Бүгін 🇪🇺 УЕФА Еуропа лигасы. 5-тур 22:35 - 🇬🇷 Олимпиакос (Грекия) – Милан (Италия) 🇮🇹 00:50 - 🇮🇹 Ювентус (Италия) – Омония (Кипр) 🇨🇾 🖥 Матчтарды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Открыть в TelegramПосты канала QAZSPORTTV
🎖Головкин Шайдоровқа ҰОК орденін табыстады Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров спорттағы айтулы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ең жоғары марапаты – ҰОК орденімен марапатталды. Марапаттау рәсімі Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Бас ассамблеясы аясында өтті. Орденді Олимпиада чемпионына Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин табыстаған.
Открыть в TelegramАстанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы өтті 25 қарашада Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы өтіп, ұйымның 2024–2026 жылдардағы жұмысы қорытындыланды. Жиында алдағы кезеңнің басым бағыттары талқыланып, бірқатар маңызды шешім қабылданды. Жиынға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Атқарушы комитет мүшелері мен ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты. Геннадий Головкин есептік кезеңде ҰОК ұлттық құрамалардың тоғыз ірі халықаралық кешенді жарысқа қатысуына қолдау көрсеткенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан өкілдері халықаралық және Азия спорт ұйымдарында 58 басшылық қызмет атқарып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан 2027 жылы бокс, дзюдо, үстел теннисі және таеквондодан әлем чемпионаттарын өткізеді. Бұдан бөлек шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі және мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізу де біздің еншімізде. Сондай-ақ еліміз 2029 жылғы Х қысқы Азия ойындарын Алматыда ұйымдастыру құқығына ие болды. Бас ассамблеяда 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін, іріктеу кезеңі 2027 жылдың басынан басталып, жолдамалары сарапқа салынатын Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де көтерілді. Бас ассамблея отырысы соңында Олимпиадалық қозғалыс пен отандық спорттың дамуына үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстан ҰОК-нің ең жоғары марапаты – ҰОК орденінің иегері атанды. Данияр Қасқарауов «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды. Ауыр атлетикадан ұлттық құрама өкілдері Александр Уваров пен Алексей Чуркин, сондай-ақ таеквондодан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы Тамирлан Тілеулес II дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды. Таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы Айым Серікбаева Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Таеквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықов «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды. Шымкент қаласының Таеквондо федерациясының президенті Олжасхан Уәлихан мен Түркістан облыстық Таеквондо федерациясының президенті Елдос Ахметов II дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.
Открыть в Telegram🥋 Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер арасында Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады 🏆 Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан жасөспірімдер арасында Гран-при кезеңі өз мәресіне жетті. 🇰🇿 Жарыстың соңғы күні 90 келіден жоғары салмақта Ердәулет Жұмабай финалға дейін жетіп, қарсыласына жол берді. Нәтижесінде отандасымыз күміс жүлдеге ие болды. 🥇Осылайша Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады. Бұған дейін Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды. 🥈Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. 🥉Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) үшінші орын алды.
Открыть в Telegram🇪🇺 Бүгін «Қайрат» Конференция лигасы аясында «Мьельбюмен» кездеседі 🇰🇿 Қайрат - Мьельбю 🇸🇪 🖥 Матчты сағат 20:20-да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. 📌 Қазақстандық командаға бірге жанкүйер болайық!
Открыть в Telegram🇰🇿 Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді 🤾♀️ Алматыда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет жеңіске жетті. ✅ Топтық кезеңнің үшінші турында отандастарымыз Өзбекстан құрамасынан 32:29 есебімен басым түсті. 🔹 Бұған дейін В тобында қазақстандық гандболшылар Аустралия мен Үндістан құрамаларын жеңген еді. 📌 Енді топтық кезеңнің соңғы турында жерлестеріміз Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі. 📺 Жарысты «Qazsport» телеарнасынан және сайтынан көре аласыздар.
Открыть в Telegram🇰🇿🥇Нариман Курбанов Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды 🤸♂️Қазақстандық гимнаст Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алтын медаль иеленді. 👏 Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. 📌 Екінші орынды 14,300 ұпаймен ресейлік Ранель Сафиуллин иеленсе, тағы бір ресейлік гимнаст Даниел Маринов 13,866 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Открыть в Telegram🔆 Қайырлы таң, құрметті көрермен! Күн сәтті өтсін! 📺 Бүгінгі эфир кестесі 07:00 – Әнұран 07:05 – Шорт-трек. Әлемдік тур кезеңі 09:10 – Sport Review 09:25 – Футбол. УЕФА Чемпиондар лигасы. 5-тур. ПСЖ (Франция) – Рома (Италия) 11:15 – УЕФА Чемпиондар лигасының шолуы 12:10 – Sport Review 12:25 – Мәнерлеп сырғанау. Гран-при. Ерлер. Қысқа бағдарлама. Жұптар. Еркін бағдарлама 15:00 – Pro Football. УЕФА Еуропа және Конференция лигалары 15:25 – УЕФА Чемпиондар лигасы. 5-тур. Галатасарай (Түркия) – Астон Вилла (Англия) 17:20 – Qazsport алаңы ток-шоуы. Қазақ каратесінің алтын дәуірі 17:55 – Футбол. УЕФА Чемпиондар лигасы. 5-тур. Манчестер Сити (Англия) – Наполи (Италия) 19:50 – Матч қарсаңында. Студиялық бағдарлама. 🔴 LIVE 20:20 – УЕФА Конференция лигасы. 4-тур. Қайрат (Қазақстан) – Мьельбю (Швеция). 🔴 LIVE 22:35 – УЕФА Еуропа лигасы. 5-тур. Олимпиакос (Грекия) – Милан (Италия). 🔴 LIVE 00:50 – УЕФА Еуропа лигасы. 5-тур. Ювентус (Италия) – Омония (Кипр). 🔴 LIVE 03:00 – УЕФА Чемпиондар лигасының шолуы 03:30 – Әнұран
Открыть в Telegram🔥 ПСЖ мен «Рома» тең түсті ⚽ УЕФА Чемпиондар лигасының 5-туры аясында франциялық ПСЖ мен италиялық «Рома» 2:2 есебімен тең тарқасты. 📌 5-минутта Эрмосо «Романы» алға шығарса, 31-минутта Забарный таразы басын теңестірді. Екінші таймда Дембеле (П) ПСЖ-ны алға шығарғанымен, 78-минутта Мален пенальтиден гол соғып, «Ромаға» тең есепті сақтап қалуға көмектесті.
Открыть в Telegram🇪🇸 «Барселона» үш ұпайға қол жеткізді 🔥 УЕФА Чемпиондар лигасының 5-туры аясында испаниялық клуб әзербайжандық «Сабахты» сырт алаңда 1:4 есебімен жеңді. 31' ⚽️ Энтони Гордон 51' ⚽️ Энтони Гордон 55' ⚽️ Карим Адейеми 60' ⚽️ Габриэль Жезус 63' ⚽️ Джой-Ланс Миккельс
Открыть в Telegram😍 Негізгі құрам 🇫🇷 ПСЖ (Франция) – Рома (Италия) 🇮🇹 📺 Кездесуді бүгін сағат 00:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар. 📌 Сүйікті командаңызға бізбен бірге жанкүйер болыңыз!
Открыть в Telegram