Кабинет

Посты канала taekwondo_wt_kz

сначала новые

#1790Текст
Просмотры1 5300%к среднему
Пересылки—
Реакции19
Комментарии—
#1789Текст

🔼🔼🔼🔼🔼 Биылғы Қазақстан чемпионаты халық арасында ағайынды Махмұттардың жарқын жеңістерімен есте қалып жатыр. Иә, биыл жастардың қарқыны ерекше болды. Көпшілік мұндай нәтижелерді күтпегені де рас. Бірақ жеңімпаздардың соңынан еріп, тек соларды ғана қолпаштау — спорттағы қалыптасқан әдеттердің бірі. Ал , шын мәнінде спорттың құндылығы тек жеңіске жеткен спортшылармен өлшенбейді. Биылғы біріншілік жас чемпиондардың жеңісімен қатар, оларға лайықты қарсылық көрсеткен өзге де жас жұлдыздардың жарқырауымен есте қалды. Нұрали Махмұт чемпион атанды. Өзінің мықтылығын бұған дейін де талай мәрте дәлелдеген талантты спортшы. Оның жеңісіне ешқандай дау жоқ. Алайда финалда оған қарсы тұрған Марғұлан Маратұлы да оңай жолмен келген жоқ. Ол да бірқатар мықтыны жеңіп, финалға дейін жетті. Марғұланның көп жылғы еңбегі мен табандылығы бүгін өз жемісін беріп жатыр. Бұл спортшының мансабын менен артық білетін адам кемде-кем деп сеніммен айта аламын. Балалар санатынан бастап ел біріншіліктерінде жолы болмай, талай рет жеңілістің ащы дәмін татты. Бірақ дәл сол жеңілістер оның бүгінгі Марғұлан болып қалыптасуына ықпал етті. Оның өсу жолы мен күресі көз алдымда . Демек, бұл салмақта бізде бір емес, екі мықты спортшы бар. Екеуінің де болашағынан зор үміт күтеміз. Дәл осындай ойды Мұхамедәлиге финалда жол берген Абылайхан Мергенбай туралы да айтқым келеді. Оның да Ел біріншілігінде жолы оңай болған жоқ. Көптеген қиын жекпе-жекте бар күшін сарп етті. Талай мықтының жолын кесті. Осыдан екі ай бұрын 21 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының финалында екеуі кездесіп, сол жолы Абылайхан жеңіске жеткен еді. Ал бұл жолы Мұхамедәли чемпион атанды. Қалай болғанда да, Абылайханның да мықтылығын мойындау керек. Бүгінгі деңгейі мен әлеуеті оның әлі талай биікті бағындыратынына сенім ұялатады. Айтпағым, қатарында батыл да қайсар жауынгерлері көп елге , ешқандай жау қорқынышты емес. Бізде бір ғана чемпион емес, тұтас бір мықты спортшылар легі қалыптасып келеді. Бірінің жеңісі екіншісіне мотивация беріп, өзара бәсекелестік одан әрі шыңдай түссін! Өйткені мұндай бәсекелестік қазақ таеквондосының дамуына тек пайдасын тигізеді деп сенемін.

Открыть в Telegram
Просмотры1 470−4%к среднему
Пересылки—
Реакции10
Комментарии—
#1787Текст
Просмотры1 350−12%к среднему
Пересылки—
Реакции36
Комментарии—
#1785Текст
Просмотры1 580+3%к среднему
Пересылки—
Реакции25
Комментарии—
#1784Текст
Просмотры1 220−21%к среднему
Пересылки—
Реакции21
Комментарии—
#1782Текст
Просмотры1 450−6%к среднему
Пересылки—
Реакции11
Комментарии—
#1776Превью ссылки
Просмотры1 760+15%к среднему
Пересылки—
Реакции3
Комментарии—