Марқұм Бауыржан Әлиұлы қайтыс болған кезде бауырымызға арналған сөздер: Әр таңда қысқаша уағызын жіберіп тұратын бауырым... Уағыздарын тоқтап қалды. Алла сені рахметіне бөлесін! Жарқ еткен жұлдыздай өмір сүріп өтсең де, артыңда ұзақ ізің қалды. Әрбір дінім деп жүрген азамат болса, Бауыржан Әлиұлындай болсын. Дінін де, дәстүрін де, тарихын да сабақтастыра жеткізуші еді. Айтқан уағызы жүректен жүрекке жететін. Себебі ол, шыншылдардан болатын... Алла Тағала: «Ей, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар!» (Тәубе сүресі, 119-аят),- деп бұйырған. Яғни, шыншыл дегеніміз - сөзі мен ісі бір болған жандар. Бауыржанда көбімізде жетіспейтін осы сипат болды. Алла баршамызға шынайылықты нәсіп етсін! Қуат Қабдолда
Открыть в TelegramПосты канала Бауыржан Әлиұлы (ресми)
✅Ойлаймын да..🤔 📌Болашақ жарыңыздың арының таза болуын қаласаңыз, өзгелердің арын былғамаңыз!☝️ Ұстаз Бауыржан Әлиұлы
Открыть в Telegram"Сөз дәрі секілді. Мөлшерімен қолдансаң пайдасы тиеді. Артығымен қолдансаң түбіңе жетеді". Сахаба Амр ибн Ас (Алла оған разы болсын) Салауат айтуды ұмытпаңыз 😊 Күндеріңіз сәтті өтсін 🤲
Открыть в TelegramОйлаңызшы сондай бір күн келеді, сол күні сіз ойлаған арман, дұғаларға жауаптары біртіндеп келіп жатқанда, қай амалым үшін деп таң қаласыз.
Открыть в TelegramҚиямет-қайым болғанда күллі пайғамбар жеке басының қамын күйттеп “өзім, өзім” дейді екен. Тек пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ғана “үмбетім, үмбетім” дейді екен. Махаббаты жүрекке орныққан, дидар-жамалын көруге үмбеті асық болған пайғамбарымызға салауат айта отырыңыздар.
Открыть в Telegram"Жасқы жолдас жалғыздықтан артық. Жалғыздық жаман жолдастан артық. Жақсылыққа жаршы болған үндемей қалғаннан артық. Үндемей қалған жамандыққа шақырғаннан артық ". Сахаба Әбу Дарда (Алла оған разы болсын). Салауат айтуды ұмытпаңыз 😊
Открыть в TelegramХәкімдерден қалған мынадай сөз бар. "Бос, мағынасыз сөзден аулақ бол. Себебі бос сөз сенің жасырын жатқан кемшіліктеріңді көрсетеді. Дұшпаныңның батылдығын арттырады". Салауат айтуды ұмытпаңыз 😊
Открыть в TelegramЖігітті жолдасынан таны... "Құстардың сан түрлі түрі болғанындай адамдардың да неше қилы түрі бар. Көгершін көгершінмен, қарға қарғамен, үйрек үйрекпен тіпті торғай екеш торғай да өз түрімен (қатар ұшады). Адам да дәл өзі секілдімен (қатар жүреді)". Имам Мәлік (Алла оны рақымына бөлесін). Қысқасы жақсы жақсымен, жаман жаманмен жүреді. "Жігітті жолдасына қарап бағала" деген нақыл сөз нендей керемет айтылған. Жұма мүбәрак болсын 🤲
Открыть в TelegramОйлаймын да 🧐... Жақсылардың сынағы да оңай болмайды. Оңай болса Алланың сүйікті құлы, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) соншалықты ауыр сынақтарға тап болмас еді деп.. #ойлаймында
Открыть в Telegram“Күлкісі көбейгеннің айбаты азаяды”. Сахаба Омар (Алла оған разы болсын) Жұма мүбәрак болсын 🤲
Открыть в TelegramОйлашы марқұм ұстаздың Ойлаймын да және Жазбалар жинағы бар жоғы 6990 теңге Кітап бойынша 8707 449 5497 ватсапқа
Открыть в TelegramШайыр Мұхаммед ибн Хусейн былай деп әрдайым айтып отырады екен. «Дүниенің Алланың құзырында ешқандай қадір-қасиетінің жоқтығының ең үлкен белгісі – бағалысын бағасыздан, жақсысын жаманынан шығаруы. Алла алтын мен күмісті тастан, жұпар иіссуды тышқаннан, амбраны мақұлықтың нәжісінен, балды жәндіктен, жібекті тікенектен, дүрияны құрттан, қантты шөптен, адам баласын ұрықтан шығарды».
Открыть в TelegramУмауия әулетінің соңғы билеушісі, халифа Мұхаммед ибн Маруанның уәзірі Убайдулла ибн Яхия: «Шешендік – бұқара халық түсініп, тектілер риза болып сүйінетін дүние» деп айтып отырады екен.
Открыть в TelegramБір кісі шайыр Әбу Нуасқа келіп: «Табытқа салынған мәйіттің қай жағымен жүрген дұрыс? Алдына түсіп жүрген дұрыс па? Жоқ әлде соңынан ерген дұрыс па?» деп сұрайды. Әбу Нуас іле-шала: «Бастысы табыттың ішінде болма! Қалғаны маңызды емес. Қалаған жағыңмен жүре берсеңші» деп жауап берген екен.
Открыть в TelegramАйтып тұрғаныңдай болсаң... Тумысынан көр жігіт көріксіз, қара әйелге үйленген екен. Әйел күйеуімен оңаша қалған бетте: «Сен менің әдемілігімді, көріктілігімді бір көрсең ғой шіркін! Маған деген махаббатың арта түсер еді» дейді. Әйелінің сөзін мұқият тыңдап шыққан жігіт: «Айтып тұрғаныңдай болсаң, көзі көретіндерден құтылып маған тимес едің ғой» деген екен.
Открыть в TelegramҚұстың үш өсиеті Бірде кішкентай құс торға түсіп қалады. Айламен тұзағына түсірген адамға: «Қожайын! Бұл өмірде біршама сиыр мен түйелерді құрбан еткен боларсың. Олардың етіне тоймаған сен, мына менің етіме тоймасың анық. Мені босат, ал мен саған үш өсиет айтамын. Біріншісін, қолыңда тұрып айтамын. Екіншісін болса, үйдің шатырына қонғанда айтамын. Ал үшінші өсиетті – ағаштың басында отырып айтамын. Маған сеніп, осы үш өсиетке құлақ асар болсаң, әлемдегі ең бақытты жан боласың»,- дейді. Әлгі адам құстың айтқанына сеніп, шартына келіседі. Сонда құс: «Қолыңда тұрып айтар ақылым: кім не айтса да, жөні жоқ дүниеге сенбе!» Аңшы берген уәдесінде тұрып, құсты қоя береді. Құс үйдің шатырына қонған бетте екінші кеңесін айтады: «Қолыңнан жіберіп алған мүмкіншіліктердің артынан опа жеп, өткеніңе өкінбе!» Екінші кеңесін айтқан әлгі құс ағаш басына қонып: «Үшінші өсиетімді айтпас бұрын мынаны айтайын: менің ішімде салмағы он дирхемдік өте қымбат, бағалы тас жатыр. Осы тастың арқасында байып кетуіңе болар еді. Сен ғана емес, ұрпағың түгел бай-дәулетті болар еді. Амал нешік, сен ол мүміндігіңді жіберіп алдың!»,- дейді. Мұны естіген әлгі адам ызадан айқайлап жібереді. Сонда құс: «Саған «Жіберіп алған мүмкіндіктердің артынан опа жеп, өткеніңе өкінбе»,-демедім бе? Бағалы тас қолыңнан ұшып кеткен соң несіне ашынып жатырсың? Әлде менің айтқанымды түсінбей қалдың ба? Мен «кім не айтса да, жөні жоқ дүниеге сенбе!», деген едім ғой. Арыстаным-ай, салмағы үш дирхемге жетпейтін әлсіз торғайдың ішінде он дирхемнің салмағындай жақұт тас қайдан болсын?»-, дегенде аңшы өзіне келіп: «Жарайды, олай болса, үшінші кеңесіңді айт»,- дейді. «Саған екі рет құлақ асар деп өсиет айттым. Енді үшіншісін сұрап тұрсың ба? Ұйқыда жатқан адамға өсиет айту – сортаң жерге дән еккенмен тең»,- деп самғап кете барыпты әлгі құс. Надандық пен білімсіздік ешбір жамауға келмейді. Олай болса, ондай жандар үшін даналық дәнегін бекер сарп етудің қажеті жоқ.
Открыть в Telegram