AI-чатbetaКабинет

Посты канала PARAQTA

сначала новые

#928Текст
Просмотры268−69%к среднему
Пересылки—
Реакции8
Комментарии—
#927Текст

Екі ақауды түзеттік 🕯 Соңғы апталарда қолданбада екі ақау болды. Екеуі де оқуыңды есептен шығарып тастайтын. Бірінші ақау. Оқып отырып экранды құлыптасаң, қайта ашқанда оқуың сақталмай қалатын. Екінші ақау. Хабарламаны немесе виджетті басқанда қолданба кейде бұрынғы ескі кітапты өзі ашып, жаңа оқу бастап жіберетін. Сол кезде ашық тұрған оқуың, тіпті бет санын жазуды күтіп тұрғаны да жабылып қалатын. «Кітабым өзі ауысып кетті» дегендердің себебі осы екен. Не істедік: 📖 Екі ақауды да түзеттік. Енді экранды құлыптап қайта ашсаң, оқуың сол жерден жалғасады. Хабарлама тек Оқу бетін ашады, кітабың ауыспайды. ⏳ Жоғалған уақытты қайтардық: 1 889 оқырманның 3 934 оқуы, барлығы 1 685 сағат. 🔥 Үзіліп қалған қатар күндерді жалғастырдық. Ақау кесірінен жұмсалған сақтық күндерді де қайтардық. 📚 Қате кітапқа жазылған оқуларды дұрыс кітапқа ауыстырдық. 📈 Ұзақ оқитындардың беттері енді толық саналады. Бет санын өзің қосасың. Ақау кезінде неше бет оқығаныңды біз білмейміз, оны тек өзің білесің. Қолданбаға келген хабарды аш та, әр оқуыңа бет санын жаз. Ол оқыған бет санына қосылады, кейін түзетуге де болады. Ақауды хабарлаған оқырмандарға рақмет. Сіздер жазбасаңыздар, біз бұны таппас едік. Бір нәрсе дұрыс жұмыс істемесе, жаза беріңіздер, тез түзетеміз. Оқуды жалғастырайық 🤍

Открыть в Telegram
Просмотры470−45%к среднему
Пересылки—
Реакции16
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
40 ч392
66 ч470
  1. Всего сейчас470
#926Текст
Просмотры461−46%к среднему
Пересылки—
Реакции8
Комментарии—
#924Текст

🕯 Сіздер байқап, жіберіп жатқан ақауларды оқып отырмыз және бір қатарын түзеттік Соңғы бір тәулікте сіздерден 20-дан астам хабар келді: «Ақау хабарлау» батырмасы, Threads, жеке хаттар. Бәрін оқыдық. түзеткендеріміз: 📖 Оқығыш жеңілдеді • Бет енді үлкейіп кетпейді, екіге бөлінбейді • Төменде ‹ › жебелері бар, саусақпен сырғытып ауыстыруға да болады • Aa → «Оқу түрі»: беттеп те, жылжытып та оқуға болады • Тараудың соңғы беттері енді жоғалмайды 🔈 Дыбысты өшіру оңай Кітап ашылғанда бөлменің әуені өзі бәсеңдейді. Мүлде өшіргің келсе: Aa → «Дыбыс». 📚 Тегін кітаптар бірден табылады «Кітабым жоқ» деп бассаң, тегін кітаптар тізімі ашылады. Кітап басқа тілде болса, бірден жазылып тұрады. 🗂 Сөрені ретке келтір Бірнеше кітапты бірден алып тастауға болады, керек болса қайтарып аласың. 🫖 Үйдегі шәйнекті енді үстелге қоюға болады 🙂 Бір нәрсе дұрыс жұмыс істемесе, мәзірден «Ақау хабарлау» бас. Енді оған скриншот та тіркей аласың, солай тезірек түсінеміз. Рақмет сіздерге. Сіздердің арқаларыңызда PARAQTA күн сайын жақсарып келеді 🤍 Бүгін де бірге оқимыз ба? 📖

Открыть в Telegram
Просмотры705−18%к среднему
Пересылки—
Реакции21
Комментарии—
#922Текст

ААЛ СҮЙІНШІ! PARAQTA-НЫ АНДРОЙДҚА ШЫҒАРДЫҚ😍🕯️ 📚2 апта бұрын APP STORE-ға шыққан едік. Көшіріп алушылар саны 9000-нан асты. Жалпы платфорамамызды қолданушылар 22.000 болды🥳 PARAQTA - ҚАЗАҚСТАНДА шыққан ең алғашқы кітап оқуды әдетке айналдыратын платформа. 📚Ол жерде әлемнің түкпір-түкпірінен қосылған оқырмандармен бірге шырақ кейіпінде отырып кітап оқи аласыз; 📚Күніне қанша бет оқыдыңыз, қандай кітап оқыдыңыз барлығы жеке статистика ретінде көрініп тұрады; 📚Ішінен онлайн кітаптарды оқи аласыз; 📚Немесе қағаз кітапты оқып, платформаны таймер қолдана аласыз. Ол да статистика ретінде тұрады. 📚Кітапты көп оқыған сайын ұпай ретінде ұшқын жинап, онымен шырағыңызды киіндіріп, жеке бөлмеңізге жиһаз ала аласыз; 📚Өзінің электронды кітабын енгізіп оқи алады; 📚 Кітап клубтарын ашып, пікір алмаса алады; 📚Мектеп мұғалімдері сыныбын жүктей алады; 📚Өзіңіздің сүйікті кітап авторлары мен шығармаларыңызды енгізе аласыз; 🕯️Сөйтіп бізде шырағыңызды жағып, КІТАП ОҚУ ӘДЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРАСЫЗ. БІЗ СІЗДЕРДІ PARAQTA ҚОСЫМШАСЫНДА КҮТЕМІЗ! Осы уақытқа дейінгі қолдау білдіріп келе жатқан жандарға рахмет! 🥳БАРЛЫҚ КІТАП ОҚУДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН АДАМДАРҒА ОСЫ РИЛСТЫ ЖІБЕРІҢІЗ👇🏻 https://www.instagram.com/reel/Dfw6XopxNBw/?exln=MW16dHV6dGs2anZvdg==

Открыть в Telegram
Просмотры884+3%к среднему
Пересылки—
Реакции24
Комментарии—
#921Текст

Сіздер жазған кері байланыстың бәрін оқыдық, бәрін түзеттік 🛠 Соңғы күндері қолдауға келген хаттардың әрқайсысын тексеріп шықтық. Не өзгерді: • Кейбір телефондарда оқу бөлмесі ақ экранға айналып кететін. Түзелді. • Үзіліс қойып, қолданбаны жапсаң, таймер жоғалып кететін. Енді үзіліс серверде сақталады, қайта ашқанда сол жерден жалғасасың. • Таймер кейбір телефондарда уақытты қате санайтын. Түзелді. • «Абаймен 45 күн»: артқа, алға, тізім және «қайтару» батырмалары енді дұрыс істейді. • Кітаптың керек бетіне бірден өтуге болады. • Өз дәйексөздерің енді дұрыс сақталады. • Ұшқындар біраз уақыт жиналмай қалды. Оны жөндедік және жоғалған ұшқынды қайтардық: 1 631 оқырманға барлығы 13 340 ✦. Дүкеннен Шыраққа киім ал немесе үйіңді безендір. • Рейтинг енді әділ. Шын мәнінде мүмкін емес бет саны есепке кірмейді. мысық әлі жүрмейді. оны енді жасаймыз)) Қате тапсаң, бізге жаз. Әр хатты оқимыз 🕯

Открыть в Telegram
Просмотры778−9%к среднему
Пересылки—
Реакции17
Комментарии—
#920Текст

Түнгі кітапхана енді бәріне сыяды 🌙 Қайырлы күн, достар✨ Кеше түнде бір бөлмеде 160-тан астам адам бірге оқыды. Орын жетпей, біраз адам кітапханашының алдында тұрып қалды. Енді олай болмайды: ✦ Төменде орын болмаса, Шырағың өзі Аспан алаңына көтеріледі. Жұлдыздар астында, көлдің жағасында оқисың. ✦ Бөлме толса, бірден екінші зал ашылады. Досың қай залда болса, сені де соған отырғызамыз. «Қазір N адам оқып отыр» деген сан бүкіл бөлмеге ортақ қалады. Тағы бір жаңалық бар: 📊 «Менің статистикам» деген жаңа бет қосылды. Онда: — соңғы 30 күннің күнтізбесі бар: күнді бассаң, сол күні қанша бет оқығаның, қанша уақыт оқығаның және қай кітапты оқығаның шығады; — жылдық мақсатыңды осы жерден қоясың; — «Айымды бөлісу» батырмасы бір айыңды Stories-ке арналған суретке айналдырады. Мәзірдегі «Менің статистикам» батырмасын бас немесе Профильден аш. Кітабыңды аш та, шырағыңды жақ 🕯

Открыть в Telegram
Просмотры772−10%к среднему
Пересылки—
Реакции12
Комментарии—
#915Текст

Достар, бізде жақсы жаңалық бар🕯️✨ Менің «PARAQTA» онлайн кітапхана платформасы туралы жазбаларды Мәдениет және ақпарат министрі Арман Оразбайұлы Қырықбаев көріп, әпкем Керім Аянқызы екеуімізді кездесуге шақырды. Кездесуде министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамалары аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Бізді ерекше қуантқаны – министрліктің үйлестіруімен өтіп жатқан «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық марафонының нәтижелері. Бүгінде reading-nation.kz платформасына 1,4 миллионнан астам қатысушы тіркеліп, 842 мыңнан астам кітап оқылған. Оқырмандар кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, өзгелерді де оқуға шақыратын 50 мыңнан астам бейнепікір жариялаған. Осындай ауқымды бастама бізге де шабыт береді! Арман Оразбайұлы PARAQTA қосымшасының жұмысымен танысып, оқырмандардың белсенділігіне қызығушылық білдірді. Жастарды кітап оқуға көбірек тарту үшін қандай қолдау қажет екенін сұрады. PARAQTA – кітапты бастап қана қоймай, соңына дейін оқып шығуға көмектесетін қазақстандық платформа. Мұнда қағаз кітап оқу да есепке алынады. Бүгінге дейін платформаға 15 186 оқырман тіркеліп, 1,2 миллион бет оқылған, 10 738 кітап оқылып аяқталған. Платформа аясында 180 кітап клубы жұмыс істейді. Жобамыздың жұмыс істеп келе жатқанына 1 жыл 2 ай болды. Алты ай бұрын сайтымыз іске қосылса, екі апта бұрын мобильді қосымшамыз App Store дүкенінде қолжетімді болды. Қазір басты қажеттіліктеріміздің бірі – кітап қорын толықтыру. Платформада авторлық құқық мерзімі аяқталып, қоғамдық игілікке өткен 150-ге жуық кітап тегін ұсынылады. Оқырмандарымыз қосымшаның өзінде оқуға болатын кітаптар көбейсе деген тілектерін жиі білдіреді. Министрлік кітап қорын заңды негізде толықтыруға қолдау көрсетуге уәде берді. Сондай-ақ офлайн кездесулер мен бірлескен іс-шаралар өткізуге арналған алаң қарастыру мәселесі талқыланды. Арман Оразбайұлына және министрліктің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Амангелдіқызы Құрмановаға жылы қабылдағаны, бастамамызға қызығушылық танытқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз! Кітап оқудың жастар арасында кеңінен таралып келе жатқаны қуантады. Мемлекет басшысының бастамалары, мемлекеттік қолдау мен оқырмандардың белсенділігі осы игі үрдіске серпін беріп келеді. Біздің де мақсатымыз – оған өз үлесімізді қосу. PARAQTA-ның ғұмыры ұзақ, оқырманы көп болсын! Бірге дамып, бірге өсейік!

Открыть в Telegram
Просмотры1 640+91%к среднему
Пересылки—
Реакции44
Комментарии—
#914Текст

📖 Оқырман дауысы - 5 жаңа пікір 1. «Сары қазақ» ⭐⭐⭐⭐⭐ · ❤️ 1 · Symbatka 🌐 🗓 2 қараша, 07:35 Осы кітапты оқу арқылы тағыда қосымша ақпараттарға қол жеткіздім. Мысалы, большевиктер, Бетпақдала, жан-жануар мен өсімдіктер туралы ақпараттар жәнеде әрине мені қызықтыратын тарих туралы. Жалпы қорытындылай келе әр заманның өз ашаршылығы мен тоқшылығы болады екен. Қорытындының түбі, барға қанағат жоққа шүкіршілік ете білуге алып келеді. Бір түртіп алған жерлерім: мысалы, қазіргі заманда жәй ғана суға тас, қыл немесе жәй бір тамақ қалдығы түссе менсінбей ішуге жеткенбіз, ол кезде тек лай суды ішпек түгілі, сол сумен тамақ жасап ішкен. Адамдар әсіресе қазақ халқы депрессияға немесе өмірдің мәнін ұмытқан кезде, оларға осы кітапты ұсынып, бәріе бір ой желегінен өткізуді сұрар едім. Ендігі қазір біздің қолымыздан келері ұлтымызды қорғап, сақтап, мәдениетімізді жандандыру. 2. «Сары қазақ» ⭐⭐⭐⭐⭐ · ❤️ 1 · Ali 🌐 🗓 2 қараша, 11:46 Қазақ халқының, сонау советтік режимінің тұтқынына айналған шағы айқын көрсетілген әдеби шығарма. Бұл кітапты оқып отырып мынадай ой түйдім: Тарихты жеңігендер жазады. Әр ұлттың жаманы мен жақсысы болары сөзсіз. Десекте әр бір ұлт өз ұлтын өзгеден жоғары санайтын болғандықтан тәкаппар күйде, басып жаншушылықпен айналысады. Мына кітап соның бір дәлелі. Өз басым ешқандай ұлтты жамандағым келмейді. Бірақ шындықты айта білу бұл жамандау емес деп білемін. Орыс халқының кесірінен десем қате болар, сол ұлттан құралған совет үкіметінің системасы бізді аяған жоқ. Ең ауыры біз өз мәдениетімізден айырылып қала жаздадық. Осыншама қиын қыстау кезеңнен сүрінбей өтіп, қайтадан өз тіліміз бен мәдениетімізді жандандырып келе жатқан әрбір қазақ мына романды оқуы тиіс 3. «Түн ортасындағы кітапхана» — Хейг мәтт ⭐⭐⭐⭐⭐ · ❤️ 1 · Sanakulova 🌐 🗓 28 қазан, 10:53 Бұл кітап өкініштің ауырлығын түсіндірді. Кіші болсын, үлкен болсын бәрібір, “мынаны жасамадым, ананы істемедім, сол кезде сөйтсем ғой” деген өкініштердің барлығы тек іштей жеп бітеді. Біз тек жасаған не жасамаған таңдауымызды ғана көріп, соған өкінеміз. Ал ол таңдаудың соңы не болары мүмкін екенін ойланбаймыз да. Өмір сүруге итермелеуші күштің махаббат екенін де үйретті. Жалпы кітапта біраз сәтке ойландырып тастайтындай кездер көп болды. Біреудің армандарын сүріп жатырмыз ба? деген сұрақ та туды. Кітап барысында Нораның өмірге деген көзқарасы ғана емес, біздің де өмірді қабылдауымыз өзгергендей. Миссис Элм айтпақшы “Өмірді түсінуге тырысып қажет емес. Оны жай ғана сүру қажет.” 4. «Оң қол» ⭐⭐⭐⭐⭐ · ❤️ 1 · 𝓕𝓮𝓻𝓾𝔃𝓪 🌐 🗓 6 қараша, 19:56 Керемет шығарма, кейде біздің денеміз ғана емес. Ой санамызда өзімізге бағынбай кететіні рас. Бұл шығарманы 2-3 рет қайталап оқыдым , әр оқыған сайын басқаша ой-пікір пайда бола бастайды екен. Ең ауыр тигені ғашықтардың қосыла алмағаны.💔 5. «Мәңгілік бала бейне» · Бибігүл Қайкен 🌐 🗓 1 қараша, 18:23 «Мәңгілік бала бейне». Атауы өте әдемі екен. Оқымай тұрып, атауына қарап көңілі пәк, жаны таза бала бүлдіршін туралы деп ойлағанмын. Бірақ оны мүгедек болады деп еш ойлаған емеспін. Шығармадағы Ләйлә – он алты жаста болса да, денесі сегіз жасар баланың қалпында қалған қыз. Оның осындай тағдырға тап болуына Семей ядролық полигонының зардабы себеп болғаны шығармада анық байқалады. Бірақ мені ең қатты қынжылтқаны – Ләйләнің дене ерекшелігі ғана емес, айналасындағы адамдардың оған деген қарым-қатынасы болды. Ол да басқалар сияқты өскісі келеді, әдемі киінгісі келеді, сүйгісі және сүйікті болғысы келеді. Оның да арманы, сезімі, намысы бар. Алайда айналасындағы адамдар оны жеке тұлға ретінде қабылдаудың орнына, аянышты немесе өзгеше адам ретінде көреді. Маған Ләйләнің Аймен сырласатын тұстары ерекше әсер етті. Ол адамдардан таппаған түсіністікті Айдан іздейді. Өйткені Ай оны сөкпейді, мазақта… Оқығын кітабыңызға пікір жазыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз бәлкім сіздің пікіріңіз басқаның кітап оқуына себепкер болар🕯️

Открыть в Telegram
Просмотры1 170+36%к среднему
Пересылки—
Реакции15
Комментарии—
#908Фото
Просмотры932+9%к среднему
Пересылки—
Реакции19
Комментарии—