Кабинет

Посты канала Kazakh in Cardiff (I was)

сначала новые

#2979Превью ссылки
Просмотры831−21%к среднему
Пересылки—
Реакции20
Комментарии—
#2978Видео
Просмотры1 710+63%к среднему
Пересылки—
Реакции33
Комментарии—
#2977Текст
Просмотры1 100+5%к среднему
Пересылки—
Реакции28
Комментарии—
#2976Видео
Просмотры1 350+29%к среднему
Пересылки—
Реакции31
Комментарии—
#2975Видео
Просмотры1 040−1%к среднему
Пересылки—
Реакции21
Комментарии—
#2974Видео
Просмотры975−7%к среднему
Пересылки—
Реакции9
Комментарии—
#2973Фото
Просмотры872−17%к среднему
Пересылки—
Реакции8
Комментарии—
#2972Текст

Бір мысал келтірейін. Apple жаңа iPhone Duo дегенді қыргүйектің басында көрсетті. Сатылымға бір жарым айдан кейін шықты. Осы бір жарым айда бүкіл әлем тек презентацияда айтылғанды және сайтта жазылғанды біледі. Батареясы нақты қанша миллиампер-сағат, анау қалай жұмыс істейді, мынау не үшін бұлай емес деген сұрақтың жауабын ешкім біле қоймайды. Журналист те, блогер де құрылғыны қолына ұстап көрмей тұрғанда мұндай терең ақпаратты алатын ресурс, немесе Джон Тернустың сұхбаты мүлдем жоқ. Бұл кәдімгі ақпараттық вакуум ғой. Енді елестетіңізші, презентациядан келесі күні сізге Apple басшысымен эксклюзив сөйлесу мүмкіндігі түсті. Әлемде әлі ешкім қоймаған сұрақты қоюға болады. Wired пен TechRadar сізден көшіріп жазады. Дәл осындай мүмкіндік бізде бүгін тұр. Күні кеше ғана, сәрсенбіде, Берлинде NVIDIA-ның конференциясы өтті. Дженсен Хуанг RTX Spark деген ноутбук сериясын көрсетті. Ішінде 1 петафлоп қуат және 128 GB жад бар. Тура осындай қуатты 2016 жылы ол OpenAI-ға тасып апарған, ол кезде бұл екі адам әрең көтеретін шкаф еді. Ал 2008 жылы 1 петафлоп қуаты бар компьютер құру үшін тұтас бір ғимарат керек болатын. Бүгін соның бәрі бір ноутбукқа сыйып тұр. Одан бөлек сахнаға physical AI дың жаршысы ретінде кішкентай роботтар да шықты. ЖИ әлемі үшін бұл iPhone Duo презентациясымен деңгейлес оқиға. Ал бүгін сағат 11-де Хуанг Астанада. Екі ортада ол ешкіммен сөйлесіп, бірдеңе жариялап үлгеретіндей уақыты болған жоқ. Бүгін оған неше түрлі өткір немесе инсайтфул, кешегі презентациядан кейін бәрінің ойында тұрған сұрақтарды қоюға болады. Чтобы әлемдік tech медиалар жарыса бізден көшіріп жазатындай әлгі. Бірақ меніңше бүгін ондай сұрақтар қойылмайды. Себебі форматтың өзі сондай: бұл баспасөз конференциясы емес, fireside chat. Хуангпен сахнада оны шақырған министрдің өзі ғана сөйлеседі. Залдан сұрақ қойылса да, алдын ала келісілген, протоколға сәйкес сұрақтар ғана қойылатын шығар. Ал біздің медиа «Хуанг бізге ұшып келді, біз де ЖИ әлемінде бармыз, банан елі емеспіз» деп қуанумен шектеледі. Атақ үшін қуанамыз да, ең қызық сұрақтар жауапсыз қала береді. Мүмкін қателесетін шығармын. Қателескім келеді де. Сағат 11-де әліптің артын бағайық https://youtu.be/d0j58QNeRmc

Открыть в Telegram
Просмотры1 740+66%к среднему
Пересылки—
Реакции46
Комментарии—
#2968Текст

Тьюринг олай демеген әрине. Бірақ жалпы ЖИ жасаған өнер туындысы нашар сапада болады деген идея біраз адамның санасында бар. Мен сонымен күресіп көрейін дедім аздап. Иә, слоп постер, слоп әндер, слоп әлеуметтік жазбалар, слоп видеолар мені де шаршатып жіберді. Қазір мұқабасы ЖИ арқылы қалай болса солай жасай салған кітап көрсем, бірден алғым келмей қалады, қанша жерден авторы құрметті болса да. Алайда, бұлардың көбі екі промптпен жасай салған ортаңқол дүниелер. Кәсіби дизайнер немесе иллюстраторға кітап мұқабасын ЖИ арқылы жасап берші десең, ол суретшіден асып түсетін, ЖИ екені білінбейтін мықты мұқаба жасап шығаратынына сенімдімін. Сенбесеңіз мына мысалдарды қарайық: Жапонияда эссе жазудан екінші орын алған адам ЖИ арқылы жазып шыққан, алайда ол 3 сағатта 66 промпт жазған. Небраскада сурет салудан бірінші орын алған адам суретті Midjourney арқылы жасаған. Осы сияқты мысалдар толып жатыр. Осы жарыстарда жюри - сол саланың мықты эксперттері болған, бірақ ешқайсысы "шынайы өнер" мен ЖИ арасында айырмашылық таппаған. Мысалыға, Shiza деген әнші өзінің "Шым" деген әніне жасалған джаз каверді ұнатқанын айтты. Ал ол кавер толығымен ЖИ болатын. Егер автордың өзі мойындап тұрса, бізге не жоқ. Жалпы менің бұл пікірім "ойыңды айт та қаш" деген форматқа кеп тұрған сияқты. Сондықтан сол жаққа барып айттым как раз осыны. Мына жерден көрсеңіздер болады. https://www.instagram.com/p/DeKBrZ-MJH2/ Негізі Жомартқа көбінесе бұл форматқа қонақ болып атақты жұлдыздар мен инфлюенсерлер келеді, барып коммент жазып, лайк басып как будто қырғын звезда келгендей образ жасап кетіңіздерш 🤭😅

Открыть в Telegram
Просмотры1 780+70%к среднему
Пересылки—
Реакции23
Комментарии—
#2964Фото

Цукерберг біраз нәрсе пісіріпті, көрдіңдер ма? AI көзілдірікті жаңартқаны бар, Muse деген чатбот қосымшасы қазір американың Апп Сторында бірінші орында тұр, тіпті ChatGPT-ді басып озды. Одан бөлек ЖИ-брелок шығыпты. Марктың ойынша ЖИ деген смартфоннан шығып сыртқы әлемде бөлек интерфейсте болуы тиіс. Негізі, сөзінің жаны бар. ЖИ деген жалпы бізді смартфонға үңілтпей, тірлікті өзі бітіре беретін жағдайға жеткізуі керек. Бәріміздің бас-басымызда бір-бір Жарвис сияқты көмекші болуы тиіс. Алайда, сол ассистентпен қалай сөйлесеміз, көзілдірік арқылы ма, құлаққап арқылы ма, брелок арқылы ма, сағат арқылы ма, әлемнің азулы компаниялары сол орынға таласып жатыр. Заманның бұл сұрағына әркімнің өз подходы бар. Джонни Айв та Альтманмен бірге жасырын бірдеңе пісіріп жатқанына біраз болды. Ал эпплдың бұл мәселеге көзқарасы мүлдем басқа. Оны келесі жолы талқылайық

Открыть в Telegram
Просмотры1 290+23%к среднему
Пересылки—
Реакции21
Комментарии—
#2962Фото

Кез-келген айтиде оқыған студен Дейкстра (Dijkstra) алгоритмі туралы естіген. Негізі ол графтағы екі нүкте арасындағы ең қысқа жолды табуға көмектесетін алгоритм. Өмірдегі қолданысы: әрине бірінше кезекте навигаторлар, одан кейін интернеттегі ақпараттың сізге тез жетуі үшін қай серверлермен келу керегін есептеу, одан кейін логистика, одан кейін пересадкасы бар ұшақ рейстері арқылы екі қаланы қосу, одан кейін жедел жәрдем қызметі, одан кейін дрондар,одан кейін әлеуметтік желідегі достар тізбегі, тағысын тағы. Общым, Дейкстра алгоритмінің жүрмейтін жері жоқ қазіргі заманда. Бұл алгоритм сонау 1959 жылы жасалған, одан бері бұдан тиімді алгоритм ойлап табылған жоқ... Күні кешеге дейін. Кеше ғана шыққан Opus 5.5 моделіндегі 10 агент Дейкстраны да басып озатын жаңа алгоритм ойлап тауыпты. Жаңа алгоритм аты C-HD, агенттер 15 сағат бойы бірге жұмыс істеп, 700ден аса хат алмасқан. Жаңа алгоритмнің бұрынғыдан жақсы екеніне теория жүзінде дәлел бар, енді практикада тексеріп көру керек болады. Өткенде OpenAI моделі математиканың мыңжылдық сұрағын шешіпті дегенде дыыым түсінбеп едік, Навье-Стокс деген немене деп. Мына жерде ең болмаса таныс аттар шығып жатыр 😅

Открыть в Telegram
Просмотры980−6%к среднему
Пересылки—
Реакции40
Комментарии—