Қуаныш Мәлік ұстаз, бауырымыз аяқ асты ауруханаға түсіп қалыпты. Дұға жасап қойсаңыздар.
Открыть в TelegramПосты канала Мирас Ерланұлы
Исламда «Мақсат – істеп жатқан істі ақтайды» деген принцип жоқ. Сондықтан мақсатың дұрыс болып, бірақ ісің қате болуы мүмкін.
Открыть в TelegramШейх Абдурраззақ әл-Халаби (Алла ол кісіні рақымына алсын) бес мәртеден көп Ибн Абидиннің хашиясын, шейх Тахтауидің хашиясын көп мәрте, Ихтияр кітабын бірнеше мәрте, Әшбаһ уа назаир, Һидая сынды фиқһ кітаптарынан және Қуртубидің тәпсірнен үш мәрте, Нәсәфи мен Хазиннан бірнеше мәрте, Итқан секілді тәпсір кітаптарынан, Кутуб ситта, имам Муслимнің шархын, Бәзлул мәжһуд, Нәуәдир усул, Муатта т.б. хадис кітаптарынан шәкірттерге дәріс берген.
Открыть в TelegramШейх Абдурраззақ әл-Халабидің (Алла ол кісіні рақымына алсын) оқиғасы… Ол кісі Рамазан айында достарының бірінің көлігімен ұмраға барады. Қайтар жолда жүргізушіден ақшам намазын оқу үшін тоқтауды сұрады. Сонда жүргізуші оған: «Ақшамды құптанмен бірге оқимыз (біріктіреміз)», – деді. Шейх көлікті тоқтатуды қайта-қайта талап етті, бірақ жүргізуші көнбеді. Кейін бірер минуттар өтпей, көліктің дөңгелегі тесіліп қалды. Сонда шейх жүргізушіге былай деген екен: «Осы нәрсе сен үшін мен сұраған нәрседен жақсырақ па еді?!». Бұл шейхтің караматтарының бірі. Адамдар құдайдың алдында ниеттеріменен өлшенеді.
Открыть в TelegramОсыдан бірнеше ай бұрын бастаған кітабымыз өз мәресіне жетті. Заманауи сауда-саттық мәселелерін қысқа әрі нұсқа қамтыған кітап. Бұл еңбекті алдағы уақытта оқылатын ауқымды кітаптардың бастамасы деп қарасақ болады.
Открыть в TelegramӘссәләму алейкум! Жақында Шейх Мұхаммед Тақи әл-Усманидің заманауи түрлі мәселелерге қатысты етіп жазылған «қадая фиқһия муғасира» атты ауқымды еңбегін бастаймыз. Пайдасы өте көп. Дәріс ақылы! Қосымша ақпарат және тіркелу үшін осы сөздің үстін басыңыз.
Открыть в TelegramПереслано из Beisenali Olzhas
Шейх Мухаммад Хадыр Хусейн дәріс беру жайлы: "Мен бұрын дәріс бергенде, бір мәселеге тоқталсам, неше түрлі, сан алуан мәселелерді айтып кететін едім. Сәт тапсам болды, солай жасайтынмын. Тіпті Әлфияның бір дәрісінде бір шумақтан ары аспайтынмын. Алайда, ақыр соңында бұл – нәтиже бермейтін нашар жол екенін түсіндім". "Әс-сағад әл-узма" журналынан
Открыть в TelegramҰстазымыз Бурһануддин әл-Мужәһиди (Алла оны сақтасын) сенімді бір кісіден мынадай оқиғаны жеткізген еді. ХІХ ғасырдың соңында Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің қызметшілері түнде мешітті тазалау үшін есіктерін жауып қоятын. Бір түні қызметшілердің бірі мешіт есігінің өздігінен ашылып, ішке бір адамның кіргенін көреді. Әлгі кісі Пайғамбарымызға ﷺ сәлем беріп, көп ұзамай шығып кетеді. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанған екен. Қызметші ол адамның кім екенін білмей жүре береді. Кейін зейнетке шығып, қызметі үшін құрмет көрсету рәсіміне қатысу мақсатымен Дарал-хилафаға (патша сарайына) барады. Сол жерде Сұлтан Абдулхамид ханды (Алла оны рақымына бөлесін) көргенде, мешітте әлденеше рет көрген адамның дәл осы кісі екенін таниды. Ол бұл оқиғаны Сұлтан Абдулхамидтің кереметтерінің (караматтарының) бірі ретінде еске алатын. Алла Тағала оны рақымына бөлеп, одан разы болсын және үмбетке жасаған қызметі үшін ең көркем сыйын нәсіп етсін. Телеграм парақшасынан.
Открыть в TelegramОтбасыда ер адам мықты болуы керек. Әйел емес. Себебі негізгі жауапкершіліктің барлығы ер адамның мойнында. Жауапкершіліктен қашпай, ер кісі мінезді болып қалуы қажет.
Открыть в TelegramҚазіргі таңда иджазаның құны қалмай бара жатыр. Нағыз иджаза – ұстаздан ұзақ жылдар бойы сабақ алу. Шала оқып, оны интернетке салудың қажеті жоқ. Иджазаны үйіп-төгіп алып, оған лайық болмай жүргендерді де көзіміз көріп жүр.
Открыть в TelegramАдамның асқазаны миға қарағанда ақылдырақ, себебі ол өзіне керексізін құсып тастайды, ми болса көрінген нәрсені өзіне сіңіріп алады. ©Шыңғыс Айтматов
Открыть в TelegramАлла елшісі ﷺ: «Ақиқатында, маған адамдардың ең жақыны – тақуалары. Ол кім болсын, қайда болсын», – деген. Имам Ахмад
Открыть в TelegramҚазіргі уақытта желідегі өмірдің жалған. Көбі дерлік өтірік екеніне көзім жетіп келе жатқандай. Өз өміріңе, отбасыңа шүкір етіп, ептіп жүре бер. Басқалардың жалған тіршіліктері біздерді нығмет күпірлігіне апарып қоймасын. Ислам әрдайым биік, ешқашан төмен болмайды.
Открыть в TelegramРабиға ибн Кағб (Алла ол кісіден разы болсын) былай дейді: «Мен Алла елшісімен ﷺ бірге түнеген едім. Оған дәретке қажет суын және басқа да қажеттіліктерін алып келдім. Сөйтіп ол ﷺ маған: – «Не сұрайсың?» – деді. Мен: – «Жәннатта сізбен бірге болуды сұраймын», – дедім. Сонда Пайғамбар ﷺ: – «Олай болса, көп сәжде жасау (яғни көп нәпіл намаз оқу) арқылы өзіңе жәрдем бер», – деді». Мүслім
Открыть в TelegramПайғамбар ﷺ : «Ей, Әбу Фатима! Егер (қияметте) менімен жолығуды (менімен серік болуды) қаласаң, көп сәжде қыл (яғни көп намаз оқы)», – деген (Ахмад).
Открыть в TelegramАдамдар уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Ол қалыпты дүние. Құдайдан басқасының барлығы өзгереді. Сондықтан барлығын өзгертіп, Өзі өзгермейтін Құдайға сен.
Открыть в Telegram