұсылман болды. Аты Зохран Мамдани, 34 жаста, Угандада туған. Құран ұстап ант берген. Одан кейін кеше Мичиганнан сенатор болған Абдул әл-Саид. Ата-анасы Египеттен көшіп барған. АҚШ Сенатында алғашқы мұсылман екен. Соңғы АҚШ-тағы осы жаңалықтар лентамыздан қайта-қайта шығып жатыр) Екеуі де демократ. Енді қараңдар: Демократтар не дейді? Балаң өзін қыз сезінсе мүшесін кесіп тастауға қарсы болма дейді. Мектепте "сен ұл да, қыз да бола аласың" деп үйретеді. Ата-анасы қарсы болса "гомофобсыңдар" дейді. Африкаға, Азияға көмек береміз деп тұрып шарт қояды - ЛГБТ-ны заңдастыр, мектептеріңе енгіз деп шығады. Ал республикашылдар ше? Христиан, консервативті. Әрине мұсылмандарға қатал, виза бермейді, соғыс ашады, исломофобияға жақын. Бірақ отбасы құндылығында бізге өте жақын. "Бала ұл болса ұл, қыз болса қыз, үшінші жыныс жоқ" дейді. Ешкімнің баласына тиіспейді. ЛГБТ насихатына қарсы. Сонда әлемдегі мұсылмандарға қайсысы азырақ зиян? Баламыздың болашағы үшін қайсысы қауіпті? Соғыс бітеді, ал баланың миын бұзсаң қайтара алмайсың. Сол үшін демократтардың арасында мұсылман отырма, жоқ па пішту бәрібір дым шешпейді, пайда жоқ, таңғалатын нәрсе емес)

Open in Telegram
Views3390%vs avg
Forwards—
Reactions22
Comments—
#1999Text
Views744+119%vs avg
Forwards—
Reactions39
Comments—
#1998Text
Views634+87%vs avg
Forwards—
Reactions34
Comments—
#1997Text
Views639+88%vs avg
Forwards—
Reactions25
Comments—
#1994Text
Views630+86%vs avg
Forwards—
Reactions22
Comments—
#1993Text

Қызға 40 тыйым осы: 1. Жарыса сөйлеуге; 2. Жалғыз қыдыруға; 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; 4. Орынсыз ұрынуға; 5. Басқаларға қол тигізуге; 6. Өтірік, өсекке; 7. Суық жүріс, сумаң қылыққа; 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге; 9. Талтайып отыруға; 10. Шалқайып жатуға; 11. Тамақты обырлана асауға; 12. Ұрлық-қарлыққа; 13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге; 14. Бұраңдап қылымсуға; 15. Қызыл іңірде жатуға; 16. Түске дейін ұйықтауға; 17. Кісі алдында киім ауыстыруға; 18. Салт-дәстүрден аттауға; 19. Елді ғайбаттауға; 20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға; 21. Ішімдік ішу мен шылым шегуге; 22. Ұрыс-керіске; 23. Беттен алып, бет жыртысуға; 24. Қараулыққа, ысырапқа; 25. Рахымсыздық пен қатыгездікке; 26. Түнде суға жалғыз баруға; 27. Жат жыныстылармен араласып жатуға; 28. Күйеуге қашып тиюге; 29. Әдепсіз сөзге; 30. Тарс-тұрс етуге; 31. Адам мен жануарларды тебуге; 32. Кісіні қорлап, жәбірлеуге; 33. Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға; 34. Айқай-сүреңге; 35. Шектен тыс сыланып жасануға; 36. Қызғаншақтық пен күншілдікке; 37. Менмендік пен өзімшілдікке; 38. Алдап-арбауға; 39. Көрсеқызарлыққа; 40. Нәпсіқұмарлыққа тыйым.

Open in Telegram
Views571+68%vs avg
Forwards—
Reactions22
Comments—
#1986Text
Views461+36%vs avg
Forwards—
Reactions30
Comments—
#1985Text
Views462+36%vs avg
Forwards—
Reactions24
Comments—
#1983Text

"Сен еркекті жақтап отырсың" дейтіндерге айтарым ананы жақтады, мынаны жақтады дейтін заман емес қазір. Ойланшы, ажырасудан әлемде екінші орын деген ұят қой, масқара. Дін оқып жүрген адам ретінде айтайын: әйеліңе "ә" десе "мә" де, басындырма өзіңді, құл сияқты ұста деп ешқандай шейх айтпайды, ешқандай мешітте айтылмайды, ешқандай кітапта жазылмаған. Ал шынайы зұлымдық жасайтын еркектер басқа әңгіме. Ондайлар жоқ емес, бар. Жарайды, ажырасудың жартысы солардың кесірінен болсын делік: жұмыс істемейтін, лудоман, арақ ішетін, әйелін сабайтын, құл көретіндер. Ал қалған 50% ше? Қалған жартысын да әлде еркекке жаба саласыңдар ма? Алдыңғы айтқан сипаттағы еркекке дін келсе, Аллаға жақындаса түзелетін нәрсе. Лудомандығы да, арағы да, сабауы да тыйылады. Ал феминизммен уланған сананы түзету – одан әлдеқайда қиын. Өйткені әйелдің санасының бұзылуы отбасы балансының, қоғамның быт шытын шығарады.

Open in Telegram
Views513+51%vs avg
Forwards—
Reactions17
Comments—
#1982Text
Views432+27%vs avg
Forwards—
Reactions15
Comments—
#1981Text
Views429+27%vs avg
Forwards—
Reactions15
Comments—
#1979Text

Бұрындары таңғалатын едім, Қазақстан ажырасудан әлемде қалай екінші орынға шықты деп. Коучтар себеп деп айтылатын, бірақ айналамнан санасы уланған адамды көрмеген соң, шетелде жүргендіктен, оның төркінін түсіне алмайтынмын. Үш күн бұрын Инстаграм, Тредс ашып, соңғы дауларды, комменттерді оқып шошыдым. Хиджабтысы бар, хиджабсызы бар жабылып жарыса шариғатқа қарсы шығып жатыр. Өз ойын емес, шариғатты түсіндіріп отырған ұстаздарға тіпті басында орамал таққандардың өзі зіркілдеп, не болса соны жазып жатыр. Бәрінің сол феминизмнің түбі жоқ шұңқырына түсіп кеткені бірден байқалады. Мұндай феминистік ойы басым әйел тұрмысқа шыққан үйде отбасылық баланс әп-сәтте бұзылады. Ажырасудың көбеюі де содан. Көпшілігінің ажырасу себебі де осы. Феминистік идея санасына сіңген әйел күйеуін мамсик, абьюзер, тиран көре бастайды. Ажырасқан әйелдердің көбінің аузынан шығатын сөз де сол "күйеуім тиран еді" дейді. Ерлердің арасында ондай жоқ емес, бар. Бірақ феминизм көзілдірігімен қарағанда, қалыпты еркектің өзі де оған тиран болып көрінеді.

Open in Telegram
Views460+36%vs avg
Forwards—
Reactions20
Comments—
#1977Text
Views397+17%vs avg
Forwards—
Reactions15
Comments—
#1976Text
Views508+50%vs avg
Forwards—
Reactions27
Comments—