Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады
🔹Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы он айда атқарған қызметінің нәтижелері туралы есеп берілді.
Асхат Хасенов:
🔹бүгінде «ҚазМұнайГаздың» капиталы 22 триллион теңгені құрайтынын жеткізді.
🔹Компанияның қаржылық жағдайы тұрақты және жалпы сомасы 16,7 триллион теңге болатын ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
🔹компания 2026-2030 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасын қабылдағаны жөнінде баяндады.
🔹23 жобаны іске асыру аясында 60 000 шақырым көлемінде сейсмикалық барлау жүргізу, сондай-ақ жалпы геологиялық ресурстық әлеуеті 4,7 миллиард тонна шартты отынға тең 26 іздестіру-барлау ұңғымасын бұрғылау көзделіп отыр.
🔹Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» қолданыстағы активтерде үнемі қосымша барлау жұмыстарын жүргізеді.
🔹Атырау облысында Батыс Қарасор және Маңғыстау облысында Қаражанбастың Жағалау аймағы кен орындарын игеру басталды.
🔹жасанды интеллект көмегімен кен орындарының цифрлық телнұсқасы енгізіліп жатқаны туралы айтты.
🔹тауарлық газ өндіруді қысқа мерзімде 2,6 миллиард текше метрден 4,5 миллиард текше метрге дейін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобалар жөнінде мәлімет берді.
🔹Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында газ нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Қосымша экспорт бағыттарын дамыту жұмыстары жалғасуда.
🔹Есепті кезеңде отандық мұнай өңдеу зауыттарында 14,9 миллион тонна мұнай өңделді. Жыл қорытындысы бойынша жеңіл мұнай өнімдерінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 800 мың тоннаға өскен.
🔹Бұдан бөлек, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 12 миллион тоннаға дейін, ал Павлодар мұнай химиясы зауытының қуатын жылына 6 миллион тоннадан 9 миллион тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары қолға алынды.
🔹Атырау облысындағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларының, атап айтқанда полиэтилен өндірісі мен газ сепарациялау кешені құрылысының барысын таныстырды.
🔹Сондай-ақ аймақтарда іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларға айрықша мән берілді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» қызметкерлері жыл басынан бері 386 мың ағаш отырғызған.
Президент:
🔹геологиялық барлау және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарында жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
t.me/aqorda_resmi