🌹 Осы жұмада 120 қыздың білім алуына себепші болыңыз!🌹 «Айғаным» қыздар медресесінде 120 шәкірттің тегін білім алуы үшін құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі садақаңыз осы игі істің аяқталуына қосылған үлес болсын. 🔗 Садақа жасау: https://pay.kaspi.kz/pay/8edp47vr 🤲🏻 Алла берген садақаларыңызға береке беріп, қабыл етсін!
Открыть в TelegramПосты канала Quranga qyzmet
Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: (радиаллаһу анһу): Пайғамбар ﷺ айтады: Кім жұма күні ғұсыл алса кейін жұмаға келсе, өзіне жазылған намазды оқыса, сосын имам хұтпасын аяқтағанға дейін үнсіз тыңдап, онымен бірге намаз оқыса, сол жұма мен келесі жұманың арасындағы оған қоса үш күннің күнәлары кешіріледі. — Мүслім 857
Открыть в Telegram✨Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Адам баласы дүниеден өткенде оның үш амалынан басқа барлық амалы тоқтайды: сарқылмайтын садақа (садақа жария), пайдалы білім және артынан дұға қылатын салиқалы ұрпақ» (Мүслим). «Айғаным» қыздар медресесіне қолдау көрсету — осы үш сауаптың басын біріктіретін нағыз садақа жария. Қасиетті жұма күні ұрпақ тәрбиесі мен білім жолына үлес қосып, үздіксіз сауапқа кенеліңіз👇🏻 Тікелей сілтеме: https://pay.kaspi.kz/pay/8edp47vr
Открыть в Telegram🩵«Әл-Хужурат» сүресі, 11-аят «Уа, иман келтіргендер! Бір қауым екінші бір қауымды келемеждемесін. Бәлкім, олар өздерінен жақсырақ болар. Әйелдер де басқа әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім, олар өздерінен жақсырақ болар. Бір-біріңді айыптамаңдар әрі бір-біріңді жаман лақап аттармен атамаңдар. Иман келтіргеннен кейін күнәһар атану қандай жаман! Кім тәубе етпесе, міне, солар — залымдар». Аяттан алатын ғибрат: - Біреудің сырт келбетін мазақ етпе. - Адамның бойы мен дене бітімін келемеждеме. - Өзгенің кемшілігін іздеме. - Адамның намысына тиетін лақап ат қойма. - Әзілдескенде де біреудің көңіліне қара. - Өзіңді өзгелерден жоғары санама.
Открыть в TelegramДұғалар кері қайтарылмайтын уақыт✨ Таһаджуд намазы Түнде ұйқыдан оянғаннан кейін оқылатын ерекше сауапты нәпіл намаз. Бұл құлдың Раббысымен оңаша қалып, барлық дүниелік күйбеңнен алыстап, жүрекпен тілдесетін ең берекелі сәті. Таһаджуд уақыты қашан? Таһаджуд намазының уақыты құптан намазы оқылғаннан кейін басталып, таң намазының уақыты кіргенге дейін жалғасады. Дегенмен, оны оқудың ең абзал уақыты — түннің соңғы үштен бір бөлігі (таң намазына жақын қалған уақыт). Бұл уақыттың артықшылығы туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ былай деген: «Түннің соңғы үштен бірі қалғанда, Раббымыз: “Кім Маған дұға етеді, оның дұғасына жауап беремін? Кім Менен сұрайды, оған беремін? Кім Менен кешірім тілейді, оны кешіремін?” – дейді». (Сахих әл-Бұхари, 1145; Сахих Муслим, 758) Таһаджуд намазы қалай оқылады? Таһаджуд намазын оқу тәртібі өте қарапайым: 1. Түнде ұйқыдан оянып, дәрет алыңыз. 2. Жүрекпен таһаджуд намазын оқуға ниет етіңіз. 3. Намазды кәдімгі нәпіл намаздар секілді екі рәкағаттан бөліп оқыңыз. Бұл уақытта не сұрауға болады? Түннің соңғы бөлігі — дұғалар қайтарылмайтын, сұраған нәрсе берілетін ерекше уақыт. Таһаджуд намазының арқасында қабыл болған дұғаңыз барма? 👇🏻👇🏻👇🏻
Открыть в Telegram❤️Жұма — сауапқа асығатын күн! Бәлкім, бүгінгі сіздің 1000 теңгелік садақаңыз бір қыз баланың Құран үйренуіне, білім алуына себеп болар… «Айғаным» қыздар медресесінің құрылысы мен тыныс-тіршілігіне өз үлесіңізді қосыңыз. Садақаның үлкен-кішісі жоқ. Ең маңыздысы — шынайы ықылас пен ниет. Бір адамның азғантай үлесі көпшіліктің қолдауымен үлкен жақсылыққа айналады. 🤲🏻 Алла Тағала садақаларыңызды қабыл етіп, еселеп қайтарсын! 🔗 Садақа жасау: https://pay.kaspi.kz/pay/8edp47vr
Открыть в Telegram✨Рамазанға дайындықты қазірден баста: ✅Қаза болған оразаларыңның қазасын өте. ✅Ренжісіп жүрген адамдарыңмен татулас. Алла үшін кешіріп, жүрегіңді тазарт. ✅Ағзаңды ораза ұстауға дайында: •Дүйсенбі мен бейсенбі — күндері ауыз бекіт. •Ұйқы режимін ретте. ✅Күн сайын Құран оқы. Тіпті бір бет болса да. Ең бастысы — тұрақтылық. ✅Рамазанда Алладан не сұрағың келеді дұғалар тізімін жазып қой. Рамазанға бірге дайындалайық!🤝🫂✨
Открыть в TelegramПайғамбарымыз ﷺ: «Үш дұға қабыл болады, олардың қабыл болуында күмән жоқ: жәбір көрген адамның дұғасы, жолаушының дұғасы және әкенің баласына жасаған дұғасы». (Әбу Дәуд, 1536; Тирмизи, 1905)
Открыть в TelegramБүгінгі есеппен 210 миллион теңгені құлды азат етуге жұмсаған сахаба туралы естідіңіз бе? Исламға деген адалдығы мен жомарттығы тарихта өшпес із қалдырған Әбу Бәкір Сыддық رضي الله عنه. Осы ұлы сахабаның өмірінен сыр шертетін қысқаша анимациялық бейнені тамашалаңыз👇🏻 https://www.instagram.com/reel/DfhUeVGN-_g/?dlrf=MWpwaTdnd3V2aDRhbg==
Открыть в Telegram«-Ол саған уәде еткенін міндетті түрде береді»🥹💔 Бәдір шайқасы басталар алдында Алла елшісі ﷺ әскерінің сапын түзеп, жауынгерлерге насихат айтты. Кейін шатырына оралып, бар жан-тәнімен дұға ете бастады. Алладан жәрдем сұрап, жалбарына дұға жасады. Алла елшісі ﷺ дұға етіп жатқанда, қасында Әбу Бәкір رضي الله عنه болды. Ол Пайғамбарымыздың ﷺ: «Уа, Алла! Егер мына қауым құритын болса, жер бетінде Саған құлшылық ететін ешкім қалмайды. Уа, Алла! Бізге жәрдем бере гөр!» — деп жалбарынғанын естіді. Пайғамбарымыз ﷺ қолдарын иығындағы киімі жерге түсіп қалатындай жоғары көтеріп, дұға жасап жатты. Сол кезде Әбу Бәкір رضي الله عنه Пайғамбарымыздың ﷺ шапанын түзеп, оған жаны ашып: «Уа, Алланың елшісі! Раббыңа жалбарынуыңды сәл бәсеңдетсең қайтеді? Өйткені Ол саған уәде еткенін міндетті түрде орындайды», — деді.
Открыть в TelegramУа, Жаратушы Иеміз! Мүбәрак Жұма күннің құрметіне шаңырағымызға амандық, ісімізге береке бере гөр. Ойламаған жерден жақсылықтар нәсіп етіп, еткен дұға-тілектерімізді қабыл алғайсың! 🤲🏻 Сауапты істе бірге болайық! Осы қасиетті күнде медресе құрылысына қолдау білдіріп, садақа беріп, сауаптан үлес қосуға шақырамыз. Бірге жасаған игілік мәңгілік азық болғай! 🤲🏻 🕌Жұма күнгі садақам: https://pay.kaspi.kz/pay/8edp47vr Алла жолында 1000 тг👆🏻
Открыть в TelegramЖұма намазына ертерек барудың артықшылығы: «Кімде-кім жұма күні ғұсыл алып, содан кейін мешітке ✨бірінші сағатта барса, бір түйені құрбандыққа шалғандай болады. ✨Екінші сағатта барса, бір сиырды құрбандыққа шалғандай болады. ✨Үшінші сағатта барса, мүйізді қошқарды құрбандыққа шалғандай болады. ✨Төртінші сағатта барса, тауықты құрбандыққа шалғандай болады. ✨Бесінші сағатта барса, жұмыртқаны құрбандыққа шалғандай болады. Имам шыққан кезде періштелер зікірді тыңдау үшін жиналады». (Бұхари, 881)
Открыть в Telegram-Жәннатқа кіре алмай қалсам, сені тіптен көрмеймін💔🥹 —————— Пайғамбардың ﷺ сахабасы Саубан Алла елшісін ﷺ өте қатты жақсы көретін. Оны көрмесе тұра алмайтын. Бір күні түрі бұзылып, көңілін мұң басқаны реңінен білінген күйде Пайғамбарымыздың ﷺ жанына келеді. Оны байқаған Алла елшісі ﷺ: — Көңіліңді не түсірді, Саубан? — деп сұрайды. — Уа, Алла елшісі ﷺ! Менің ешбір ауыр сырқауым жоқ. Бірақ сені көрмеген кезде өзімді құла түзде қалғандай жалғыз сезінемін. Сені көрмейінше, сол жалғыздық сезімі кетпейді. Кейін ақыретте ойласам, сені көре алмайтынымды ойлап, тіпті қорқамын. Себебі сен пайғамбарлармен бірге жәннаттағы ең жоғары орынға шығасың, ал мен жұмаққа кірген күннің өзінде сенің дәрежеңнен әлдеқайда төмен боламын. Ал кіре алмай қалсам, сені тіпті көрмеймін, — деп уайымын білдірді Саубан. Осыған байланысты: «Кім де кім Аллаға және Расулына, яғни Мұхаммедке ﷺ, мойынсұнса, міне, солар пейіште Алланың шексіз нығметіне бөленген пайғамбарлармен, пайғамбарлардың ең жақын достары — сыддықтармен, шейіттермен және сенімі, ниеті, ойы, сөзі һәм әр іс-әрекеті түзу болған ізгі жандармен бірге болады. Бұлар қандай керемет жолдастар десеңші!» — деген аят түсті. Ниса сүресі, 69-аят✨
Открыть в Telegramوَمَا تَوۡفِيقِيٓ إِلَّا بِٱللَّهِ Уәмә тәуфииқии иллә билләһ “…Менің табысқа жетуім тек Алланың жәрдемімен…” “Һуд” сүресі, 88-аят.
Открыть в TelegramӘбу Нағим Алла елшісінің ﷺ Меккеден һижрет ету үшін шыққан кезде Аллаға былай дұға еткенін жеткізген: «Мені жоқтан бар еткен Аллаға мадақ. Уа, Алла, дүние машақатына, уақыттың қиындығына және күн мен түннің пәлекетіне қарсы маған жәрдем бер. Уа, Алла, сапарымда маған пана болып, отбасымды жалғыз қалдырма. Маған берген ризығыңды берекелі ет. Тек қана Саған бағынамын. Мені көркем мінезге бекем ет. Маған тек қана Өзіңді сүйікті ет. Мені адамдарға жалғыз қалдырма. Сен езіліп жаншылғандардың Раббысысың. Сен менің Раббымсың. Дидарымның ардағынан жер мен көктер жарқыраған, онымен қараңғылық жарыққа бөлінген, әуелгі мен соңғылар ашуыңа ұшыраудан аман қалған жүзіңнің нұрына сиынамын. Нығметіңнің тоқтауынан, кенеттен келетін қиындықтан, берген амандығыңның өзгеруінен және қаһарыңнан Өзіңе сиынамын. Менің күшім жететін ең көркем нәрсе – Сенің разылығың. Күш пен қуат тек бір Өзіңе тән»
Открыть в Telegram120 қызға арналып салынып жатқан «Айғаным» қарилық медресесіне үлес қосыңыз! Тікелей сілтеме: https://pay.kaspi.kz/pay/8edp47vr «Өздерің жақсы көрген нәрселеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, шынайы ізгілікке жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да, күмәнсіз, Алла оны толық білуші». «Әли Имран» сүресі, 92-аят Садақаңыз қабыл болсын! Әмин🤲🏻
Открыть в Telegram«Наср» сүресі — Құранның 110-сүресі, 3 аяттан тұрады. «Наср» сөзі жәрдем, жеңіс деген мағынаны білдіреді. Бұл сүре Алланың жәрдемі мен жеңісі келгенде не істеу керектігін үйретеді. Сүренің қазақша балама аудармасы: «Алланың жәрдемі мен жеңісі келген кезде.Адамдардың Алланың дініне топ-тобымен кіріп жатқанын көрген кезде. Раббыңды дәріптеп, Оған мадақ айт әрі Одан кешірім сұра. Расында, Ол тәубені көп қабыл етуші.»
Открыть в Telegram✨Ең абзал зікір — لَا إِلَٰهَ إِلَّا اللَّهُ «Лә иләһә иллаллаһ» Жәбир ибн Абдуллаһтан رضي الله عنهما жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ былай деген: «Зікірдің ең абзалы — “Лә иләһә иллаллаһ”, ал дұғаның ең абзалы — “Әлхамдулиллаһ”». — Имам әт-Тирмизи, 3383-хадис.
Открыть в Telegram