Елімізде шетелдіктерге ЖСН алу тәртібі өзгереді 6 желтоқсаннан бастап ЖСН алуға өтініш берген шетелдіктер қосымша тексеруден өтеді. Құжаттағы қателерді түзетуге енді екі сағат қана беріледі. Жаңа талап бойынша өтініш берушілердің деректері иммигранттардың бірыңғай дерекқорымен салыстырылады. Ал олардың мемлекеттік шекараны кесіп өткен-өтпегені «Бүркіт» жүйесі арқылы тексеріледі. Егер құжатта қате болса немесе қажет құжаттар толық тапсырылмаса, өтініш цифрлық күту парағына енгізіледі. Белгіленген екі сағат ішінде кемшіліктер түзетілмесе, ХҚКО құжаттарды қабылдаудан бас тартады. ЖСН рәсімдеу бұрынғыдай тегін. Қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в TelegramПосты канала Тіл кеспек жоқ
Қазақ мұғалім Рамзан Қадыровтан оқушыларды Шешенстанға апаруды сұрады Шешенстан басшысы халықпен тікелей эфир арқылы кездесу өткізді. Кездесуда қазақ мұғалім Ахмат Мучулаев оған өтініш жасады. Оның сөзінше, оқушылар Шешенстанға барып, өлкенің тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрімен танысқысы келеді. Сол себепті ол Қадыровтан балаларды орналастыруға және оларға экскурсия ұйымдастыруға көмектесуді сұрады. Шешен басшысы өтінішті қолдап, орынбасарына бұл мәселені бақылауға алып, қажет көмек көрсетуді тапсырды.
Открыть в TelegramЕлімізде үш номиналдағы ескі банкнот айналымнан шығады Ұлттық банк мәліметінше, банкноттардың айналым мерзімі мына күндері аяқталады: ▪️ 1 000 теңге (2014 жылғы үлгі) – 2027 жылы 27 наурыз; ▪️ 10 000 теңге (2012 жылғы үлгі) – 27 маусым; ▪️ 500 теңге (2017 жылғы үлгі) – 24 желтоқсан. Ал осы мерзімге дейін дүкендер мен басқа да ұйымдар ескі ақшаны қабылдауға міндетті. Айналым мерзімі аяқталған соң да банкноттар өз құнын жоғалтпайды. Оларды екінші деңгейлі банктер, «Қазпошта» бөлімшелері мен Ұлттық банк филиалдарында айырбастауға болады. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в Telegram😍😍 «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылған «Әбіл» фильмі Лос-Анджелесте көрсетілетін болды Фильмді режиссер Елзат Ескендір түсірген. Туынды 1990 жылдардағы қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігін, жекешелендіру кезеңіндегі өзгерістерді және сол өзгерістердің қарапайым адам өміріне қалай әсер еткенін баяндайды. Фильм «Оскардың» «Үздік халықаралық толықметражды фильм» номинациясына ұсынылған. Туынды 12-ші Asian World Film Festival аясында көрсетіледі. Фильм 14 қараша сағат 18:00-де Калвер-Сити қаласындағы The Culver Theater кинотеатрында көрсетіледі. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в TelegramПрокурор Санжар Боқаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады Оған қоса жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді ұсынды. Бүгін сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталды. Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, ұрлық, көрінеу жалған ақпарат тарату және ағаштарды заңсыз кесу. Ол биыл көктемнен бері қамауда отыр. Сот процесі қазан айында басталған. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в TelegramҚайырлы таң, оқырман! 🌝 Назарыңызға сәрсенбі күні болған негізгі жаңалықтарды ұсынамыз: • Таразда қант зауытының жұмысшылары екі ай жалақы алмай, наразылыққа шыққаны үшін жұмыстан қуылды; • «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков ұсталды, оның жанында басқа адамдар да ұсталған, істің «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған жемқорлық ісіне қатысы болуы мүмкін; • Енді телефоныңызға кім қоңырау шалып жатқанын бірден көре аласыз; • Ғылым және жоғары білім министрлігі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік үшін күрес туралы қойылымдарға тыйым салғанын жоққа шығарды. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в TelegramҒылым және жоғары білім министрлігі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік үшін күрес туралы қойылымдарға тыйым салғанын жоққа шығарды. Министрлік құжатқа қатысты қызметтік тексеріс бастаған. Хатты кім әзірлеп, кім таратқаны әзірге анықталмаған. Ведомство ресми жауап кейінірек жарияланатынын мәлімдеді. Ал хатта мөрі басылған Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен хабарласу мүмкін болмады. Бұған дейін желіде Ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарына Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтуге қатысты жолдаған хаты тараған еді. Құжатта студенттердің қатысуымен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік үшін күрес туралы қойылымдар өткізбеу сұралған. Алайда талаптың себебі түсіндірілмеген. Оның орнына министрлік мерейтойға арналған іс-шараларда «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттарын кеңінен насихаттауды ұсынған. Оған қоса тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне арналған дәрістер, пікірталастар мен зияткерлік ойындар өткізу керегі көрсетілген. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в TelegramҚазақстанда шенеуніктердің табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді жариялау міндеті жойылды. Бұл талап 2025 жылдың қаңтарында ғана енгізілген еді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеуніктердің табысы әлі де бақылауда болатынын айтады. Алайда енді журналистер мен қоғам өкілдері олардың табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді қалай тексере алатыны белгісіз. Билік шенеуніктердің табысын неге қайтадан қоғамнан жасырды? Бұл шешім мемлекеттік басқарудың ашықтығына қалай әсер етеді? Толығырақ
Открыть в Telegram🤳 Енді телефонға кім қоңырау шалып жатқанын бірден көре аласыз Қазақстанда заңды тұлғалардың қоңырауларын таңбалау жүйесі енгізіліп жатыр. Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл телефон алаяқтығының алдын алуға көмектеседі. Жоба аясында байланыс операторлары Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен бірлесіп жұмыс істейді. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в TelegramБұлай да болады екен ғой... «Қазатомөнеркәсіп» ұсталған топ-менеджерді басқарма құрамынан алдын ала шығарып тастаған Ұлттық компания Қуаныш Омарбековтың ұсталуына қатысты шұғыл мәлімдеме жасады. Бір қызығы, олар Омарбековты бұрынғы операциялық директор әрі басқарма мүшесі деп көрсеткен. Алайда Омарбековтың қызметінен нақты қашан кеткені айтылмаған. Компания басшылықтың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп, тергеуге көмектесіп жатқанын хабарлаған. «Қазатомөнеркәсіп» әдеттегі жұмысын жалғастырып жатқанын айтты. Оған қоса 2026 жылға арналған өндірістік және қаржы жоспарлары өзгермегенін мәлімдеді. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в Telegram«Қазатомөнеркәсіп» бас директоры ұсталды «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, оның «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған жемқорлық ісіне қатысы болуы мүмкін. Омарбеков пен өзге де адамдар 23 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алайда комитет басқа күдіктілердің кім екенін және олардың нақты саны қанша екенін жасырып қалды. Қазір Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі (пара беру) бойынша тергеу жүріп жатыр. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в TelegramЗауыттың жүзге жуық қызметкері екі ай бойы жалақы алмаған. Ақшасын талап етіп, бір күндік ереуілге шыққаны үшін жұмыстан шығарылған. Жұмысшы Руслан Алмазовтың айтуынша, олар жұмысқа келгенімен, күзет бекетінен әрі өте алмаған. «Енді ақшасыз да, жұмыссыз да қалдық» дейді ол. Жұмысшылар зауыт цехтарын жаңғырту жұмысына тартылған. Алайда олар кәсіпорынның емес, мердігер ұйымның қарамағында жұмыс істеген. Мердігер компания құжаттарды рәсімдеу кезінде қиындық туындағанын айтты. Ұйым өкілі Нұржігіт Сейітханов барлық құжатқа түзету енгізіліп, қайта тапсырылғанын мәлімдеді. Ал Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова жұмысшылардың жалақысы міндетті түрде берілетінін айтып, уәде етті. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в TelegramҚайырлы таң, оқырман! 🌝 Назарыңызға сейсенбі күні болған негізгі жаңалықтарды ұсынамыз: • Қазақ халқының шығу тегін анықтаған тұңғыш қазақ антропологы Оразақ Смағұл өмірден өтті; • Ерсайын На,аспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен кетіп, «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды; • Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері 10-15 пайыз қымбаттайтын болды, байланыс операторлары желілерді жаңарту және интернет сапасын жақсарту үшін тарифті өсіреді екен; • Ыстанбұлда мыңдаған адам БАҚ бостандығын талап етіп, наразылыққа шықты, тәуелсіз БАҚ-қа қысым күшейгенін айтып, қарсылығын білдірді. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в Telegram🇹🇷 Ыстанбұлда мыңдаған адам БАҚ бостандығын талап етіп, көшеге шықты Халықтың өре көтерілуіне бірнеше күн бұрын полицияның Sozcu TV телеарнасына басып кіріп, басшыларын ұстап әкетуі себеп болған. Оның үстіне арнаны басқару билік тағайындаған өкілге берілген. Соңғы бір жылда Түркияда мұндай жағдай үшінші рет қайталанып отыр. Бұған дейін Tele1, Halk TV телеарналары мен T24 сайты да осындай жағдайға тап болған. Шеруге қатысқандар тәуелсіз БАҚ-қа қысым күшейгенін айтып, баспасөз бостандығын талап етті. Соңғы екі айда Түркияда ірі инвестициялық қор төңірегіндегі дау туралы ақпарат таратқан бірнеше журналист ұсталған. MLSA ұйымының мәліметінше, қазір елде 25 журналист түрмеде отыр.
Открыть в Telegram19 қарашада Ақан Сатаевтың премьерасы кейінге шегерілген «Күлпәш» фильмі көрерменге жол тартты. Авторымыз Гүлзада Ксан Бейімбет Майлиннің бір ғасыр бұрын жазылған әңгімесінің экрандағы жаңа нұсқасын талдап, режиссердің ұтымды шешімдеріне, актерлердің ойынына және Майлин мен Сатаевтың Күлпәшті бейнелеуіндегі айырмашылықтарына тоқталады. Толығырақ
Открыть в TelegramЕлімізде ұялы байланыс тарифтері 10-15 пайыз қымбаттайтын болды Мұны байланыс операторлары өкілдері мәлімдеді. Олар тарифті желілерді жаңарту және интернет сапасын жақсарту үшін қымбаттатпақ. Операторлар тарифтерді мынадай мөлшерде көтеруді жоспарлап отыр: • Beeline – орта есеппен 10 пайызға. Баға тарифтік жоспарларға қарай кезең-кезеңімен өзгереді; • Kcell және Activ – 10-12 пайызға; • Tele2 және Altel – 10-15 пайызға. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в TelegramЖаңа ғана министр қызметінен кеткен Нағаспаев жерде қалмады Ол «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Нағаспаев жаңа ғана Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылған еді. Енді су жаңа қызметке кірісті. Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясын Елжас Отыншиев басқарып еді. Жақында Астанада доллар шашылып, артынша ол жемқорлық ісі бойынша ұсталып, кете барды. Онымен бірге «Самұрық Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов та қолға түсті. Екеуі 12 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал 14 қарашада сот оларды қамауда ұстауға санкция берген. Қазір тергеу жалғасып жатыр.
Открыть в TelegramТағы бір министр қызметінен кетті Ол Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев. Шенеунік бұл қызметке былтыр 28 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымынан босатылған еді. Оның орнына Әсел Жанасова келген.
Открыть в Telegram«Біз – қазақпыз» деген жүректерінен 🇰🇿 Ресейде оқитын қазақстандық студенттер тікелей эфирде біздің әнұранды айтты. Олар Новосібір қаласында білім алып жүр екен. Қыздар украиналық блогер Василь Гончардың тікелей эфиріне қатысқан. Онда блогер қыздардан қай елден екенін және ұлтын сұраған. Ал қыздар Қазақстаннан келгенін айтып, қазақ екенін ерекше атап өткен. Олар видеода: «Біз орыс емеспіз! Біз – қазақпыз, қазақстандықпыз. Мынау – біздің туымыз, Қазақстанның туы» деп айтады. Блогер қыздардан неліктен Новосібірде жүргенін сұраған. Ал олар Ресейге «кездейсоқ, есікті шатастырып кіріп кеткенін» жеткізген. Студенттер оқуын аяқтаған соң Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр екен. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Открыть в Telegram