АСТАНА! Кезекті «Dope Soz Live» журналист, баспагер Әлия Әшімнің қатысуымен өтеді. Билет саны шектеулі! Келіңіздер, көрісейік! Билет
Открыть в TelegramПосты канала dope söz
Бүгінгі қонағымыз – белгілі стендап-комик Аңсаған Садирханов. Онымен кезекті стендап-концерті, үйленгісі келетіні және әкесімен қарым-қатынасы жайында сұхбаттастық. Сонымен қатар Аңсаған болашақ жоспарлары мен стендап-мансабының дамуы туралы айтып берді. https://youtu.be/qFuU8ELLJSA
Открыть в TelegramАСТАНА! Күздің соңғы күндерін Dope Soz Live-пен бірге өткізейік! Бұл жолы қонағымыз – Дулат Мұхаметқали, aka ZaQ. Келіңіздер, көрісейік! Билет алу
Открыть в TelegramБүгінгі қонағымыз кәсіпкер әрі меценат Болатбек Дәлелханұлымен Қазақстандағы тұтыну нарығы, маркетплейстерден не сатып алатынымыз және шетелге қандай өнімдерді экспорттай алатынымыз туралы тілдестік. Сонымен қатар Jańa Post компаниясының ішкі құрылымы мен логистикасының ерекшеліктерін, Қытаймен жұмыс істеу тәжірибесін және отандық бизнестің өзге нарықтарға шығу мүмкіндіктерін сөз еттік. Сондай-ақ өнер мен спортты қолдау, кітап оқитын ұлт қалыптастыру, қазақ тарихының тереңдігі, 50 миллион қазаққа жету идеясы туралы айтып берді. https://youtu.be/x9bx6h5wjB8
Открыть в Telegram2 жылдан бері өзіміз отырып, шай ішпеппіз. Осы уақыт ішінде не өзгерді, өткен подкастарға шолу жасадық, отбасы институты туралы сөйлестік. https://youtu.be/lVpV1vZOaNo?si=JTE-1uYZGNEeN5r7
Открыть в TelegramАдамзаттың Dope Soz-дің қысқаша тарихы туралы бейне шықты Қалай пайда болды? Қонақ қалай таңдаймыз? Шықпай қалған шығарылымдар👀 Сіз білмеген Dope Soz
Открыть в TelegramБүгінгі қонағымыз — медиа продюсер, сценарист әрі комик Нұрмахан Мұқанұлы. Медиа саласының бүгінгі жағдайы, телевидениенің YouTube пен жаңа медиаға неге жол беріп жатқаны, Назарбаевтың "Түнгі студияға" келуі және "Қалаулым" феномені туралы сөйлестік. Сонымен қатар "Интеллигентно Қу" жобасының тарихы, саяси әзілдің шекарасы, мақтауды қабылдай алмау, танымалдылықтың жауапкершілігі және контенттің тәрбиеге әсері туралы әңгімелестік. https://youtu.be/wP0ipBOMP6o
Открыть в TelegramБұл эпизодта кәсіпкер әрі өнеркәсіпші, Bolashaq Holding’тың негізін қалаушы Мұрат Акиновпен Қазақстандағы өндірістің жай-күйі, ауыр машина жасау саласы және мұнай өндірісі туралы сөйлестік. Елімізде өнеркәсіпті дамытуға не кедергі? Қазақстанның өндірістік әлеуетін толық пайдаланып жүрміз бе? Сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасының мәні, қамқоршы болудың жауапкершілігітуралы әңгімелестік. https://youtu.be/f4-4kNUl6uQ?si=VurSCKK94i89e8aV
Открыть в TelegramБұл эпизодта Дастан Мұхамедрахыммен туризм, блогерлік және Қазақстанды әлемге танытудың жаңа тәсілдері туралы сөйлестік. Ол ролик түсірудің ерекшеліктері, блогер болу жолы, One Billion Summit, Трамптың баласы, IShowSpeed және Forbes-қа сұхбат туралы әңгімелейді. Сонымен қатар ішкі туризмнің қазіргі жағдайы, жазылушы санының маңызы, контенттен ақша табу және қай бағыттың болашағы зор екенін айтып берді. Қазақстан туризмі неге әлі толық дамымай жатыр? Инфрақұрылымның рөлі қандай, Норвегия мен Иорданиядан не үйренуге болатынын да талқыладық. https://youtu.be/HumJ7I8i6pI?si=6lQlIk3QHjhaqrBd
Открыть в TelegramБүгінгі қонағымыз режиссер Қуаныш Бейсекпен оның жаңа туындысы "7 Қарақшы", қыруар бюджет, кино экономикасы және Қазақстандағы кино индустриясы туралы әңгімелестік. Сонымен қатар ұлттық идеология, ҚазССР кезеңі мен Дінмұхамед Қонаев және қазақты не біріктіретіні туралы сөз қозғадық. Әңгімеде мектептегі хиджаб мәселесі, ажырасу, "Борат", Нұртас Адамбай туралы да өз ойын білдірді. https://youtu.be/p8OPy9mn54w
Открыть в TelegramСегодня у нас в гостях ученый и исследователь аутизма Нариман Амантаев, который расскажет про РАС, какие бывают диагнозы внутри спектра и можно ли вылечить или предотвратить аутизм и к каким советам стоит прислушаться родителям. Кроме того, Нариман поделится данными о регрессе речи, гениальности/отсталости людей с аутизмом, мировой статистики и особенности разных терапий и подходов. https://youtu.be/_gr-jPUEKQg?si=xf5ULvHSGU7CHijv
Открыть в TelegramБұл шығарылымда режиссер Мұрат Есжанмен қазақ киносы, тарих және шығармашылық жолы туралы сөйлестік. "Міржақып. Оян, Қазақ!" фильмі қалай дүниеге келді? Тарихи тұлғалар туралы кино түсіргенде режиссердің жауапкершілігі қандай? Әлихан Бөкейхан туралы фильм қашан шығады? Алаш тарихын экранға шығаруда нені ескеру керек? Сондай-ақ оның жаңа туындысы «Қара алтын» туралы әңгімелестік. Сонымен қатар киноиндустриядағы маркетинг, Жаңа Голливуд, Кристофер Нолан, сценарий жазу, кітаптарды экрандау, Қазақстандағы киноның болашағы және Мұрат Есжанның режиссер ретінде қалыптасу жолы туралы сөз қозғадық. https://youtu.be/JA80aTbqZWA
Открыть в TelegramБүгін Dope Soz командасы бір күнін Нархоз университетінде өткізеді. Студенттермен, оқытушылармен және университет басшылығымен бірге оқу ордасының ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, оның күнделікті өміріне үңілеміз. Студенттер Нархозға қандай мақсатпен түседі? Мұнда қандай мектептер мен білім беру бағдарламалары бар? Университет студенттеріне қандай жағдай жасап, қандай мүмкіндіктер ұсынады? Осы сұрақтарға жауап іздеп, Нархоздың бүгінгі тыныс-тіршілігін бірге зерттейміз. https://youtu.be/ZJIyFJRCAkY?si=lPniSbv4yi9g5w1R
Открыть в TelegramБүгінгі қонағымыз актер Асқар Ілиясовпен оның жаңа «Паша» сериалы, идеология, шовинизм, тарихи шындық, халықаралық кино туралы тілдестік. Сонымен қатар Бишімбаев бейнесін сомдау, ер адамның денсаулығы жайлы да әңгімелестік. https://youtu.be/JQLbi0VNrBM
Открыть в TelegramЖыл сайын өтетін OYUFest-ке бұл жолы мен де өз үлесімді қостым. Ауқымды жобаның артында қандай еңбек пен дайындық тұрғанын, әншілерден бөлек фестиваль вайбын жасайтын жандардың кім екенін осы backstage видеодан тамашалай аласыздар.
Открыть в TelegramDope Söz 171 шығарылымының кезекті қонағы — Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михал Лабенда. Бұл подкаста қос халықтың тарихы, мәдениеті мен болмысы туралы тілдестік. Елші мырзаның қазақ тілін меңгергені, Польша экономикасы және әлемдегі поляк диаспорасының тыныс-тіршілігі туралы да айтылды. Сонымен қатар ол Олжас Сүлейменовтің «АЗиЯ» кітабы, поляк болмысының коды (Полякзат), Елшінің тарихи үрдістер туралы жеке ойларын бөлісті. https://youtu.be/C4gbAE3mwVc
Открыть в TelegramСегодня на Dope Söz известный узбекский историк и политолог Бахтиёр Алимджанов, гость симпозиума по Золотой Орде, который поделится свежими впечатлениями о новой идеологеме позиционирования Казахстана. Мы поговорим об идеологизации истории, вечной гонке казахов и узбеков, о наших национализмах и комплексах, обсудим ценность историков, разберем стереотипы и общую историю. Кроме того, Бахтиёр расскажет как обстоят дела в Узбекистане с исламизацией, наследием Каримова, социальной мобильностью и взгляде на соседей и внешний мир. https://youtu.be/8o0CT4KyPT4
Открыть в TelegramБүгінгі қонағымыз қоғам белсендісі және инфлюенсер Роза Әшірбаевамен "мамсиктер", тортты кімге беру керек екені және "Бірінші леди" мәртебесі туралы әңгіме өрбіттік. Бұдан бөлек подкастта қазақша маркетиң, патриархат пен маскулинность тақырыптарын қозғадық. Қазақстандық контекстегі гетеропессимизм, ауылдағы секс-просвет, зорлық-зомбылық шеңбері және коучтардың қоғамға ықпалы туралы да тіл қаттық. https://youtu.be/veOTuKfedU4?si=6qQZpO9wPrsJP-ky
Открыть в TelegramСходил к Арсену и Жомарту на подкаст, не смотрел в монтаже, но помню, что на протяжении трёх часов мы говорили с ними обо всём, и хотя не знакомы были до записи, я жестко кайфанул от общения! Для тех, кто не видел раньше этот подкаст (потому что большинство их аудитории из Казахстана и в основном подкасты на Казахском) советую ознакомиться! Пацаны конечно в заголовок вывели как будто я там пиздец в белом пальто рассказал про русскую душу, но по факту нет там такого. Короче приятного просмотра!
Открыть в Telegram