Ұмыту – Алланың үлкен нығметтерінің бірі. Егер адамға ұмыту қасиеті берілмегенде, өткеннің өкініші мен көрген қасіретінің ауыр естелігі оның қалған ғұмырын да жалмап жұтар еді. Бәрінде бір хайыр бар.
Open in TelegramPosts of Абылай Кенжалы
Бұрын тредсте оқыған ең жақсы сөз мынау болды. Авторы есімде жоқ: – Жасым 26-да. Университетке түсуге енді кеш. Төрт жыл оқысам 30-ға келемін. – Университетте оқымасаң да, төрт жылдан кейін 30-ға келесің ғой)
Open in TelegramКей адамдарға тым жақсы қарым-қатынас жасасаң, олар сені жақсы адам деп емес, керісінше, өздерін тым керемет адаммын деп ойлай бастайды. ©️авторы белгісіз
Open in TelegramForwarded from Ержан Бақытжанұлы
Жүрек тазалығының белгісі: өзгенің қуанышына шынайы қуана білу.
Open in TelegramӨзін мінсіз етіп көрсетуге тырысатын ит күндердің күні байқаусызда үріп қояды. (араб мақалы)
Open in TelegramЖау жинама. Бәріне мейірімді бол. Бірақ шоқпарың дайын болсын. Адамның тұлға боп қалыптасуына досы мен өз ортасы қалай әсер етер болса, жауы да дәл солай әсер етеді екен. Кей ізгілер адамды досына қарап емес, жауына қарап таны деген. Дұшпаның кім? Кей адамдар онымен жау болуға да татымайды. Ал сен оларды ойлап әбігерге түсіп жүрсің. Дұшпаныңның деңгейін көтер. Сонда айналаңдағы бықи-шықилар көзден таса бола бастайды. Сол арқылы өз деңгейінді де көтересің. Зұлымдыққа жау бол, арсыздыққа жау бол, шайтанға жау бол.
Open in Telegram“Егер жазғыру, іштегіні шығарып тастау мәселені шешер болса болса, Юсуф пайғамбар ішіне жасырып қалмас еді” деген нақыл бар. لو كان العتاب حلا لما أسرها يوسف في نفسه Кейде көну керек. Кейде іште сақтап қалған да жақсы. Бүкіл нәрсені шығарып тастау міндет емес.
Open in TelegramХадистерде айтылатын көп нәрселер шын өмірде қиын. Бірақ сол қиындық үшін ғой жәннәт. Жету жеңіл болса жәннәттің құндылығы да аз болар еді.
Open in TelegramОсы хадистегі “ашу” жай бір ашу емес, басың кетіп қалған кез ғой) Міне, сол кезде сабыр ету керек.
Open in TelegramПайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Нағыз күшті адам күресте қарсыласын жеңген адам емес. Нағыз күшті адам – ашуланған кезде өзін ұстай білген адам». (Бұхари-Муслим)
Open in Telegramno risk – no rizq. more risk – more rizq. ризықтың risk-ке бір грамм қатысы жоқ. жай ванильді цитаталар ғана. no zikr – no rizq. no istighfar – no rizq. осылай болуы керек.
Open in TelegramНағыз еркектігің кофейняда қою қара қантсыз эспрессо ішумен өлшенбейді. Нағыз еркектік – сол кофейняда ешбір қызға көз тікпей, нәпсіңе ие боп отыруың.
Open in TelegramСайқымазақты сайқымазақ болғаны үшін кінәлама. Одан да өзіңнің неге әлі циркте жүргеніңді ойлан. ©️авторы белгісіз
Open in Telegram