Суд обязал блогера выплатить более 43 млн тенге за фейки о «незаконном строительстве» ▪️Бостандыкский районный суд Алматы, рассмотрев дело по иску ТОО к Б. о защите деловой репутации и взыскании убытков, причиненных распространением недостоверной информации. ▪️Поводом для обращения в суд послужили публикации и видеоматериалы, размещенные Б. на YouTube-канале «Г» и в социальной сети Instagram «V», в которых ответчик распространял среди неограниченного круга лиц сведения о незаконности строительства ЖК и отсутствии у застройщика необходимых разрешительных документов. ▪️Судом исследованы представленные сторонами доказательства и заключения судебных экспертиз, на основании которых установлено, что распространенные Б. сведения не соответствуют действительности. ▪️Согласно заключению судебной экономической экспертизы, размер ущерба, причиненного ТОО в результате распространения недостоверных сведений, составил более 43 млн тенге. ▪️Суд удовлетворил иск частично: сведения, распространенные Б. на YouTube-канале «Г» и в аккаунте «Instagram» «V» признаны не соответствующими действительности и порочащими деловую репутацию ТОО, на Б. возложена обязанность в течение десяти календарных дней со дня вступления решения в законную силу опубликовать за свой счет опровержения на указанных интернет-ресурсах, а также удалить спорные публикации и фрагменты, в пользу ТОО с Б. взысканы убытки в размере более 43 млн тенге, а также понесенные судебные расходы. Решение суда не вступило в законную силу.
Открыть в TelegramПосты канала АЛМАТЫ СОТТАРЫ
Блогерге «заңсыз құрылыс» туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 43 млн теңгеден астам залал өндіру міндеттелді ▪️ Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Т» ЖШС-нің Б.-ға қатысты іскерлік беделін қорғау және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарату салдарынан келтірілген залалды өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады. ▪️ Сотқа жүгінуге Б.-ның YouTube желісіндегі «Г» арнасында және Instagram әлеуметтік желісіндегі «V» парақшасында жариялаған жазбалары мен бейнематериалдары негіз болған. Аталған материалдарда жауапкер белгісіз тұлғалардың кең ауқымына тұрғын үй кешенінің құрылысы заңсыз жүргізіліп жатқаны және құрылыс салушыда қажетті рұқсат құжаттарының жоқтығы туралы мәліметтер таратқан. ▪️ Сот тараптар ұсынған дәлелдемелер мен сот сараптамаларының қорытындыларын зерттей келе, Б. таратқан мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. ▪️ Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату нәтижесінде «Т» ЖШС-не келтірілген залалдың мөлшері 43 млн теңгеден астам соманы құрады. ▪️ Сот талап қоюды ішінара қанағаттандырды: Б.-ның YouTube желісіндегі «Г» арнасында және Instagram әлеуметтік желісіндегі «V» парақшасында таратқан мәліметтері шындыққа сәйкес келмейді және «Т» ЖШС-нің іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп танылды; Б.-ға сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өз есебінен аталған интернет-ресурстарда теріске шығару жариялау, сондай-ақ даулы жарияланымдар мен бейнематериалдардың үзінділерін жою міндеті жүктелді; «Т» ЖШС-нің пайдасына Б.-дан 43 млн теңгеден астам залал, сондай-ақ сот шығындары өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Открыть в TelegramОдин день из жизни суда ▪️С 2018 года специализированные межрайонные следственные суды в областных центрах, Астане и Алматы были выделены в отдельную вертикаль, с очень четкой миссией - вести судебный контроль на досудебной стадии, проверяя законность действий следствия, а также санкционирования мер, ограничивающих конституционные права граждан. ▪️Они не рассматривают уголовные дела по существу и не выносят приговоры – и эта исключительная функция принципиально отличает их от всех остальных судов. Слово - администратору следственного суда г. Алматы Алие Байбатыровой.
Открыть в TelegramСоттың бір күні ▪️ 2018 жылдан бастап облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары жеке сот жүйесі ретінде бөлініп, нақты міндет жүктелді. Ол – сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде тергеу органдары әрекеттерінің заңдылығына, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін шараларға санкция берудің негізділігіне сот бақылауын жүзеге асыру. ▪️ Бұл соттар қылмыстық істерді мәні бойынша қарамайды және үкім шығармайды. Дәл осы айрықша функция оларды басқа соттардан түбегейлі ерекшелендіреді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының әкімшісі Әлия Байбатырованың сөзіне құлақ түрейік.
Открыть в TelegramПочетными грамотами и Благодарственными письмами в честь праздника отмечены специалисты и сотрудники судов г.Алматы. ▪️Мероприятие продолжилось праздничным концертом с участием профессиональных хореографических коллективов, инструментальных и вокальных исполнителей, подаривших яркие впечатления и праздничное настроение. ▪️К празднику была приурочена и презентация книги судьи в отставке Светланы Баймухановой «Непростой путь судьи». С приветственным словом и презентацией издания выступил председатель Алматинского городского суда Арман Жукенов. ▪️Подчеркивая высокую значимость труда Светланы Баймухановой для судебного сообщества, он отметил ее многолетний вклад в развитие правосудия страны и в воспитание молодого поколения юристов. ▪️Ветеран судебной системы Светлана Баймуханова выразила благодарность руководству суда и всем присутствующим, отметив: «Символично, что наша встреча проходит в преддверии 30-летия Союза судей Республики Казахстан. В этом зале присутствуют мои коллеги-ветераны, отдавшие многие годы работе именно в этом здании. Написанная мною книга имеет важное значение для судей, юристов и широкой общественности и посвящена повышению статуса судей и защите их независимости, укреплению правосудия, а также судебной практике и в целом деятельности Союза судей», — отметила автор. ▪️Торжественную церемонию разрезания ленты в честь открытия презентации книги провели председатель Алматинского городского суда А. Жукенов и судьи в отставке А. Серіккелді, С.Сакенов, Г.Аккуова, О.Жексембинова и С.Абдрахман.
Открыть в TelegramВ честь Дня Республики ▪️В Алматинском городском суде прошло торжественное мероприятие, посвященное празднованию Дня Республики Казахстан. ▪️Поздравляя коллег с праздником, председатель Алматинского городского суда Арман Жукенов подчеркнул его глубокий исторический смысл: «От всей души поздравляю вас с Днем Республики – датой, занимающей особое место в истории нашей страны! 25 октября 1990 года была принята Декларация о государственном суверенитете, которая стала фундаментом нашей независимости. Свобода и суверенитет являются самым ценным достояние для любого народа, поэтому этот исторический документ имеет огромную значимость в судьбе страны и каждого казахстанца. ▪️В этом году состоялось еще одно важное событие: на республиканском референдуме 15 марта наш народ поддержал новую Конституцию. Принятие Основного закона повышает и нашу ответственность: каждое судебное решение должно отвечать его духу и букве. Сегодня судебная система динамично развивается. Особое внимание уделяется цифровизации, внедрению искусственного интеллекта, улучшению доступа к правосудию, укреплению судебной этики и повышению доверия граждан. ▪️Укрепление независимости и процветание государства являются нашей общей задачей. Желаю всем крепкого здоровья, благополучия и успехов в труде. Пусть процветает наш Казахстан!». ▪️В рамках торжественного собрания за образцовое исполнение служебных обязанностей, активную работу и вклад в развитие судебной системы состоялась церемония награждения судей, ветеранов и сотрудников судов. ▪️Медалью «Мінсіз қызметі үшін» I степени Верховного Суда РК награждена: судья Алматинского городского суда К.Абсиметова. Медалью «Мінсіз қызметі үшін» II степени Верховного Суда РК награжден судья Алматинского городского суда Б.Бурумкулов. Почетной грамотой Председателя Верховного Суда РК награждены: судьи Алматинского городского суда Д. Аймагамбетова, Ж. Карибаев, судья районного суда №2 Жетысуского района г. Алматы Н. Батырхан. Благодарственных писем Председателя Верховного Суда РК удостоены, судьи Алматинского городского суда Г. Рахимджанова, судья районного суда №2 Алмалинского района г. Алматы Н. Нуралинов. Судья Алматинского городского суда А. Рамазанов награжден Почетным знаком Союза судей РК «Үш би». Почетным знаком Союза судей РК «Судьялар одағының құрметті мүшесі» награждены судьи Алматинского городского суда в отставке М. Бектасова, И. Селицкая, С. Сакенов. Почетный знак Союза судей РК «Жеті жарғы» вручен судьям Алматинского городского суда Ж. Мусабекулы, І. Садбан, судье Бостандыкского районного суда г. Алматы А. Абайдельдиновой, судьям специализированного межрайонного экономического суда г. Алматы К. Утепову, А. Шакуал и судье Ауэзовского районного суда г. Алматы К. Алмабековой. Нагрудным знаком «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» награждены судья Алматинского городского суда Г. Заппарова, судья районного суда №2 Алмалинского района г. Алматы А. Канапьянова и судья районного суда №2 Медеуского района г. Алматы Ж. Мухамбетжан. Юбилейной медалью «ҚР Судьялар одағына 30 жыл» награждены председатель Алматинского городского суда А. Жукенов, председатель судебной коллегии по административным делам Алматинского городского суда М.Байгелов, судьи Алматинского городского суда Г. Алимбаева, Г. Рахимджанова, М. Тасыбекова, Н. Карабаев, а также судьи Алматинского городского суда в отставке Х. Шарифбаева, Х. Керимова, О. Жексембинова, С. Баймуханова. Юбилейной медалью награждены также Б. Лесбаев - председатель специализированного межрайонного следственного суда г. Алматы; Б. Даулетова, Д. Куйкабаева - судьи Медеуского районного суда г. Алматы; Г. Сагынбекова - судья специализированного межрайонного экономического суда г. Алматы, С. Накуллов - руководитель Департамента Судебной администрации РК по г. Алматы, Н. Ержанов - заместитель руководителя Департамента Судебной администрации РК по г. Алматы. Судьи Алматинского городского суда Г. Мушанова, А. Алтынхан награждены Почетной грамотой председателя Алматинского городского суда.
Открыть в Telegram▪️Іс-шара кәсіби хореографиялық ұжымдардың, аспаптық және вокалдық орындаушылардың қатысуымен өткен, жиналғандарға жарқын әсер мен мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламамен жалғасты. ▪️Мерекеге орай доғарыстағы судья Светлана Баймұханованың «Судьяның оңай емес жолы» («Непростой путь судьи») кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. Құттықтау сөзімен және басылымның тұсаукесерімен Алматы қалалық сотының төрағасы Арман Жүкенов сөз сөйледі. А.Жүкенов Светлана Баймұханованың сот қауымдастығы үшін атқарған еңбегінің жоғары маңыздылығын баса айтып, оның еліміздің сот төрелігін дамытуға және заңгерлердің жас ұрпағын тәрбиелеуге қосқан көпжылдық үлесін атап өтті. ▪️Сот жүйесінің ардагері Светлана Баймұханова сот басшылығына және барша қатысушыларға алғысын білдіріп: «Біздің кездесуіміздің Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқаны символдық мәнге ие. Бұл залда дәл осы ғимаратта көптеген жылдар бойы еңбек еткен менің әріптес-ардагерлерім отыр. Мен жазған кітап судьялар, заңгерлер және қалың жұртшылық үшін зор маңызға ие, ол судьялардың мәртебесін арттыруға және олардың тәуелсіздігін қорғауға, сот төрелігін нығайтуға, сондай-ақ сот практикасы мен жалпы Судьялар одағының қызметіне арналған», — деп атап өтті. ▪️Кітаптың тұсаукесері құрметіне салтанатты лентаны кесу рәсімін Алматы қалалық сотының төрағасы А. Жүкенов пен зейнеткерлікке шыққан судьялар А. Серіккелді, С. Сәкенов, Г. Аққуова, О. Жексембинова және С. Абдрахман жүргізді.
Открыть в TelegramРеспублика күніне орай ▪️Алматы қалалық сотында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. ▪️Әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, Алматы қалалық сотының төрағасы Арман Жүкенов бұл күннің терең тарихи мәнін атап өтті: «Сіздерді еліміздің тарихында ерекше орын алатын айтулы мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды, ол біздің тәуелсіздігіміздің іргетасы болды. Бостандық пен егемендік – кез келген халық үшін ең қымбат қазына, сондықтан бұл тарихи құжат еліміз бен әрбір қазақстандықтың тағдырында орасан зор маңызға ие. ▪️Биыл тағы бір маңызды оқиға орын алды: 15 наурызда өткен республикалық референдумда халқымыз жаңа Конституцияны қолдады. Негізгі заңның қабылдануы біздің жауапкершілігімізді де арттыра түседі: әрбір сот шешімі оның рухы мен әрпіне сай болуы тиіс. Бүгінгі таңда сот жүйесі қарқынды дамып келеді. Цифрландыруға, жасанды интеллектті енгізуге, сот төрелігінің қолжетімділігін арттыруға, сот әдебін нығайтуға және азаматтардың сенімін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. ▪️Тәуелсіздікті нығайту және мемлекеттің гүлденуі – біздің ортақ міндетіміз. Баршаңызға зор денсаулық, әл-ауқат және еңбекте табыс тілеймін. Қазақстанымыз өркендей берсін!». ▪️Салтанатты жиын аясында қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, белсенді жұмысы және сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін судьяларды, ардагерлерді және сот қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. ▪️ҚР Жоғарғы Сотының I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен: Алматы қалалық сотының судьясы К.Әбсіметова марапатталды. ҚР Жоғарғы Сотының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Алматы қалалық сотының судьясы Б.Бұрымқұлов марапатталды. ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының Құрмет грамотасымен: Алматы қалалық сотының судьялары Д. Аймағамбетова, Ж. Кәрібаев, Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының судьясы Н. Батырхан марапатталды. ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының Алғыс хатымен Алматы қалалық сотының судьясы Г. Рахимджанова, Алматы қаласы Алмалы аудандық №2 сотының судьясы Н. Нұралинов марапатталды. Алматы қалалық сотының судьясы А. Рамазанов ҚР Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды. ҚР Судьялар одағының «Судьялар одағының құрметті мүшесі» құрмет белгісімен Алматы қалалық сотының зейнеткерлікке шыққан судьялары М. Бектасова, И. Селицкая, С. Сәкенов марапатталды. ҚР Судьялар одағының «Жеті жарғы» құрмет белгісі Алматы қалалық сотының судьялары Ж. Мұсабекұлына, І. Садбанға, Алматы қ. Бостандық аудандық сотының судьясы А. Абайдельдиноваға, Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Қ. Өтеповке, А. Шакуалға және Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы К. Алмабековаға табысталды. «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен Алматы қалалық сотының судьясы Г. Заппарова, Алматы қ. Алмалы аудандық №2 сотының судьясы А. Қанапьянова және Алматы қ. Медеу аудандық №2 сотының судьясы Ж. Мұхамбетжан марапатталды. «ҚР Судьялар одағына 30 жыл» мерекелік медалімен: Алматы қалалық сотының төрағасы А. Жүкенов, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М. Байгелов, Алматы қалалық сотының судьялары Г. Әлімбаева, Г. Рахимджанова, М. Тасыбекова, Н. Қарабаев, сондай-ақ Алматы қалалық сотының зейнеткерлікке шыққан судьялары Х. Шарифбаева, Х. Керимова, О. Жексембинова, С. Баймұханова марапатталды. Сонымен қатар бұл мерекелік медальмен Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасы Б. Лесбаев; Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьялары Б. Дәулетова, Д. Куйкабаева; Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г. Сағынбекова, ҚР Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы С. Нақұллов, ҚР Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Н. Ержанов марапатталды. Алматы қалалық сотының судьялары Г. Мушанова, А. Алтынхан Алматы қалалық соты төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Мерекеге орай Алматы қаласы соттарының мамандары мен қызметкерлері де Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен атап өтілді.
Открыть в TelegramПереслано из ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
▪️Бизнестен түскен талап қоюлардың саны 11%-ға өскен, (7,3 мыңнан 8,2 мыңға дейін). ▪️Қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі 2,3%-ға артып, 53,4%-ды құраған. Инвесторлардың талап қоюлары бойынша оларды қанағаттандыру көрсеткіші дәстүрлі түрде жоғары деңгейде (74,2%). ▪️Кеңесті қорытындылай келе, Асламбек Мерғалиев сот жүйесін одан әрі дамыту сот төрелігінің сапасына, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға тұрақты назар аударуды талап ететінін атап өтті. ▪️Жоғарғы Сот Төрағасы судьяның кәсіби әдебі мен адамгершілік келбетіне ерекше назар аударып, жоғары этикалық стандарттарды сақтау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне түбегейлі төзбеу қажеттігін атап өтті. ▪️Оның айтуынша, әрбір сот шешімінің заңдылығы мен негізділігі қоғамның сот жүйесіне деген сенімінің негізі болып қала береді. #заңжәнетәртіп
Открыть в TelegramПереслано из ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Жоғарғы Сот 2026 жылғы 9 айдағы соттардың жұмысын қорытындылады ▪️Жоғарғы Соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев республиканың судьялар корпусымен кеңес өткізді. Онда 2026 жылдың тоғыз айындағы сот төрелігін іске асыру қорытындылары, сот практикасының негізгі үрдістері және сот төрелігінің сапасын арттыру жөніндегі одан арғы міндеттер қаралды. ▪️Соттардың азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша жұмысының нәтижелері, татуластыру рәсімдерін дамыту, баламалы жазалау шараларын қолдануды кеңейту және азаматтар мен бизнестің құқықтарын тиімді сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету басты назарда болды. ▪️Кеңеске Жоғарғы Соттың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов пен Назгүл Рахметуллина, Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Өміралиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы кассациялық, облыстық және оларға теңестірілген соттардың басшылығы қатысты. ▪️Кеңесті аша отырып, Асламбек Мерғалиев конституциялық реформалар сот билігінің тәуелсіздігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға жаңа мүмкіндіктер бергенін атап өтті. Осындай жағдайда сот шешімдерінің сапасы, сот практикасының бірізділігі және сот төрелігін жүйелі түрде жетілдіру ерекше маңызға ие. ▪️Азаматтық сот өндірісі бойынша істер санының 25%-ға артқаны атап өтілді (2026 жылдың 9 айында 1,6 млн іс пен материал қаралса, 2025 жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 1,3 млн-ды құраған). Аяқталған істер санының шамамен 28%-ға өсуі сот төрелігінің тиімділігін көрсетеді. ▪️Татуласу көрсеткішінің де артқаны байқалады (45,9%-дан 47,5%-ға дейін). Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда (МАЭС) әрбір екінші іс (89,6 мың) тараптардың бітімгершілік келісімге келуімен аяқталған. ▪️Аумақтан тыс соттылық тәртібімен 2 мыңнан астам іс бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,9%-ға көп. ▪️Қылмыс деңгейінің төмендеуіне байланысты, қылмыстық сот ісін жүргізу аясында соттарға түскен қылмыстық істер саны 1,3%-ға азайған. Сотталғандар санының 0,3%-ға өсуі қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа құрамдарының енгізілуіне байланысты. ▪️Соттар баламалы жазаларды тағайындау тәжірибесін белсендірек қолдануда. Айыппұл салу және қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалардың үлесі 22,2%-ға дейін өскен. Аталған жазалар жалпы саны 22,6 мың сотталған адамның 5 мыңына тағайындалған. ▪️Жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық аясында 285 адам (бұған дейінгі көрсеткіш - 248 адам) жазадан босатылды. ▪️Күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхаттарды қанағаттандыру үлесінің төмендеу үрдісі сақталды (63,2%-дан 61%-ға дейін). Қамауға алудан бас тартылған жағдайда үйқамаққа алу шарасын қолдану 16,2%-ға артқан (3 650 адаммен салыстырғанда 4 241 адамға қатысты). Электрондық білезіктерді қолдану көрсеткішінің де айтарлықтай өскені байқалады - 76,1%-ға (3 мыңға жуық адамға қатысты). ▪️Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаттарды қарау санының 5,8%-ға, жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы өтінішхаттар санының 5,7%-ға қысқаруы, сондай-ақ оларды қанағаттандыру көрсеткішінің тиісінше 45%-ға және 33,3%-ға дейін төмендеуі түрмедегі сотталғандар санының азаюымен және рақымшылықтан кейін сотталғандар құрамының өзгеруімен байланысты. ▪️Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің саны 2,4%-ға артып, 314 мыңды құрады. Арнайы құқықтан айыру жазасы 19%-ға, қамаққа алу 8,2%-ға, ескерту жасау 9%-ға жиі қолданылған. Қоғамдық жұмыстарға 7 мың адам тартылған. ▪️Заңдарға енгізілген түзетулерге байланысты сот практикасы өзгерген. ▪️Әкімшілік талап қоюлардың саны 15%-ға артқан (26 мыңнан 30 мыңға дейін өскен). Сот шешімдерінің 53%-ы азаматтардың пайдасына шығарылған.
Открыть в TelegramТурнир по мини-футболу ▪️17 октября 2026 года в спортивном комплексе футзального клуба «Кайрат» состоялся турнир по мини-футболу среди судей и сотрудников судебной системы города Алматы, приуроченный к празднованию Дня Республики Казахстан и к 30-летию Союза судей Республики Казахстан. ▪️За звание сильнейших боролись футбольная дружина судей и сотрудников Алматинского городского суда, а также сборные городских, районных и специализированных судов, объединенные в команды «Әйтеке би» (судьи и сотрудники СМЭС, Бостандыкского районного суда, суда №2 Бостандыкского района, Алмалинского районного суда, суда №2 Алмалинского района, Жетысуского районного суда, суда №2 Жетысуского района, Алатауского районного суда»; «Қазыбек би» (судьи и сотрудники Ауэзовского районного суда, суда №2 Ауэзовского района, Медеуского районного суда, суда №2 Медеуского района, Турксибского районного суда, Наурызбайского районного суда, межрайонного суда по административным правонарушениям); и команда «Төле би» (судьи и сотрудники следственного суда, административного суда, уголовного суда, суда по делам несовершеннолетних). ▪️Соревнования проходили в круговом формате. На спортивной площадке встретились представители разных поколений судебной системы действующие судьи, судьи в отставке и специалисты судов. ▪️По итогам турнира определились победитель и призеры. 1-е место заняли команда «Қазыбек би»; на 2-м месте – футболисты команды «Әйтеке би». На 3-4 ступеньку поднялись сборная Алматинского городского суда и команда «Толе би». Все футболисты показали сплоченность, проявив командный дух и стремление к победе, что создало атмосферу настоящего спортивного праздника, честной борьбы и взаимной поддержки. ▪️Определились и победители в номинациях. Так, звания «Лучший вратарь» был удостоен председатель Жетысуского уголовного суда Сержан Байболов, «Лучший снайпер» - судья Экономического суда Досбол Акетаев. «Лучшим игроком турнира» был признан судья Алматинского городского суда Нуржан Карабаев. ▪️Поздравив победителей и призеров, организаторы вручили им призы, пожелав всем участникам дальнейших спортивных достижений и успехов в профессиональной деятельности. ▪️Такие спортивные мероприятия в судах Алматы являются традиционными, показывая стремление судей и сотрудников администрации поддерживать здоровый образ жизни, укреплять корпоративную культуру и развивать среди представителей судебной системы добрые традиции.
Открыть в TelegramМини-футболдан турнир ▪️2026 жылғы 17 қазанда «Қайрат» футзал клубының спорт кешенінде Қазақстан Республикасы күніне және Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Алматы қаласының судьялары мен сот жүйесі қызметкерлері арасында мини-футболдан турнир өтті. ▪️Жеңімпаз атану үшін Алматы қалалық сотының судьялары мен қызметкерлерінен құралған команда, сондай-ақ қалалық, аудандық және мамандандырылған соттардың құрама командалары бақ сынады. Олар «Әйтеке би» (мамандандырылған экономикалық соттың, Бостандық аудандық сотының, Бостандық ауданының №2 аудандық сотының, Алмалы аудандық сотының, Алмалы ауданының №2 аудандық сотының, Жетісу аудандық сотының, Жетісу ауданының №2 аудандық сотының және Алатау аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері); «Қазыбек би» (Әуезов аудандық сотының, Әуезов ауданының №2 аудандық сотының, Медеу аудандық сотының, Медеу ауданының №2 аудандық сотының, Түрксіб аудандық сотының, Наурызбай аудандық сотының және әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьялары мен қызметкерлері); сондай-ақ «Төле би» (тергеу сотының, әкімшілік соттың, қылмыстық соттың және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың судьялары мен қызметкерлері) командаларына бірікті. ▪️Жарыс айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Спорт алаңында сот жүйесінің әртүрлі буындарының өкілдері қазіргі судьялар, отставкадағы судьялар және сот мамандары кездесті. ▪️Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 1-орынды «Қазыбек би» командасы иеленді. 2-орын «Әйтеке би» командасының футболшыларына бұйырды. 3–4-орындарды Алматы қалалық сотының құрама командасы мен «Төле би» командасы бөлісті. Барлық футболшылар ұйымшылдық танытып, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Бұл өз кезегінде нағыз спорт мерекесінің, адал бәсеке мен өзара қолдаудың атмосферасын қалыптастырды. ▪️Сонымен қатар жекелеген номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. «Үздік қақпашы» атағына Жетісу қылмыстық сотының төрағасы Сержан Байболов ие болды. «Үздік сұрмерген» аталымында Экономикалық соттың судьясы Досбол Акетаев жеңімпаз атанды. Ал «Турнирдің үздік ойыншысы» атағы Алматы қалалық сотының судьясы Нуржан Карабаевқа берілді. ▪️Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаған ұйымдастырушылар оларға сыйлықтар табыстап, барлық қатысушыларға алдағы уақытта спорттық жетістіктер мен кәсіби қызметте табыс тіледі. ▪️Алматы соттарында мұндай спорттық іс-шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл судьялар мен сот әкімшілігі қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және сот жүйесі өкілдері арасында ізгі дәстүрлерді дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Открыть в TelegramВ Алматинском городском суде проведен семинар по вопросам передачи судебных дел в архив ▪️В Алматинском городском суде проведен обучающий семинар с руководителями Администратора районных судов города Алматы, архивариусами и специалистами, ответственными за архив, за прием и учет архивных материалов. В центре внимания были вопросы оформления и передачи судебных дел в централизованный архив, а также выделения их на уничтожение. ▪️Заместитель руководителя Департамента судебной администрации по г.Алматы, уполномоченный по этике А. Жарылкасын обозначил основные задачи по обеспечению надлежащего ведения и сохранности архивных материалов. Руководитель централизованного архива судов г. Алматы А. Исабеков разъяснил порядок сдачи судебных дел в архив после вступления судебных актов в законную силу, а также требования к оформлению и комплектности дел перед передачей их в централизованный архив. ▪️Особое внимание было уделено соблюдению установленных сроков хранения архивных документов, проведению экспертизы их ценности и выделению дел к уничтожению в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан. ▪️В ходе мероприятия участникам разъяснили также практические вопросы, возникающие при приеме, оформлении, учете, хранении и передаче судебных дел в архив. ▪️Проведение семинара направлено на обеспечение единообразного применения требований архивного законодательства, повышение качества работы с судебными делами и совершенствование организации их архивного хранения в судах города.
Открыть в TelegramАлматы қалалық сотында сот істерін мұрағатқа өткізу мәселелері бойынша семинар өткізілді ▪️ Алматы қалалық сотында Алматы қаласы аудандық соттары Әкімшісінің басшыларымен, мұрағатшылармен және мұрағатқа жауапты, мұрағат материалдарын қабылдау мен есепке алуды жүзеге асыратын мамандармен оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында сот істерін рәсімдеу және орталықтандырылған мұрағатқа өткізу, сондай-ақ оларды жоюға бөлу мәселелеріне назар аударылды. ▪️ Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі Департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі А. Жарылқасын мұрағат материалдарын тиісінше жүргізу мен сақтауды қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттерді атап өтті. Алматы қаласы соттарының орталықтандырылған мұрағатының басшысы А. Исабеков сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін сот істерін мұрағатқа тапсыру тәртібін, сондай-ақ істерді орталықтандырылған мұрағатқа өткізер алдында оларды рәсімдеу және толық жинақтау талаптарын түсіндірді. ▪️ Мұрағат құжаттарын сақтаудың белгіленген мерзімдерін сақтау, олардың құндылығына сараптама жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес істерді жоюға бөлу мәселелеріне ерекше назар аударылды. ▪️ Іс-шара барысында қатысушыларға сот істерін мұрағатқа қабылдау, рәсімдеу, есепке алу, сақтау және өткізу кезінде туындайтын практикалық мәселелер де түсіндірілді. ▪️ Семинар өткізу соттарда мұрағат заңнамасы талаптарын біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге, сот істерімен жұмыс істеу сапасын арттыруға және оларды мұрағатта сақтау жұмысын ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталды.
Открыть в Telegram▪️В Алматинском городском суде состоялось очередное заседание комиссии по созданию в новом здании Алматинского городского суда музея истории судебной системы. ▪️В заседании приняли участие председатель Алматинского городского суда, заместитель руководителя Департамента судебной администрации по городу Алматы, заслуженный деятель Канапья Омарханұлы Омархан и другие члены рабочей комиссии. ▪️Комиссия рассмотрела собранные исторические материалы и документы, отражающие развитие судебной системы на различных этапах истории Казахстана, от периода Казахского ханства до современности. Среди предметов, которые планируется включить в музейную экспозицию – старинные печатные машинки, судебные мантии, архивные книги и исторические экспонаты, связанные с историей судебной системы. ▪️Сбор архивных документов, старинных судебных и печатных изданий, книг, фотографий и других материалов, имеющих историческую ценность, в настоящее время продолжается. Теперь предстоит детальное формирование исторической и документальной базы музея. Участникам заседания был представлен дизайн будущего музейного пространства, включая оформление экспозиций, порядок размещения музейных предметов, мебели и других элементов. ▪️По итогам заседания определен предстоящий объем работы: принято решение систематизировать собранные материалы и распределить будущую экспозицию по основным историческим блокам: период Казахского ханства и становление традиций правосудия; советский период и развитие судебной системы Казахской ССР; период становления независимого Казахстана и реформы судебной системы в 2000-е годы; современный этап развития судебной системы Казахстана. ▪️Работа комиссии продолжается. Предстоит дальнейший сбор исторических документов и музейных предметов, их систематизация, определение окончательного состава экспозиции и наполнение отдельных тематических разделов музея.
Открыть в Telegram