Кабинет

Посты канала ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

сначала новые

#24605Видео

🔵«Хабар» телеарнасында «Даму формуласы» атты жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу басталады 📌Бүгіннен бастап «Хабар» телеарнасында «Даму формуласы» атты жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады. Жоба аясында Мемлекет басшысының бастамалары, ел дамуының стратегиялық бағыттары және Президент Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар кеңінен талқыланады. Бағдарламаның мақсаты – қоғам үшін маңызды мәселелерді ашық талқылап, сарапшылардың талдауы мен қоғам өкілдерінің пікіріне сүйене отырып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру. Бағдарламада мемлекеттік бастамалар таныстырылып қана қоймай, олардың мән-мазмұны, іске асыру тетіктері мен нақты нәтижелері жан-жақты сараланады. Елді дамытуға қатысты қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарына ерекше назар аударылады. Алғашқы шығарылым кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, тұрғындарды қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту мәселелеріне арналды. Сондай-ақ «Халықтық құрылыс» жобасының маңызы мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Бағдарламаға Құрылтай депутаттары Ерлан Саир, Айдос Сарым және қоғам қайраткері Самат Нұртаза қатысты. Олар елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңызын, экономикалық өсімге ықпал ететін бастамаларды және олардың халықтың өмір сапасына әсерін саралады. «Даму формуласы» жобасының жүргізушісі – журналист Мейрамгүл Мәдәлі. Бағдарлама «Хабар» телеарнасынан дүйсенбі күндері сағат 23:00-де, сәрсенбі күндері сағат 14:00-де эфирге шығады. 🎬https://youtu.be/2WV_DDRBy3w 🔵На телеканале «Хабар» стартует новое общественно-политическое ток-шоу «Даму формуласы»    📌С сегодняшнего дня на телеканале «Хабар» стартует новое общественно-политическое ток-шоу «Даму формуласы». Проект посвящен широкому обсуждению инициатив Главы государства, стратегических направлений развития страны и ключевых приоритетов, обозначенных в Послании Президента.   Главная цель программы – открыто обсуждать важные для общества вопросы и разъяснять основные направления государственной политики через экспертные оценки и мнения представителей общественности.   В программе государственные инициативы будут не просто освещаться, но и всесторонне анализироваться с подробным рассмотрением их содержания, механизмов реализации и конкретных результатов. При этом особое внимание будет уделено мнениям и предложениям представителей общественности по вопросам развития страны.   Первый выпуск был посвящён вопросам поддержки предпринимательства, развития малого и среднего бизнеса, обеспечения населения необходимой социальной инфраструктурой, а также значению проекта «Народная стройка» и перспективам его реализации.   В программе приняли участие депутаты Курултая Ерлан Саир, Айдос Сарым и общественный деятель Самат Нуртаза. Спикеры рассмотрели значение проводимых в стране реформ, инициативы, способствующие экономическому росту, и их влияние на качество жизни населения.   Ведущая проекта «Даму формуласы» – журналист Мейрамгуль Мадали. Программа выходит на телеканале «Хабар» по понедельникам в 23:00, по средам в 14:00. 🎬https://youtu.be/2WV_DDRBy3w

Открыть в Telegram
Просмотры84−64%к среднему
Пересылки2
Реакции—
Комментарии—
#24601Фотоальбом

🔹Қазақстандық мамандар деректі мұраны сақтау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты 📍Мәскеуде тарихи-деректі мұраны сақтау мен цифрландыру мәселелеріне арналған «Цифрлық дәуірдегі нақты виртуалды деректі мұра» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға архивтердің, кітапханалардың, музейлердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Қазақстан атынан Ұлттық кітапхананың, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының, «Ғылым ордасы» кәсіпорнының және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің мамандары қатысты. Конференция барысында архивтер мен кітапханалардың қорларын цифрландыру, электрондық құжаттарды сақтау, виртуалды коллекциялар қалыптастыру және мәдениет мекемелерінің қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері талқыланды. Практикалық бағдарлама аясында Қазақстанның Ұлттық кітапханасының мамандары құжаттарды қалпына келтіруге арналған шеберлік сабағын өткізді. Олар зақымдалған құжаттардың жоғалған бөліктерін қағаз массасымен қолмен толықтыру әдісін көрсетіп, кәсіби тәжірибелерін бөлісті. Конференция қатысушыларға тәжірибе алмасуға, деректі мұраны сақтаудың заманауи әдістерін талқылауға және архив пен кітапхана ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді. 🔹Казахстанские специалисты приняли участие в международной конференции по сохранению документального наследия 📍В Москве состоялась II Международная научно-практическая конференция «Реальное виртуальное: документальное наследие в цифровую эпоху», посвященная вопросам сохранения и цифровизации историко-документального наследия. В мероприятии приняли участие представители архивов, библиотек, музеев, научных и образовательных организаций, а также международные эксперты. Казахстан представили специалисты Национальной библиотеки РК, Национального центра рукописей и редких книг, «Ғылым ордасы» и Центрального государственного архива научно-технической документации. В ходе конференции участники обсудили вопросы цифровизации архивных и библиотечных фондов, сохранения электронных документов, создания виртуальных коллекций и внедрения искусственного интеллекта в работу учреждений культуры. В рамках практической программы специалисты Национальной библиотеки Казахстана провели мастер-класс по реставрации документов. Они продемонстрировали технологию ручного восстановления поврежденных документов с использованием бумажной массы и поделились профессиональным опытом. Конференция стала площадкой для обмена опытом, обсуждения современных методов сохранения документального наследия и развития международного сотрудничества в сфере архивного и библиотечного дела.

Открыть в Telegram
Просмотры239+2%к среднему
Пересылки2
Реакции3
Комментарии—
#24597Фотоальбом

🎵Алматыда Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған опера фестивалі өтті 🎼Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті опера әншісі, халық әртісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған фестиваль өтті. Өнер иесінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолы Абай атындағы театрмен тығыз байланысты болды. Ол әйгілі опералық партияларын осы сахнада орындады. Фестиваль Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштараз» операсымен ашылды. Осы қойылымдағы Фигаро партиясын шебер орындаған Ермек Серкебаев «КСРО-ның үздік Фигаросы» атанған болатын. Фестивальде Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы да сахналанды. Ермек Серкебаев осы туындыда өзінің ең танымал сахналық бейнелерінің бірін сомдаған. Фестиваль театрдың жетекші солистері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысқан гала-концертпен аяқталды. Концертте Татарстан Республикасының халық әртісі, Ресей мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ренат Салаватов және театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов дирижерлік етті. Құрметті қонақтар қатарында Ермек Серкебаевтың жары Әлфия Байжанова, бауыры, дирижер Мұрат Серкебаев, Жәмила Серкебаева және өзге де жақындары, сондай-ақ әріптестері мен әншінің өнерін қадір тұтатын жандар болды. Сонымен қатар театр фойесінде әншінің қызы Ирина Серкебаева жазған «И жизнь, и молодость, и счастье…» кітабының екінші басылымы таныстырылды. Кітап Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Фестиваль Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың жалғасы болды. Бұған дейін Абай атындағы театр ұжымы 18 қыркүйекте Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Дәуір үні» атты гала-концерт ұсынған болатын. Мерейтойлық іс-шаралар отандық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан Ермек Серкебаевтың шығармашылық мұрасын сақтауға және кеңінен насихаттауға бағытталған. 🎵В Алматы прошел оперный фестиваль, посвященный 100-летию Ермека Серкебаева 🎼В Казахском национальном театре оперы и балета имени Абая состоялся фестиваль, посвященный 100-летию со дня рождения выдающегося оперного певца, народного артиста Ермека Серкебаева. Творческая деятельность артиста на протяжении более полувека была связана с театром имени Абая, на сцене которого он исполнил свои знаменитые оперные партии. Фестиваль открылся оперой Джоаккино Россини «Севильский цирюльник». За исполнение партии Фигаро Ермек Серкебаев получил признание как «Лучший Фигаро СССР». В рамках программы также была представлена опера Ахмета Жубанова и Латифа Хамиди «Абай», в которой певец создал один из своих наиболее известных сценических образов. Завершился фестиваль гала-концертом с участием ведущих солистов театра и лауреатов международных конкурсов. За дирижерским пультом выступили народный артист Республики Татарстан, заслуженный артист России и Казахстана Ренат Салаватов и главный дирижер театра, заслуженный деятель Казахстана Нуржан Байбусинов. Среди почетных гостей присутствовали родные и близкие Ермека Серкебаева, в том числе его супруга Альфия Байжанова, брат, дирижер Мурат Серкебаев, Джамиля Серкебаева, а также коллеги и почитатели творчества певца. Кроме того, в фойе театра было представлено второе издание книги «И жизнь, и молодость, и счастье…», написанной дочерью артиста Ириной Серкебаевой и посвященной его жизни и творчеству. Фестиваль продолжил серию юбилейных мероприятий, посвященных 100-летию Ермека Серкебаева. Ранее, 18 сентября, коллектив театра имени Абая представил в штаб-квартире ЮНЕСКО в Париже гала-концерт «Голос эпохи». Проведение юбилейных мероприятий направлено на сохранение и популяризацию творческого наследия Ермека Серкебаева, внесшего значительный вклад в развитие казахстанского оперного искусства.

Открыть в Telegram
Просмотры238+2%к среднему
Пересылки3
Реакции2
Комментарии—
#24595Фото

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ телевизиясының тұңғыш дикторларының бірі, ақын әрі аудармашы Зұлхия Мұқанқызы Жұматованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғыра көңіл айтады. Зұлхия Мұқанқызы 1920 жылғы 20 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1958 жылғы 8 наурызда Зұлхия Мұқанқызы Нелли Омаровамен бірге Қазақ телевизиясының алғашқы эфирін ашқан дикторлардың бірі болды. Зұлхия Мұқанқызы қазақ тіліндегі алғашқы телевизиялық хабарды жүргізсе, Нелли Омарова орыс тіліндегі хабарды жүргізді. Осылайша, олар отандық телевизия тарихының алғашқы бетін ашып, ұлттық телеэфирдің қалыптасуына негіз қалады. 1958–1970 жылдары Қазақ телевизиясында қызмет атқарып, отандық телехабар тарату ісінің қалыптасуы мен дамуына, қазақ тіліндегі дикторлық өнердің өркендеуіне елеулі үлес қосты. Телевизиядағы қызметімен қатар әдеби шығармашылықпен айналысып, балаларға арналған өлеңдер мен шығармалар жазды, аударма саласында да еңбек етті. Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында басшылық қызмет атқарып, ұлттық өнердің дамуына атсалысты. Ұлттық телевизияның дамуына сіңірген айрықша еңбегі үшін 2026 жылғы 28 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Зұлхия Мұқанқызын «Құрмет» орденімен марапаттады. Қазақ телевизиясының бастауында тұрған көрнекті тұлғаның жарқын бейнесі, өнегелі өмір жолы мен ұлттық мәдениет пен руханиятқа сіңірген еңбегі ел жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын!

Открыть в Telegram
Просмотры390+66%к среднему
Пересылки1
Реакции2
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
12 ч293
26 ч390
  1. Через 24 часа390
  2. Всего сейчас390
#24594Видео

🔹Жаңа қоғамдық этика – сарапшылар назарында: «Sarapshy» медиажобасы аяқталды 📍Қазақстандық қоғамдық даму институты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Sarapshy» медиажобасының қорытынды практикалық модулін өткізді. ✔️Жобаға 140-тан астам үміткердің арасынан іріктелген 25 зерттеуші, талдаушы және практик маман қатысты. Бағдарлама жаңа қоғамдық этика мәселелеріне маманданған сарапшылардың медиа саласындағы біліктілігін арттыруға және жұртшылықпен тиімді байланыс орнату мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды. Жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру – еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында оны елдің орнықты дамуының маңызды шарттарының бірі ретінде айқындады. Бұл ретте қоғамдық үдерістерді терең талдап, нақты деректерге сүйенетін әрі зерттеу нәтижелерін қалың жұртшылыққа ұғынықты жеткізе алатын сарапшылар қауымының рөлі ерекше. Қорытынды модульде коммуникациялық науқандарға және қоғамдық маңызы бар бастамаларды ілгерілетуге баса назар аударылды. Қатысушылар нақты мысалдар негізінде мақсатты аудиторияны айқындау, коммуникация арналары мен құралдарын таңдау тәсілдерін зерделеді. Қоғамда қалыптасқан көзқарастар мен мінез-құлық үлгілерін талдауға ерекше көңіл бөлінді. Жоба қатысушыларына TEDxAstana өкілдері, медиа және цифрлық сала мамандары, сондай-ақ PR, GR және құқық саласындағы сарапшылар тәлімгерлік етті. Бағдарлама соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сондай-ақ олардың кәсіби портфолиолары таныстырылды. Бұл портфолиолар алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуға негіз болмақ. Қазақстандық қоғамдық даму институты «Sarapshy» медиажобасының түлектерімен әдіснамалық, талдамалық және практикалық бағыттардағы ынтымақтастықты жалғастырады. 🔹Новая общественная этика – в фокусе экспертов: завершился медиапроект Sarapshy 📍Казахстанский институт общественного развития при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан провел заключительный практический модуль медиапроекта «Sarapshy». ✔️Участниками проекта стали 25 исследователей, аналитиков и практиков, отобранных из более чем 140 претендентов. Программа была направлена на развитие медиакомпетенций экспертов, специализирующихся на вопросах новой общественной этики, и повышение их потенциала в публичных коммуникациях. Формирование новой общественной этики занимает важное место в повестке Казахстана. Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем Послании народу Казахстана обозначил ее как одно из важных условий устойчивого развития страны. В этой связи особую роль играет экспертное сообщество, способное глубоко анализировать общественные процессы, опираться на факты и доступно представлять результаты исследований широкой аудитории. Центральной темой заключительного модуля стали коммуникационные кампании и продвижение общественно значимых инициатив. На конкретных примерах участники изучили подходы к определению целевых аудиторий, выбору каналов и инструментов коммуникации. Отдельное внимание было уделено анализу общественных установок и моделей поведения. В качестве наставников выступили представители TEDxAstana, медиа и цифрового сообщества, а также специалисты в области PR, GR и юриспруденции. По итогам программы участникам вручили сертификаты. Кроме того, были представлены их профессиональные портфолио, которые станут основой для дальнейшего взаимодействия со средствами массовой информации. Казахстанский институт общественного развития продолжит методологическое, аналитическое и практическое сотрудничество с выпускниками медиапроекта Sarapshy.

Открыть в Telegram
Просмотры301+28%к среднему
Пересылки2
Реакции7
Комментарии—
#24589Фотоальбом

🎞️Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтті 📌Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Өзбекстанның Ұлттық кино өнері сарайында Қазақстан киносының күндері өтті. Бағдарлама аясында «Қайтадан», «Ерекше», «Моя большая казахская семья», «Жабайы», «Алтын адам» және «Әміре» фильмдері көрсетілді. Іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің, «Қазақфильм» киностудиясының, Kinopark Theatres, Tiger Films және Dala Edge компанияларының өкілдері, сондай-ақ екі елдің кино саласының мамандары қатысты. Спорт пен адамның ерік-жігерін арқау еткен «Ерекше» фильмінің көрсетіліміне Өзбекстанның бочча командасының өкілдері мен Ташкенттегі спорт мектебінің оқушылары қатысты. Қазақстан мен Өзбекстан кинематографистері ұлттық киноны дамыту және бірлесіп фильм түсіру мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан киносының күндері мәдени алмасуға, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және отандық киноны шетелде насихаттауға мүмкіндік берді. 🎞️В Ташкенте прошли Дни казахстанского кино 📌К 35-летию Независимости Республики Казахстан во Дворце национального киноискусства Узбекистана состоялись Дни казахстанского кино.  В рамках программы были представлены фильмы «Қайтадан», «Ерекше», «Моя большая казахская семья», «Жабайы», «Алтын адам» и «Әміре». В мероприятии приняли участие представители Посольства Казахстана в Узбекистане, киностудии «Казахфильм», компаний Kinopark Theatres, Tiger Films и Dala Edge, а также киноиндустрии Казахстана и Узбекистана. Показ фильма «Ерекше» о спорте и силе человеческого духа посетили представители команды Узбекистана по бочча и учащиеся спортивной школы Ташкента. Кинематографисты Казахстана и Узбекистана обсудили развитие национального кино и перспективы совместного производства.  Дни казахстанского кино стали площадкой для культурного обмена, укрепления творческих связей и продвижения отечественного кинематографа за рубежом.

Открыть в Telegram
Просмотры240+2%к среднему
Пересылки3
Реакции1
Комментарии—
#24586Видео

📖Шымкентте кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды 📍Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Зерделі ұлт – зерек оқырман» зияткерлік алаңы аясында кездесу өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Ұлттық кітапханасының, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, «Кітап оқитын ұлт» жобасының өкілдері, сондай-ақ ақын-жазушылар мен баспагерлер қатысты. Кездесуде «Кітап оқитын ұлт» жобасының іске асырылу барысы таныстырылды. Қатысушылар «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын жүзеге асыру жолдарын, кітап оқуды насихаттау шараларын және кітапқа тұрақты қызығушылық қалыптастырудағы кітапханалардың рөлін талқылады. Сондай-ақ жастарды кітап оқуға баулу, оқырман қауымдастықтарын дамыту және кітапханалар арасында тәжірибе алмасу мәселелері қаралды. 📖В Шымкенте состоялась встреча по развитию культуры чтения 📍В рамках реализации Указа Главы государства «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации» в городской научно-универсальной библиотеке имени аль-Фараби прошла встреча на интеллектуальной площадке «Зерделі ұлт – зерек оқырман».  В мероприятии приняли участие представители Национальной академической библиотеки Республики Казахстан, Национальной библиотеки Республики Казахстан, Управления культуры, развития языков и архивов города Шымкента, проекта «Читающая нация», а также поэты, писатели и издатели. В ходе встречи был представлен ход реализации проекта «Читающая нация». Участники обсудили подходы к реализации концепции «Зерделі ұлт», меры по популяризации чтения и роль библиотек в формировании устойчивого интереса к книгам. Также были рассмотрены вопросы привлечения молодежи к чтению, развития читательских сообществ и обмена опытом между библиотеками.

Открыть в Telegram
Просмотры261+11%к среднему
Пересылки2
Реакции2
Комментарии—
#24585Видеоизменён

🔹Астанада отандық киноиндустрияны дамыту мәселелері талқыланды 📍Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері дистрибьюторлық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Қатысушылар отандық киноиндустрияны дамыту және мемлекет пен кино нарығына қатысушылар арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ұлттық киноға көрермендердің қызығушылығын арттыруға, «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға, сондай-ақ фильмдерді тарату және көрсету кезінде заңнамада белгіленген талаптарды сақтауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ашық конкурстық іріктеу тәртібін сақтай отырып, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының функцияларын «Қазақфильм» киностудиясына беру, кино-рибейт тетігін енгізу, мемлекеттік тілдегі фильмдердің қолжетімділігін арттыру және ұлттық фильмдердің прайм-таймда көрсетілуін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысында заңнаманы жетілдіру барысында көрермендердің талғамы мен кино нарығының қажеттіліктерін ескерудің маңызы атап өтілді. 🔹В столице обсудили развитие отечественной киноиндустрии 📍В Астане состоялась встреча представителей Министерства культуры и информации Республики Казахстан с дистрибьюторскими компаниями. Участники обсудили развитие отечественной киноиндустрии и взаимодействие государства с кинорынком. Особое внимание уделили повышению зрительского интереса к национальному кино, реализации принципа «Закон и Порядок» и соблюдению установленных законодательством требований при распространении и показе фильмов. Кроме того, участники рассмотрели вопросы передачи функций Центра поддержки национального кино киностудии «Қазақфильм» с сохранением открытого конкурсного отбора, внедрения кино-рибейта, доступности фильмов на государственном языке и обеспечения показа национальных фильмов в прайм-тайм. По итогам встречи отмечена важность учета зрительских предпочтений и потребностей кинорынка при совершенствовании законодательства.

Открыть в Telegram
Просмотры220−6%к среднему
Пересылки3
Реакции1
Комментарии—
#24584Видео
Просмотры253+8%к среднему
Пересылки2
Реакции20
Комментарии—
#24580Фотоальбом

🔵Арман Кырыкбаев обсудил с творческим сообществом и молодежью Послание Президента и развитие культуры чтения 📍В Алматы состоялась встреча министра культуры и информации Республики Казахстан Армана Кырыкбаева с представителями творческого сообщества и молодежи. Участники обсудили ключевые положения Послания Главы государства, развитие национальной культуры, поддержку литературы и формирование читающей нации. Во встрече приняли участие деятели культуры и искусства, молодые авторы и представители креативных индустрий. Задачи Послания и возможности цифровизации Министр остановился на задачах, обозначенных в Послании Главы государства, подчеркнув значение цифровизации и активного участия молодежи в их реализации. «Послание Главы государства – важный стратегический документ, определяющий дальнейший вектор развития страны. Реализация идей Послания Президента напрямую связана с трудом представителей культуры и креативных индустрий, с пониманием каждым из них своей роли в этой работе. Цифровизация и искусственный интеллект открывают новые возможности для творчества и расширяют доступ к культурному наследию. Наша главная цель — открывать возможности для творческих инициатив, делать искусство и литературу ближе к людям и направлять созидательную энергию молодого поколения на развитие страны», — отметил министр. Формирование читающей нации Особое внимание было уделено реализации инициативы Главы государства по формированию читающей нации. На платформе reading-nation.kz зарегистрировано свыше 1,4 млн участников, которые прочитали более 842 тысяч книг и опубликовали свыше 50 тысяч видеоотзывов. Общественные ценности и развитие инфраструктуры Участники также обсудили инициативу Главы государства об объявлении 2027 года Годом всенародного строительства, вопросы модернизации социальной и культурной инфраструктуры и создания современных пространств для молодежи. Говоря о сохранении национальных ценностей и укреплении общественной этики, министр подчеркнул значение принципов «Адал азамат», «Закон и порядок» и «Таза Қазақстан». Он также отметил роль творческой интеллигенции в укреплении национальной идентичности, отражении в литературе и искусстве исторического наследия и созидательного потенциала современного Казахстана. Встреча продолжилась в формате открытого диалога. Участники задали министру вопросы, поделились инициативами и обсудили перспективы развития культуры и литературы. Национальная библиотека будет работать до полуночи В рамках встречи Арман Кырыкбаев также ознакомился с деятельностью Национальной библиотеки РК и показателями читательской активности. С мая по ноябрь 2026 года в библиотеке зарегистрировано свыше 26 тысяч новых читателей, что на 73,8% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Число молодых читателей в возрасте от 15 до 35 лет выросло на 33%, превысив 24 тысячи человек. За этот период выдано более 1,6 млн документов, а аудитория онлайн-сервисов увеличилась на 13% и составила свыше 932 тысяч пользователей. С учетом роста читательской активности и обращений посетителей министр сообщил о решении продлить время работы Национальной библиотеки до 24:00. Новый график позволит студентам, работающим гражданам и другим посетителям пользоваться ее фондами и услугами в вечернее время.

Открыть в Telegram
Просмотры226−4%к среднему
Пересылки2
Реакции26
Комментарии—
#24576Фотоальбом

🔵Арман Қырықбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен Президент Жолдауын, кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелерін талқылады 📍Алматыда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары, ұлттық мәдениетті дамыту, әдебиетті қолдау және зерделі ұлт қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кездесуге мәдениет және өнер қайраткерлері, жас қаламгерлер мен креативті индустрия өкілдері қатысты. Жолдауда айқындалған міндеттер және цифрландыру мүмкіндіктері Министр Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерге тоқталып, оларды іске асыруда цифрландырудың және жастардың белсенді қатысуының маңызын атап өтті. «Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Президент Жолдауындағы идеяларды жүзеге асыру мәдениет саласы мен креативті индустрия өкілдерінің еңбегіне, олардың әрқайсысының осы жұмыстағы өз рөлін түсінуіне тікелей байланысты. Цифрландыру мен жасанды интеллект шығармашылыққа тың мүмкіндіктер ашып, мәдени мұраны көпшілікке қолжетімді ете түседі. Біздің басты мақсатымыз – шығармашылық бастамаларға жол ашу, өнер мен әдебиетті халыққа жақындату және жас ұрпақтың жасампаз қуатын ел дамуына бағыттау», – деді министр. Зерделі ұлт қалыптастыру Мемлекет басшысының зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасын іске асыруға ерекше назар аударылды. reading-nation.kz платформасында 1,4 миллионнан астам қатысушы тіркелген. Олар 842 мыңнан астам кітап оқып, 50 мыңнан астам бейнепікір жариялаған. Қоғамдық құндылықтар және инфрақұрылымды дамыту Қатысушылар Мемлекет басшысының 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау жөніндегі бастамасын да талқылады. Сондай-ақ әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды жаңғырту, жастарға арналған заманауи кеңістіктер құру мәселелері сөз болды. Ұлттық құндылықтарды сақтау мен қоғамдық әдепті нығайту мәселесіне тоқталған министр «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарының маңызын атап өтті. Сондай-ақ ұлттық бірегейлікті нығайтуда, тарихи мұра мен қазіргі Қазақстанның жасампаздық әлеуетін әдебиет пен өнерде бейнелеуде шығармашыл зиялы қауымның рөлі зор екенін айтты. Кездесу ашық пікір алмасуға ұласты. Қатысушылар министрге сұрақтарын қойып, өз бастамаларын ұсынды және мәдениет пен әдебиеттің алдағы даму бағыттарын талқылады. Ұлттық кітапхана түн ортасына дейін жұмыс істейді Кездесу барысында Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қызметімен және оқырман белсенділігі жөніндегі деректермен де танысты. 2026 жылдың мамыр-қараша айларында кітапханаға 26 мыңнан астам жаңа оқырман тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,8 пайызға көп. 15-35 жас аралығындағы оқырмандар саны 33 пайызға өсіп, 24 мыңнан асқан. Осы кезеңде оқырмандарға 1,6 миллионнан астам құжат берілген. Ал онлайн қызметтерді пайдаланушылар саны 13 пайызға артып, 932 мыңнан асты. Оқырман белсенділігінің артуы мен келушілердің өтініштерін ескерген министр Ұлттық кітапхананың жұмыс уақытын сағат 24:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Жаңа жұмыс кестесі студенттерге, жұмыс істейтін азаматтарға және өзге де келушілерге кешкі уақытта да кітапхана қорын және қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Открыть в Telegram
Просмотры244+4%к среднему
Пересылки0
Реакции22
Комментарии—
#24575Фотоальбом
Просмотры288+23%к среднему
Пересылки2
Реакции—
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
53 ч276
67 ч288
  1. Всего сейчас288