Посты канала QURYLTAI
Жетісуда Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды Талдықорған қаласындағы Достық үйінде өткен жиында Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова Жетісу облысының жұртшылығымен кездесіп, Президент Жолдауында жоспарланған шараларды түсіндірді, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Екатерина Смолякова Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы тек жаңа ғимараттар салумен шектелмейтінін, инфрақұрылымды жаңғыртуды және халыққа қажетті әлеуметтік нысандарды салуды қамтитынын атап өтті. Депутат сондай-ақ Жетісу облысындағы туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды. Жиында Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы жергілікті кәсіпкерлер үшін де жаңа мүмкіндіктер туғызатыны айтылды. Жаңа нысандардың құрылысы құрылыс материалдарына, жабдықтар мен көлік қызметтеріне деген сұранысты арттырып, қосымша жұмыс орындарын құруға және бюджет түсімдерін ұлғайтуға ықпал етеді. Осы күні Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай Талдықорған қаласындағы «Қайнар АКБ» ЖШС ұжымымен кездесті. Ол өндірістердің жұмыс орындарын құрудағы, халықты тұрақты табыспен қамтамасыз етудегі және бюджет түсімдерін арттырудағы рөліне тоқталды. Депутат «Қайнар-АКБ» өнімдерінің шетел нарығына шығуы отандық өндірістің әлеуетін көрсететінін атап өтті. Наурыз Сайлаубай кәсіпорынға «Отбасы банкпен» бірлесіп, қызметкерлердің табысы мен еңбек өтілін ескеретін арнайы ипотекалық бағдарлама әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ол Хромтаудағы тау-кен кәсіпорнының банкпен бірлесіп, жұмысшыларына баспана алуға қолдау көрсеткен тәжірибесін мысалға келтірді. t.me/quryltairesmi
Открыть в TelegramҚұрылтай депутатының Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуі t.me/quryltairesmi
Открыть в TelegramҚұрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдері және студенттермен кездесті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттары Қазтұтыну одағы Қарағанды университетінде өткен кездесуде талқыланды. Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі стратегиялық басымдықтарды айқындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту – алдағы кезеңдегі маңызды әрі күрделі міндеттердің бірі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев «халықтық цифрлық экономика» тұжырымдамасының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл бастама жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және қазақстандықтардың табысын арттыру бағытында жаңа мүмкіндіктер ашуға жол береді. Кездесу барысында жол салу және жөндеу, инженерлік желілерді, әлеуметтік және өзге де нысандарды жаңғыртуға бағытталған «Халықтық құрылыс» бағдарламасының маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов жастармен ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталып, олардың ел болашағына қатысты көзқарастары мен ұсыныстарын тыңдауға дайын екенін жеткізіп, кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар олар жұмыс сапары аясында «Maker» KLMZ ЖШС ұжымымен кездесті. t.me/quryltairesmi
Открыть в TelegramҚұрылтай отырысының қорытындысы бойынша ветеринария мәселелері бойынша түзетулерге, сондай-ақ Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге қатысты баспасөз брифингі өтті▶️ t.me/quryltairesmi
Открыть в Telegram