Сенің өскеніңді қаламайтын адамдар туралы… Психологияда “краб менталитеті” деген түсінік бар. Шелекке бірнеше краб салсаңыз, біреуі жоғары өрмелеп, сыртқа шығуға тырысқанда, қалғандары оны төмен қарай тартады екен. Адамдар арасында да осындай құбылыс кездеседі. Оның астарында “Мен жете алмасам, сен де жетпе” деген ішкі ұстаным жатыр. Оны инстадағы түрлі комменттерге қарап білесің. Мұндай адамдар, көбіне олар жақының, туысың боп та қалады: • Жетістігіңізді құнсыздандырады. • Арманыңызды күлкіге айналдырады. • Қуанышыңызға ортақтаспайды. • Кемшілігіңізді іздеп отырады. • Әзіл арқылы кемсітеді. • Сізге деген пассивті агрессиясын ақыл айту, жанашырлық таныту арқылы жасырады. Неге үйтеді? Өйткені кейбір адамдар үшін сіздің жетістігіңіз - олардың өз өміріне көңілі толмайтынын көрсететін айна. Сіздің батылдығыңыз оларға өздерінің қорқынышын, сіздің әрекетіңіз әрекетсіздігін, сіздің еркіндігіңіз ішкі шектеулерін еске түсіруі мүмкін. Сондықтан кейбір адамдар өздері жоғары көтерілгеннен гөрі, сізді төмен түсіргенді оңай көреді.
Open in TelegramPosts of Айнара Байжан
Ертең гламур кешке шақырды. Осындай образ болмаса, бармайм деп отырмын. Сұрақ: анадай юбка қайда бар?😂
Open in TelegramКІМ ҰЙҚТАП ЖАТЫП МИЫН МАТЕРИАЛДЫҚ МОЛШЫЛЫҚҚА ПРОГРАММАЛАҒЫСЫ КЕЛЕДІ? 🧠 Қазақ тіліндегі тұңғыш эриксондық гипноз сеансы! Бұл сеанс эриксондық гипноз әдісімен жазылған. Ол санаңызды қауіпсіз әрі көркем түрде, жұмсақ метафоралар мен бейнелер арқылы жаңа бағдарламаға бейімдейді ✨ Сеанс не береді: 🔹 Ақшаға қатысты ескі шектеуші сенімдерден арылуға көмектеседі 🔹 Миыңыз бен бейсанаңыз арқылы молшылықты қабылдауға ішкі рұқсат береді 🔹 Терең демалыс пен ішкі тыныштық сыйлайды 🔹 Бәрі ана тіліңізде, жүрекке жетер сөздермен айтылады 🤍 Сіз бәрін сезініп, естіп отырасыз, бақылау әрқашан өзіңізде. Бұл қауіпсіз әрі жайлы тәжірибе. 💳 Бағасы небәрі 20 000 теңге Ватсапқа шығыңыз: wa.me/77085267583
Open in TelegramВизуализацияны қалай дұрыс жасау керек? Визуализацияның екі түрі бар. Екеуі де пайдалы, бірақ қолданатын мақсаты әртүрлі. 1. Диссоциация - өзіңді сырттан бақылау Мысалы, сен бір адаммен ұрысып қалдың. Сол оқиғаны қайта елестеткенде ашуланасың, жылайсың. Осындай кезде өзіңді кино көріп отырғандай елестетесің. Экранда өзіңді көресің, бірақ оқиғаның ішінде емессің. Мақсаты: эмоцияның күшін азайтып, жағдайға сабырмен қарау, басқа шешімдерді байқау. 2. Ассоциация - оқиғаны ішінен сезіну Мысалы, сен 1000 адамның алдында сахнада сөйлегің келеді. Көзіңді жұмып, өзіңді сахнада тұрғандай елестетесің. Залды өз көзіңмен көресің. Микрофонды қолыңмен ұстап тұрсың. Даусыңды естисің. Өзіңді сенімді сезінесің. Мақсаты: алдағы әрекетке психологиялық дайындалу, сенімділікті арттыру, қажетті дағдыны ойша жаттықтыру. Ал ми қайсысын шындық деп қабылдайды? Мұнда маңызды ғылыми түсінік бар. Адам бір әрекетті елестеткенде, сол әрекетті орындауға қатысатын кейбір ми жүйелері белсенді болуы мүмкін. Сондықтан ойша жаттығу нақты дайындыққа көмектеседі. Зерттеулерде тек жағымды нәтижені елестетумен шектелгеннен гөрі, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді және оларды жеңетін нақты әрекеттерді де елестету пайдалырақ екені көрсетілген. Мен ұсынатын 3 қадамдық практика • Нәтижені сезін. Мақсатыңа жеткен сәтті өз көзіңмен көріп, қуанышын сезін. • Кедергіні байқа. Сол мақсатқа жетуге не бөгет болуы мүмкін екенін сырттан бақылағандай қарастыр. • Әрекетті елестет. Кедергіні қалай жеңетініңді, ертең қандай нақты қадам жасайтыныңды ойша орында. Ең маңызды түйін: Визуализацияның күші тек арманыңды көз алдыңа әкелуде емес. Ол - миыңды алдағы әрекетке дайындаудың бір тәсілі. Ал нәтиже қиялдан емес, сол қиялдан кейін жасалған нақты әрекеттен келеді. Егер сіз тән мен миыңызды арықтау әрекеттеріне дайындағыңыз келсе, гипноз сеансты көріңіз. Құны 20 000 тг. 5 сеансты аласыз! wa.me/77085267583
Open in TelegramКеше Шымкентте бір оқырманым кеп: “Неге сіз арықтау туралы гипноз сеансыңыз туралы айтпайсыз? Анам екеуміз сол сеанспен арықтадық” - дейді. Қуанып қалдым. Оған дейін дәрі ішкен, тіпті укол да алыпты. Ең қауіпсіз арықтау жолы - ми мен тәнді программалау екеніне көз жеткізген. Ми күн сайын арықтау туралы сөздерді естіп, артық тамақ, тәттіге құмарлықты азайтқан. Егер сіз білмесеңіз, менің “гипнолог” біліміммен дайындалған арықтау, сауығу гипноз сеанстарым бар. Ол медитация емес. Артық салмақпен күресте жеңіске жете алмай жүрген жақыныңызға айтып көріңіз. Алу үшін: wa.me/77085267583
Open in TelegramМынау менің биылға 4 мақсатым. Залдар жинадым, Астанадан 4 бөлмелі пәтер алдым. Лисян деген көлікті миым қате түсінді ма, Черри рөліне отырдым) Енді қазір Ютуб обучениедемін, осы мақсатқа тағы 130 000 тг салдым. Мақсат күн сайын көзге көрініп тұрса, ниет+амал жасала береді! ПЫСЫ: Арман-мақсатқа жету жолында түрлі әрекет жасаған ұнайд!🚀
Open in TelegramКеше Үкаша атаның басына барып сторис салдым. Содан бері «ол жерде сахаба жерленбеген», «Анау ұстаз былай деді, мынау былай деді», деген пікірлер келіп жатыр. Неге дейм да діни білімді Египет, Сирия, Иран, Өзбекстаннан алған кейбір ұстаздар өз еліміздегі киелі орындарды жоққа шығаруға тым құштар, оны кейде агрессиямен жеткізеді. Неге біз өз тарихымызға келгенде күмәншіл, ал өзгенің тарихына келгенде сенгішпіз? Өзбекстанға келген сахаба біздің жерге келмеп па? Бабаларымыз бұл жерлерді ғасырлар бойы қастерлеп, ұрпаққа аманаттады. Олар ақымақ болған жоқ, бір білгені болған шығар. Үкаша ата басындағы терең құдықтың неге ғасырлар бойы құрметтеліп келеді? Үкаша атаның сахаба болғанын не сол жерде жерленгенін дәлелдеу - тарихшылардың ісі. Бірақ дәлелдің жетіспеді деп бабалар аманатын жоққа шығару қате ғой. Мекке мен Мәдина біз үшін қадірлі. Бірақ ол құрмет өз жерімізді, оның тарихын құрметтеуге кедергі болмауы керек. Қожа Ахмет Йассауи десең бірден сопылық анау-мынау. Диуани хикмет ең көркем дін жеткізу ғой!! Бұл менің жеке көзқарасым. Просто мне обидно: тарихымызды зерттемей, білмей тұрып жоққа шығаруға қатты тырысатындар . Әр аңыздың астарында зерттеуге тұрарлық тарих жатыр ғой! Мен энергия сезем. Үкаша ата басында ерекше күйге бөлендім.
Open in TelegramСерік Ибрагимовпен бір отельде тоқтаппыз. Жаңа ғана бірге шай іштік. Оның “Заманбек” фильмі 1,8 миллиард теңге касса жинады, әлі жинап жатыр. Қазір сол жұмыстарымен Шымкентте жүр екен. Одан тура сұрадым ғой: “Қазір кино түсірмейтін адам жоқ, бәрі жақсы кино түсіріп жатыр. Бірақ неге 1,8 миллиардты дәл сен таптың? Өзіңмен қалай жұмыс істедің?” Оның жауабы: 👇 1️⃣ Ақша мақсатсыз келсе, мақсатсыз кетеді “Заманбектің” бірінші бөлімі 1 миллиард касса жинаған. Бірақ Серік ол ақшаны қалай болса солай жұмсап қойыпты, өйткені нақты мақсат болмаған. Екінші бөлімді қарызға түсірген. Ол мұны жасырмайды, подкасттарда ашық айтып жүр. Қарыздан шығу үшін өз қателіктерін мойындап, солармен жұмыс істеген. Ақша жүрегіне кіріп кеткенін, адамдармен қарым-қатынаста басқа адамға айналғанын мойындаған. Ақша өзін қалай өзгертіп жатқанын саналы түрде түсінген. 2️⃣ Бір жылда 16 кітап оқыған. Барлығы қазақ тілінде: “Кемел адам”, “Қуыс кеуде”, “Мәдени майдан”, “Ғылыми майдан”Саидмурад Давлатовтың кітаптары, “Вавилондағы ең бай адам”. Өз ойымен, өз ойлау жүйесімен жұмыс істеген. Кітап оқыған, өз әрекеттеріне анализ жасаған. 3️⃣ Ең қатты әсер еткені: оның барлық ниеті Құдай арқылы. Құдай арқылы әрекет ететін жігіт екен. Құдайға сенген құстай ұшады! “Адамдардан ештеңе күтпейм, жақсылық жасасам, неге қайтармайды деп күтіп, ренжіп жүрмейм” -дейді. 4️⃣Кино түсіріп қою аз, оны ұялмай тарату Жасаған ісіңді, өніміңді сатудан ұялма. Адамдарға айт, көрсет, күшіңнің көбін соған жұмса. Млрд өз жасаған дүниеңді жақсы көріп, мақтанышпен айта алғанда келеді. 5️⃣ Командасына ықыласы. Кинодағы басты кейіпкер Рамазан Амантаймен бірігуі, оның еңбегін аса жоғары бағалауы бөлек. Көп кәсіпкер командасына келгенде өте сараң. Ал Серік керісінше. Бірінші өз қара басы емес, қасындағы жігіттердің материалдық жағдайын приоритетке қойған! ПЫСЫ: Білім ал, Құдайға сен, адамдардан күтпе, жасаған еңбегіңді ұялмай айт, қасыңдағы адамдардың еңбегін бағала!
Open in TelegramШымкентте Риксос Хадишада осындай орын бар екен. Кітапхананың иісі аңқып тұр. Балалық шағым, күн сайын баратын “Абай” кітапханамыз есіме түсіп кетті. Абай, Шәкәрім, Мәшһүрлермен таныстырған, ең ғажап мекенім!❤️ Тып-тыныш, кітапханашы апайлар сөйлемейтін.
Open in TelegramБрайан Трейси қайтыс болды. Трейсидің танымал жаттығуы күн сайын 10 мақсатыңды жазып, ең маңыздысын анықтау. Көөп адамның мақсатына жетуге, мотивациясына үлкееен үлес қосқан жан! Жаны жәннатта болсын!
Open in TelegramБайқайсыздар ма, бай адамдар өте көп той жасайды. Неге? Өйткені той деген - возвышенная эмоция. Возвышенная эмоция деген квантовый скачок жасаудың, энергияны көбейтудің, жоғарғы вибрацияда өмір сүрудің ең күшті жолы!🚀 Ойлаңызшы: адамдар бір жерге жиналады, көңіл көтереді. Көп адам бір тілекке резонанс жасайды. Жақсы тілектер айтылады, жақсы сөздер айтылады, би биленеді. Мұның бәрі вибрация.😇💸 Соны байлар біледі, сондықтан көп той жасайды. Біз тойды кейде құр шашу деп айтамыз. Бірақ тойдың астарында осындай үлкен нәрсе жатыр. Той деген - несібе. 🙏
Open in TelegramШымкентте бұрын-соңды болмаған «ШЕКСІЗДІК» ретритіне шақырамыз ✨ Бұл күні сіз: 🧠 ми мен ойдың күші туралы жаңа, тың ақпарат естисіз; 🧘 медитация арқылы арманыңызға бір қадам жақындайсыз; 🔑 түпсанаңызбен жұмыс істеп, жаңа ойлау әдеттерін қалыптастыруды үйренесіз; 🎁 бағалы сыйлықтарға ие боласыз! 📅 15 қараша, сағат 11:00 📍 Шымкент, «Евразия Балрум» банкет залы 🎟 Қатысу құны — 10 000 тг Орын брондау үшін WhatsApp-қа жазыңыз 👇 wa.me/77773920100
Open in TelegramЗаметкиімдегі 3 жыл бұрынғы жазба: Төребек Бекбаев семинарынан өміріме қолданатын тұжырымдар Әр істің басында ниет туралауым керек! Ниет туралау үшін ӨЗІМЕ 4 сұрақ қоям: 1) кім үшін? (Алла үшін) 2) кім қалап тұр? (Алла) 3) кімге керек? (Ешкімге) 4) кім шешті? (Алла шешті) Адамда қалау жоқ, мұқтаждық бар. Алла тағала бізге күре тамырдан да жақын! Мен өзімді құл ретінде қабылдамасам, страдать етем. Кім бірінші сәлем берсе, сол жәннатқа кіреді. Кім бірінші кешірім сұраса, сол жәннатқа кіреді. Таңертең тұрғанда алғашқы ойлар приказдар - шайтаннан! (Жата тұрсай, әлі ерте) Балаға приказ бермейміз. Сұрақ қоямыз, миын жұмым істетеміз! Алла бізді жаратқанда сұрақ қойған… ойландырған! Токсикоз - непринятие беременности болғаннан… 3 жастан 6 жасқа дейін баланың установкалары қалыптасады. Осы аралықта жақсы сөз көп айту керек. Мама - денсаулық, социальное положение, личная жизнь. Папа - деньги, идея, цель, уверенность. Күйеуге қалай өмір сүруі керек екенін диктовать етпейміз! Әйтпесе айқша таппай қояды. Әйел сүйікті ісімен айналысады, ақша табу үшін жұмыс істемейді. Біздегі сезімдердің бәрі Алладан. Әр сезімді адресі бойынша өзімізден шығарып, апарып отыруымыз керек. Өзімізді кіналі сезінсек, притягиваем наказание. Самооценка жоқ! Баға бермейміз, просто бағалаймыз! Кешірім сұраған кезде гордыня сынад, көркем мінез пайда болады! Когда что-то делаю ради себя, я страдаю! А когда ради Аллаха - легко, наслаждение! Дети - отражение отношений родителей! Женщина - чувство, мужчина - решение! Сезімді айтып білдіріп отыруымыз керек! Ер адамды тірілту үшін сезім береміз. Әйелдің сезімі - бензин! Күйеу - машина! У женщины есть оружия - слабость, мягкость, женственность, нежность, тепло, уют. Осы қаруларымыз болса, вся вселенная будет помогать! Женская энергия - это чувства! Надо разгружать чувства! Қай жерінде секта? Дұрыс әңгіме ғой??
Open in Telegram