Account

Posts of 🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК

newest first

#3843Video

🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области окончено расследование по факту хищения бюджетных средств при закупке медицинского оборудования для Казыгуртской районной центральной больницы и легализации преступных доходов Установлено, что бывший главный врач больницы совместно с предпринимателем организовали схему хищения средств, выделенных на приобретение системы медицинского кислородоснабжения, необходимой для оказания помощи пациентам в реанимации. Для реализации схемы единый медицинский комплекс искусственно разделили на отдельные товары, закупку которых оформили по завышенным ценам через подконтрольные компании. При этом фактически оборудование поставила и установила иная организация. ❗️ В результате государству причинен ущерб на сумму 117 млн теңге. Часть преступных доходов легализована путем приобретения недвижимости и оформления ее на родственника. 👨‍⚖️ Приговором суда бывший главный врач осужден к 8 годам лишения свободы, предприниматель — к 7 годам лишения свободы. В доход государства конфискованы квартира в столице и два автомобиля. ⚠️ Приговор не вступил в законную силу. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1UcGaJLtf9wmyK6HHohvQzOr91qCkPmgd?usp=drive_link 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views1,260−47%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3842Video

🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына медициналық жабдық сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады Тергеу барысында аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер реанимациядағы науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті оттегімен жабдықтау жүйесін сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Аталған схеманы іске асыру үшін бірыңғай медициналық кешен бірнеше бөлек тауарға бөлініп, оларды сатып алу өздеріне бағынышты компаниялар арқылы нарықтық бағадан жоғары құнмен рәсімделген. Алайда іс жүзінде жабдықты жеткізіп, орнату жұмыстарын басқа ұйым жүзеге асырған. ❗️Нәтижесінде мемлекетке 117 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жылжымайтын мүлік сатып алу және оны туысының атына рәсімдеу арқылы заңдастырылған. 👨‍⚖️ Сот үкімімен аурухананың бұрынғы бас дәрігері 8 жылға, ал кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар мемлекет кірісіне елордадағы пәтер мен екі автокөлік тәркіленді. ⚠️ Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1UcGaJLtf9wmyK6HHohvQzOr91qCkPmgd?usp=drive_link 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views1,240−48%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3841Video

🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области проводится расследование по факту хищения бюджетных средств, выделенных на субсидирование приобретения сельскохозяйственного оборудования ➡️ По версии следствия, подозреваемый организовал схему хищения субсидий, сосредоточив под своим контролем коммерческие организации, выступавшие в качестве поставщика оборудования, лизингодателя и получателей государственной поддержки. Так, через ТОО «Агрохолдинг Туркестан» и ТОО «JMJ-Агро» оформлены заявки на получение субсидий для приобретения 81 дождевальной машины. В качестве лизингодателя выступала подконтрольная микрофинансовая организация «АгроПромЛизинг», на специальный счёт которой из бюджета перечислены субсидии. Однако 37 дождевальных машин фактически не поставлены и не смонтированы. Несмотря на это, оформлены акты приёма-передачи, содержащие недостоверные сведения о полном исполнении обязательств. В дальнейшем бюджетные средства перечислены на счета подконтрольных организаций. В результате государству причинён ущерб на сумму 1,1 млрд теңге. 👨‍⚖️ Подозреваемый помещен под стражу. Расследование продолжается. Иная информация в порядке ст.201 УПК РК разглашению не подлежит. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1SyMNnV9GQxYewABWSEqMkRkCEhkXJYoI?usp=drive_link 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views1,790−24%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3840Video

🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған субсидияларды жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. ➡️ Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті субсидияларды жымқыру схемасын ұйымдастырып, техника жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы ретінде әрекет еткен коммерциялық ұйымдарды өз бақылауына алған. Атап айтқанда, «Агрохолдинг Туркестан» және «JMJ-Агро» ЖШС арқылы 81 жаңбырлатып суару машинасын сатып алуға субсидия алу үшін өтінімдер рәсімделген. Лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы «АгроПромЛизинг» микроқаржы ұйымы әрекет еткен. Бюджет қаражаты осы ұйымның арнайы шотына аударылған. Алайда 37 жаңбырлатып суару машинасы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған. Соған қарамастан, міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген қабылдау-тапсыру актілері рәсімделген. Кейін бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шоттарына аударылған. Нәтижесінде мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. 👨‍⚖️ Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1SyMNnV9GQxYewABWSEqMkRkCEhkXJYoI?usp=drive_link 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views1,720−27%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3839Video

🏦 Столичным Департаментом АФМ выявлена схема хищения государственных грантов на коммерциализацию научных разработок По материалам дела, в 2023 году индивидуальный предприниматель получил от АО «Фонд науки» грант на реализацию проекта «Организация производства по регенерации и очистке растительных масел» с общим объемом финансирования до 350 млн теңге. При этом денежные средства выводились через счета подконтрольных компаний под видом оплаты оборудования, сырья, маркетинговых услуг и других товаров. В частности, вместо предусмотренных проектом трех производственных линий из нержавеющей стали приобретены лишь две установки из углеродной стали, не соответствующие техническим требованиям. Выпуск и реализация готовой продукции не осуществлялись. ⚠️ В результате государству причинен ущерб на сумму свыше 297 млн теңге. Похищенные средства переведены на счета двух аффилированных компаний под видом оплаты поставки отработанного растительного масла. В дальнейшем часть указанных средств возвращена на счета ИП и оформлена в качестве собственного софинансирования проекта, а также направлена на первоначальные взносы по договорам лизинга автомобилей. Более того сотрудник АО «Национальный центр государственной научно-технической экспертизы», ответственный за мониторинг проекта, за незаконное вознаграждение в размере 1,7 млн теңге не отразил выявленные нарушения в актах проверок и рекомендовал продолжить финансирование. 👨‍⚖️ Двое подозреваемых помещены под стражу. 🧑‍⚖️ С санкции суда наложен арест на 6 автомобилей, квартиру и оборудование. Расследование продолжается. Иная информация в порядке ст. 201 УПК РК разглашению не подлежит. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1HAyOziPo0UO56NrJVxK1OQaEz2mX7bIq?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,460+4%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3838Video

🏦 ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бөлінген мемлекеттік гранттарды жымқыру схемасын анықтады Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылы жеке кәсіпкер «Ғылым қоры» акционерлік қоғамынан «Өсімдік майларын қайта өңдеу және тазарту өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асыру үшін жалпы қаржыландыру көлемі 350 млн теңгеге дейінгі грант алған. Алайда қаражат жабдықтар, шикізат, маркетингтік қызметтер және басқа да тауарлар үшін төлем жасау деген желеумен бақылаудағы компаниялардың шоттарына аударылып отырған. Атап айтқанда, жобада көзделген дат баспайтын болаттан жасалған үш өндірістік желінің орнына техникалық талаптарға сәйкес келмейтін, көміртекті болаттан жасалған екі қондырғы ғана сатып алынған. Дайын өнім өндірілмеген және сатылмаған. ⚠️ Нәтижесінде мемлекетке 297 млн теңгеден астам залал келтірілген. Жымқырылған қаражат пайдаланылған өсімдік майын жеткізуге төлем жасау деген желеумен өзара байланысты екі компанияның шотына аударылған. Кейін бұл қаражаттың бір бөлігі жеке кәсіпкерліктің шоттарына қайтарылып, жобаға қосқан өз қаражаты ретінде рәсімделген. Сондай-ақ қаражаттың бір бөлігі автокөліктерді лизингке алу шарттары бойынша бастапқы жарналарды төлеуге жұмсалған. Бұдан бөлек, жобаның іске асырылуын бақылауға жауапты «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ қызметкері 1,7 млн теңге заңсыз сыйақы алып, анықталған заңбұзушылықтарды тексеру актілерінде көрсетпеген және жобаны қаржыландыруды жалғастыруға ұсыным берген. 👨‍⚖️ Екі күдікті қамауға алынды. 🧑‍⚖️ Сот санкциясымен 6 автокөлікке, пәтерге және жабдықтарға тыйым салынды. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1HAyOziPo0UO56NrJVxK1OQaEz2mX7bIq?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views1,960−17%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3837Video

🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі Республикалық қаржылық қауіпсіздік диктантына қатысуға шақырады! Бұл — алаяқтық схемаларды тану, жеке деректерді қорғау, кредиттер мен инвестицияларға қатысты қаржылық сауаттылығыңызды тексеруге мүмкіндік. 📌 Диктант туралы: 🔵20 сұрақ 🔵25 минут 🔵Қазақ және орыс тілдерінде ➡️ Қатысушылар: 6–11 сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, ересектер және қаржылық мониторинг субъектілері. 📆 Өткізу мерзімі: 23 қараша – 4 желтоқсан 2026 жыл. 🌐 Қатысу үшін: https://afm2026.kz/ Бүгінгі білім — ертеңгі қаржылық қауіпсіздігіңіздің кепілі! ⚜️⚜️⚜️ 🏦 Агентство по финансовому мониторингу приглашает принять участие в Республиканском диктанте по финансовой безопасности! Это отличная возможность проверить свои знания о мошеннических схемах, защите персональных данных, кредитах и инвестициях, а также повысить уровень финансовой грамотности. 📌 Формат диктанта: 🔵20 вопросов 🔵25 минут на прохождение 🔵Казахский и русский языки ➡️ Участники: школьники 6–11 классов, студенты, взрослые и субъекты финансового мониторинга. 📆 Даты проведения: 23 ноября – 4 декабря 2026 года. 🌐 Пройти диктант можно на сайте: https://afm2026.kz/ Знания сегодня — защита ваших финансов завтра! 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,410+2%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3836Video

🏦 Столичным департаментом АФМ окончено расследование в отношении 5 лиц, подозреваемых в организации и руководстве деятельностью финансовой пирамиды «Buyers Union» Для придания видимости законности использовался статус потребительского кооператива, арендовались офисы в крупных бизнес-центрах и создавались региональные подразделения. Разветвленная сеть офисов действовала в Астане, Актау, Актобе, Уральске, Атырау, Кокшетау, Караганде, Таразе, Шу, Алматы, Шымкенте и других населенных пунктах Казахстана. Гражданам через социальные сети и интернет-площадки рекламировалась возможность получить «беспроцентный» заем на приобретение жилья или автомобиля, рефинансировать действующие кредиты либо воспользоваться программами Trade-in. При этом одним из ключевых условий получения займа являлось привлечение новых пайщиков: после внесения первоначального паевого взноса гражданин становился в очередь, а ее продвижение зависело от поступления денежных средств от новых участников. Для взаимодействия с пайщиками применялись цифровые платформы «TrustContact» и «TrustMe», позволявшие заключать договоры онлайн, пользоваться личным кабинетом и отслеживать внесенные средства и продвижение очереди. ⚠️ В результате с 332 гражданами заключены договоры на общую сумму более 562 млн теңге. 🧑‍⚖️ С санкции суда наложен арест на 6 автомашин, криптоактивы в размере 5 513 USDT и 1 003 Futeres. Уголовное дело направлено в суд. Иная информация в порядке ст. 201 УПК РК разглашению не подлежит. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1APhmfXM8ZRfmJ0Bg6oz-gbzaH2-zjoxi?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,300−3%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3835Video

🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Buyers Union» қаржы пирамидасының жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген 5 адамға қатысты тергеуді аяқтады Күдіктілер өз қызметін заңды етіп көрсету үшін тұтыну кооперативі мәртебесін пайдаланған. Ірі бизнес орталықтарынан кеңселер жалдап, өңірлерде бөлімшелер ашқан. Кеңселер желісі Астана, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Тараз, Шу, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің басқа да елді мекендерінде жұмыс істеген. Әлеуметтік желілер мен интернет платформаларында азаматтарға баспана немесе автокөлік сатып алу үшін «пайызсыз» қарыз алу, қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру немесе Trade-in бағдарламаларын пайдалану мүмкіндігі жарнамаланған. Алайда қарыз алудың басты шарттарының бірі кооперативке жаңа мүшелер тарту болған. Азаматтар бастапқы үлестік жарнасын төлегеннен кейін кезекке тұрған. Ал кезектің жылжуы жаңадан қосылған қатысушылардың қанша ақша салғанына байланысты болған. Кооператив мүшелерімен жұмыс істеу үшін «TrustContact» және «TrustMe» цифрлық платформалары пайдаланылған. Олар арқылы келісімшарттарды онлайн жасасуға, жеке кабинетке кіруге, салған қаражатты және кезектің жылжуын бақылауға мүмкіндік берілген. ⚠️ Осылайша 332 азаматпен жалпы сомасы 562 млн теңгеден асатын келісімшарттар жасалған. 🧑‍⚖️ Соттың рұқсатымен 6 автокөлікке, 5 513 USDT және 1 003 Futeres көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1APhmfXM8ZRfmJ0Bg6oz-gbzaH2-zjoxi?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,140−10%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3834Video

🏦 Столичным департаментом АФМ окончено расследование в отношении организатора сети ломбардов «01market» по факту незаконного осуществления микрофинансовой деятельности По данным следствия, с 2021 года под видом комиссионной торговли через подконтрольные ТОО «INVEST PRO KZ», ИП «Исмагулов Р.Б.» и ИП «Pro Kz» фактически выдавались займы под залог имущества без обязательной лицензии. Для сокрытия реального характера операций с клиентами оформлялись залоговые билеты, создававшие видимость комиссионных сделок. При этом денежные средства выдавались наличными, а платежи по процентам, пролонгации займов и штрафам поступали на счета указанных субъектов предпринимательства. Займы предоставлялись сроком на 30 дней с начислением вознаграждения до 0,25% в день. При просрочке предусматривались дополнительные штрафы, а в случае их неуплаты залоговое имущество реализовывалось. ⚠️ Доход от незаконной деятельности превысил 102 млн теңге. 🧑‍⚖️ В целях обеспечения конфискации имущества с санкции суда наложен арест на две квартиры, три автомашины и два офисных помещения. Уголовное дело направлено в суд. Иная информация в соответствии со ст.201 УПК РК разглашению не подлежит. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1N81Qt7PZz9Ha9P8QfXRAXUzKjGaaTIX6?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,530+7%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3833Video

🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «01market» ломбардтар желісін ұйымдастырушыға қатысты микрокаржылық қызметпен заңсыз айналысу дерегі бойынша тергеуді аяқтады Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан бері күдіктінің бақылауындағы «INVEST PRO KZ» ЖШС, «Исмагулов Р.Б.» және «Pro Kz» жеке кәсіпкерліктері комиссиялық сауданы бүркемелеп, тиісті лицензиясыз мүлікті кепілге алып, қарыз беріп келген. Олар қызметінің шынайы сипатын жасыру үшін клиенттерге комиссиялық сауда мәмілесі жасалғандай етіп кепіл билеттерін рәсімдеген. Қарыз қолма-қол ақшамен беріліп, оның пайызы, мерзімін ұзартқаны үшін алынатын төлемдер мен айыппұлдар аталған кәсіпкерлік субъектілерінің шоттарына түсіп отырған. Қарыз 30 күнге беріліп, оған күніне 0,25%-ға дейін сыйақы есептелген. Қарызды уақытында қайтармағандарға қосымша айыппұл салынып, ол төленбеген жағдайда кепілге қойылған мүлік сатылған. ⚠️ Заңсыз қызметтен түскен табыс 102 миллион теңгеден асқан. 🧑‍⚖️ Мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен екі пәтерге, үш автокөлікке және екі кеңсеге тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1N81Qt7PZz9Ha9P8QfXRAXUzKjGaaTIX6?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,410+2%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3832Video

🏦 Департаментом АФМ по г.Алматы при координации прокуратуры окончено расследование в отношении директора ТОО «Bal halal» по факту хищения средств, выделенных АО «Фонд науки» на коммерциализацию научных разработок В 2023–2024 годах ТОО «Bal halal» получило финансирование на сумму 1,15 млрд теңге по четырем проектам, предусматривавшим производство инновационных макаронных изделий из растительного сырья и обогащенной микронутриентами муки. Выделенные средства предназначались для закупа оборудования, подготовки производственных помещений, приобретения сырья и комплектующих, выполнения монтажных и ремонтных работ и организации выпуска готовой продукции. В ходе следственных экспериментов установлено, что закупленное оборудование не позволяет производить продукцию, предусмотренную проектами. Для вывода денежных средств использовалось ТОО «SMART 15», зарегистрированное на аффилированных лиц. Под видом оплаты оборудования и иных услуг на счета указанной компании перечислено 736,4 млн теңге. Кроме того, в схеме участвовали и другие субъекты предпринимательства, в том числе ТОО «Фабрика рекламы Шымкент», ТОО «Jana tan», ИП «Sisters Brand KZ». При этом контроль за реализацией проектов носил формальный характер. Акты мониторинга составлялись без фактического выезда на производственные объекты и проверки выполненных работ. Документы подготавливались работниками ТОО «Bal halal» и подписывались членами мониторинговых групп, что создавало видимость надлежащего контроля за использованием государственных средств. По данным следствия, после обналичивания с целью легализации подозреваемая внесла 88,5 млн теңге наличными на банковские счета ТОО «Bal halal», представив их в качестве собственных средств софинансирования проектов. ⚠️ В результате общий ущерб составил 945 млн теңге. 👨‍⚖️ Подозреваемая помещена под стражу. 🧑‍⚖️ С санкции суда наложен арест на ее имущество стоимостью 830 млн теңге, включая 5 земельных участков, 4 автомашины, квартиру в столице, коммерческое помещение и ювелирные изделия. Иная информация в порядке ст.201 УПК РК разглашению не подлежит. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1AE_SoNd0LuHtsLR0A2W7RISZ-6QiHhKy?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views3,370+42%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3831Video

🏦 ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Ғылым қоры» АҚ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бөлген қаражатты жымқыру дерегі бойынша «Bal halal» ЖШС директорына қатысты тергеуді аяқтады 2023–2024 жылдары «Bal halal» ЖШС төрт жобаны іске асыру үшін 1,15 млрд теңге қаржы алған. Бұл жобалар аясында өсімдік шикізатынан инновациялық макарон өнімдерін және микронутриенттермен байытылған ұн өндіру көзделген. Бөлінген қаржыға құрал-жабдық сатып алу, өндірістік орынжайларды дайындау, шикізат пен қажетті бөлшектерді алу, жабдықтарды орнату, жөндеу жұмыстарын жүргізу және дайын өнім шығаруды жолға қою жоспарланған. Алайда тергеу кезінде сатып алынған жабдықтардың жобаларда көрсетілген өнімдерді өндіруге жарамайтыны анықталды. Қаражатты заңсыз шығару үшін күдіктімен байланысы бар адамдардың атына тіркелген «SMART 15» ЖШС пайдаланылған. Жабдық сатып алу мен түрлі қызметтердің ақысын төлеу деген желеумен осы компанияның есепшоттарына 736,4 млн теңге аударылған. Бұдан бөлек, бұл іске «Фабрика рекламы Шымкент», «Jana tan» ЖШС-тері мен «Sisters Brand KZ» жеке кәсіпкерлігі және басқа да кәсіпкерлік субъектілері қатысқан. Жобалардың іске асырылуын қадағалау да қағаз жүзінде ғана жүргізілген. Мониторинг актілері өндіріс орындарына бармай, атқарылған жұмыстарды тексермей жасалған. Құжаттарды «Bal halal» ЖШС қызметкерлері әзірлеп, мониторинг топтарының мүшелері қол қойған. Осылайша мемлекет қаржысының жұмсалуы тиісті деңгейде қадағаланып жатқандай көрініс жасалған. Тергеу дерегінше, күдікті заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың 88,5 млн теңгесін заңдастыру мақсатында «Bal halal» ЖШС-нің банк есепшоттарына қолма-қол енгізген. Бұл ақшаны жобаларды бірлесіп қаржыландыруға қосқан өз қаражаты ретінде көрсеткен. ⚠️ Салдарынан келтірілген жалпы шығын 945 млн теңгеге жеткен. 👨‍⚖️ Күдікті қамауға алынды. 🧑‍⚖️ Соттың санкциясымен күдіктінің жалпы құны 830 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 5 жер телімі, 4 автокөлік, Астанадағы пәтер, коммерциялық үй-жай және зергерлік бұйымдар бар. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1AE_SoNd0LuHtsLR0A2W7RISZ-6QiHhKy?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,480+5%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3830Photo

🏦 📣📣📣📣РОЗЫСК!   Департаментом АФМ по СКО объявлен в межгосударственный розыск: 🚨 Лория Григорий Отарович, 18.03.1954 года рождения, гражданин Республики Казахстан, бывший президент ТОО «Футбольный клуб «Қызыл-Жар СҚ». Он подозревается в хищении бюджетных средств и уклонении от уплаты налогов на общую сумму свыше 414 млн теңге. В 2023 году на финансирование деятельности футбольного клуба из местного бюджета выделено 1,7 млрд теңге. По версии следствия, подозреваемый, действуя в сговоре с главным бухгалтером и другими лицами, использовал фиктивные финансовые документы, организовал необоснованные перечисления денежных средств на личные счета, а также обеспечил внесение заведомо недостоверных сведений в бухгалтерскую и налоговую отчётность. В частности, в налоговых декларациях занижались доходы работников, фонд оплаты труда и совокупный годовой доход организации. Если Вам стала известна какая-либо информация о местонахождении разыскиваемого лица, просим сообщить в Агентство по финансовому мониторингу по телефону: + 7 7172 70 84 78 - дежурная часть. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1O91GXIAKzFHbU_bJ4Inr8tHfYcvhXdCP?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,650+12%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3829Photo

🏦 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ! ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекетаралық іздеу жариялады. Іздеуде жүрген азамат: 🚨 Лория Григорий Отарович, 1954 жылғы 18 наурызда туған, Қазақстан Республикасының азаматы, «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы» ЖШС-нің бұрынғы президенті. Ол жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген. 2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген. Тергеу дерегіне сай, күдікті бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жалған қаржылық құжаттарды пайдаланған, қаражаттың жеке шоттарға негізсіз аударылуын ұйымдастырған. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігіне көрінеу жалған мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз еткен. Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры және ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген. Егер іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауыңызды сұраймыз. Байланыс телефондары: +7 (7172) 70-84-78 — кезекші бөлім. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1O91GXIAKzFHbU_bJ4Inr8tHfYcvhXdCP?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,330−2%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3828Video

🏦 Департаментом АФМ по области Абай при координации прокуратуры пресечена деятельность группы, организовавшей незаконную добычу золота в Жарминском районе По данным следствия, незаконные работы велись в 10 км от поселка Жангизтобе без соответствующего разрешения. Золотосодержащую руду добывали открытым способом и промывали с использованием специального оборудования. ⌛ При осмотре участка обнаружен карьер глубиной 15 метров. Объем незаконно извлеченной горной массы превысил 12 тыс. куб. метров, площадь поврежденного плодородного слоя почвы составила более 4 тыс кв. метров. ❗️ В ходе оперативно-розыскных мероприятий установлены девять причастных лиц. С места незаконной добычи изъяты оборудование для промывки и дробления руды, семь мешков с содержанием золота, два металлоискателя, два погрузчика и экскаватор. Расследование продолжается. Иная информация в порядке ст.201 УПК РК разглашению не подлежит. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1-_WnTu8H_i-JmsweiZOb9cal1VGUMBag?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,590+9%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3827Video

🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған топтың әрекетін тоқтатты Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыстық топ Жаңғызтөбе кентінен 10 шақырым жерде тиісті рұқсатсыз алтын өндірген. Құрамында алтыны бар кенді ашық әдіспен қазып алып, арнайы жабдықтардың көмегімен шайып отырған. ⌛ Аумақты тексеру кезінде тереңдігі 15 метрлік карьер анықталды. Заңсыз қазып алынған тау жыныстарының көлемі 12 мың текше метрден асқан. Сондай-ақ 4 мың шаршы метрден астам жердің құнарлы топырақ қабаты бүлінген. ❗️ Жедел іздестіру шаралары барысында бұл іске қатысы бар тоғыз адам анықталды. Заңсыз кен өндірілген жерден кенді шаюға және ұсақтауға арналған жабдықтар, құрамында алтыны бар жеті қап материал, екі металл іздегіш құрал, екі тиегіш және бір экскаватор тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1-_WnTu8H_i-JmsweiZOb9cal1VGUMBag?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,300−3%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3826Video

🏦 АФМ окончено расследование по факту пособничества в незаконной организации деятельности интернет-казино По данным следствия, через платёжную инфраструктуру трех подконтрольных компаний, включавшую сотни терминалов в различных банках, проводились операции в интересах зарубежных интернет-казино, включая Nomadgames, Sultangames, Pinco, Pin-UP, Vavada, Mostbet и 1WIN. 🍵 Общий объём операций составил 191 млрд теңге, расчётное комиссионное вознаграждение — 286 млн теңге. Для сокрытия назначения платежей использовались реквизиты юридических лиц и индивидуальных предпринимателей, в том числе без их ведома. На их имя открывались интернет-эквайринговые терминалы, а фиктивные договоры и сайты имитировали оплату товаров и услуг. Средства переводились иностранным контрагентам, в том числе через криптовалюту. 👨‍⚖️ Организатор помещён под стражу. 🧑‍⚖️ С санкции суда наложен арест на четыре транспортных средства и 103 млн теңге наличными. Уголовное дело направлено в суд. Иная информация в соответствии со ст.201 УПК РК разглашению не подлежит. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1elm5CX7u56VUgp2Aq0dQeFpkut8W9ytH?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,800+18%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3825Video

🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жәрдемдесу дерегі бойынша тергеуді аяқтады Тергеу мәліметінше, күдіктілер өздерінің бақылауындағы үш компанияның төлем жүйесін пайдаланып, шетелдік интернет-казинолардың пайдасына ақша аударып отырған. Бұл жүйеге түрлі банктерде орнатылған жүздеген терминал кірген. Олардың қатарында Nomadgames, Sultangames, Pinco, Pin-UP, Vavada, Mostbet және 1WIN интернет-казинолары бар. 🍵 Жүргізілген операциялардың жалпы көлемі 191 млрд теңгеге, ал есептелген комиссиялық сыйақы 286 млн теңгеге жеткен. Ақшаның қандай мақсатқа аударылғанын жасыру үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің деректемелері пайдаланылған. Кейбірі өз деректерінің пайдаланылғанынан бейхабар болған. Олардың атына интернет арқылы төлем қабылдайтын терминалдар тіркелген. Ал жалған шарттар мен арнайы жасалған сайттар арқылы ақша тауарлар мен қызметтердің ақысы ретінде төленгендей көрсетілген. Қаражат шетелдік тараптарға, соның ішінде криптовалюта арқылы аударылған. 👨‍⚖️ Қылмысты ұйымдастырған адам қамауға алынды. 🧑‍⚖️ Соттың рұқсатымен төрт көлікке және 103 млн теңге қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1elm5CX7u56VUgp2Aq0dQeFpkut8W9ytH?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,540+7%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3824Video

🏦 В Кызылординской области осуждены организаторы незаконного криптообменника и легализации преступных доходов Следствием установлено, что осужденные осуществляли незаконную торговлю криптовалютой через P2P-платформу Binance вне торговых площадок Международного финансового центра «Астана», без соответствующего разрешения. ⚠️ В результате реализованы цифровые активы на сумму свыше 1 млрд теңге, доход от незаконного криптообмена составил 178 млн теңге. Кроме того, один из осужденных занимался легализацией денежных средств, полученных от продажи наркотиков. 💳 Для приёма и перевода денег привлекались дропперы, предоставлявшие свои банковские счета. Общая сумма таких переводов составила более 600 млн теңге. Полученные средства конвертировались в криптовалюту и переводились на кошельки наркоторговцев. Общий объём установленных переводов составил 277 тыс USDT. На преступные доходы осужденные приобретали грузовые автомобили и прицепы, регистрируя их на близких родственников. В дальнейшем транспортные средства использовались в коммерческой деятельности и сдавались в аренду юридическим лицам. 👨‍⚖️ Приговором суда им назначено наказание в виде 3 и 2 лет ограничения свободы, в доход государства конфискованы 4 единицы спецтехники, а также преступный доход на сумму свыше 1 млрд теңге. Приговор вступил в законную силу. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1XjorxNom1EXtFQ0hbQEj-PwfmKFqAPas?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,950+25%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3823Video

🏦 Қызылорда облысында криптовалютаны заңсыз айырбастауды ұйымдастырып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырған адамдар сотталды Тергеу барысында олардың тиісті рұқсатсыз, «Астана» халықаралық қаржы орталығының сауда алаңдарынан тыс жерде Binance платформасының P2P қызметі арқылы криптовалютаны заңсыз саудалағаны анықталды. ⚠️ Осылайша олар 1 млрд теңгеден астам сомаға цифрлық активтер сатқан. Криптовалютаны заңсыз айырбастаудан түскен табыс 178 млн теңгеге жеткен. Сонымен қатар сотталғандардың бірі есірткі сатудан түскен ақшаны заңдастырумен айналысқан. 💳 Ақшаны қабылдау және басқа шоттарға аудару үшін өздерінің банк шоттарын пайдалануға берген адамдарды (дропперлерді) тартқан. Осы шоттар арқылы 600 млн теңгеден астам ақша аударылған. Түскен ақша криптовалютаға айырбасталып, есірткі саудагерлерінің криптоәмияндарына жіберілген. Тергеу анықтаған мұндай аударымдардың жалпы көлемі 277 мың USDT-ге жеткен. Сотталғандар қылмыстық жолмен тапқан ақшасына жүк көліктері мен тіркемелер сатып алып, оларды жақын туыстарының атына тіркеген. Кейін бұл көліктерді кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып, заңды тұлғаларға жалға берген. 👨‍⚖️ Сот үкімімен олардың біріне үш жыл, екіншісіне екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ төрт арнайы техника мен қылмыстық жолмен алынған 1 млрд теңгеден астам табыс мемлекет пайдасына тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді. Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1XjorxNom1EXtFQ0hbQEj-PwfmKFqAPas?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views2,630+11%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#3822Video

🏦 📣📣📣📣РОЗЫСК! Агентством по финансовому мониторингу объявлены в розыск: 🔴 Дмитрий Пунин, 08.02.1985 года рождения, гражданин Российской Федерации, мера пресечения - содержание под стражей; 🔴 Марина Ильина, 11.02.1989 года рождения, гражданка Украины, мера пресечения - содержание под стражей. 🍵 Они подозреваются в организации незаконной деятельности интернет-казино Pinco и Pin-Up, ориентированных на казахстанских пользователей. По данным следствия, для реализации схемы была создана разветвлённая международная инфраструктура, включавшая подконтрольные компании, платёжные организации и банковские инструменты. Казахстанским звеном этой системы стало ТОО «Бонами», получившее лицензию на букмекерскую деятельность под брендом PIN-UP.KZ. При этом легальный букмекерский бизнес использовался для прикрытия деятельности интернет-казино. Для обеспечения денежных потоков использовались приобретённые платёжные организации, номинальные руководители и сеть банковских терминалов. Их подключение и функционирование обеспечивалось при содействии представителей финансового сектора. В результате сформирована сеть из 24 платёжных терминалов, открытых в различных банках и финансовых организациях, 14 из которых использовались для приёма денежных средств. ⚠️ Масштаб финансовых операций превысил 106 млрд теңге. ☎️ Если Вам стала известна какая-либо информация о местонахождении разыскиваемых лиц, просим сообщить в Агентство по финансовому мониторингу по телефону: + 7172 70 84 78 - дежурная часть. Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/165OH4dXBLYo0wDxzZhT-xK9Z_ztFCqrC?usp=sharing 📞 Call-center: 1458 _______________ @afm_rk 📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Open in Telegram
Views3,220+36%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—